Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет8/15
Дата25.01.2017
өлшемі2,73 Mb.
#7670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

АКАДЕМИКТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясының кафедра меңгерушісі, РҒА академигі Абел Аганбегянды қабылдады. Танымал экономист бастаған ғалымдар тобы ақпан айында «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы» жобасын жасауға кіріскен еді. Сәуір айының басында өңірімізге келіп кеткен ғалымдар облыста табиғи ресурстарды, өндіріс, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және әлеуметтік салалар бойынша дамытуды қажет ететін бағыттарды сараптаған еді. Облыс әкімімен болған бүгінгі кездесуде ғалымдардың Астанада Үкіметте, маңызды министр­ліктер мен ведомстволарда болған кездесулердің қорытындыларына байланысты осы құжатқа енгізілген толықтырулар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты тың бастамалар талқыланды. Стратегияның толық жобасының нұсқасын ресейлік ғалымдар тамыз айына дейін дайындайды деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

Ұлы Жеңістің мерейтойын Сыр жұртшылығы ерекше мәнде тойлады. Бұл күні қала тұрғындары боздақтар рухына тағзым ету үшін Тағзым алаңына жиналды. Алаңда халықтың көптігі соншалық ине шаншар жер болмады.

«Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат» атауымен өткізілген мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған боздақтарды бір минут еске алудан басталды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, соғыс ардагерлері мен жиналған көпшілікті Жеңіс күнімен құттықтады.

– Биыл Жеңістің 68 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін және оларға теңестірілген 430 адамға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Біз бүгін мақтаныш етіп жүрген тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің негізі Сіздердің жанқиярлық ерліктеріңіз бен жасампаз еңбектеріңіздің заңды жалғасы. Бүгінгі мереке күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, Отанымызға бейбітшілік тілеймін. Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! – деп аймақ басшысы өз лебізін білдірді.

Мұнан соң шара әскери шеруге жалғасты. Жеңіс шеруіне 2019 әскери бөлімі, Қызылорда облысы қорғаныс істер жөніндегі департаменті, 5547 әскери бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті, облыстық кедендік бақылау департаменті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың әскери кафедрасы мен «дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы, сондай-ақ, «Жасампаз жасақ» еріктілер тобы сап түзеп өтті. Бірі әкесінің, бірі бауырының рухына тағзым ету үшін келген көпшілік шеруден соң гүл қою рәсіміне қатысты.

Айта кету керек, мерекелік шарада Алматы қаласының Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі де өз тартуларын жасады. Майдангерлерімізге деген құрмет мұнымен шектелмеді. Дала асханасында оларға арнап қарақұмықтан жасалған ботқа ұсынылды. Бейбіт күн аясында ботқадан дәм татқан қарттар бір-бірімен шүйіркелесіп, өткенді бір еске түсірді, кейінгі ұрпаққа алғыстарын білдіруді де ұмытпады.

– Бүгін бәріміз үшін де ерекше күн. Жеңістің 68 жылдық мерекесіне жетіп отырмыз. Менің айтарым, біздің көргенімізді ешкім көрмесін. Балаларымыз бақытты ғұмыр кешсін, бейбітшілігіміз баянды болсын. Жергілікті билікке бүгінгі көрсетіп жатқан көмектері мен құрметі үшін алғысымды білдіремін, – деді қарт майдангер Төлеген Жүнісов.

Сұрапыл соғыста қасық қаны қалғанша күресіп, кеуделерін оққа төсеп, елімізге жарқын өмір сыйлаған қарттарымызға қандай құрмет көрсетілсе де лайықты. Олардың ерлігін, елге жасаған еңбегін ешкім де ұмытпақ емес. Сондықтан да ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған Жеңіс мерекесі мәңгі жасай бермек.

//Сыр бойы.2013.-14.мамыр.- 2 б.

Айнұр БАТТАЛОВА

«БОЛАШАҚТЫҢ» БАҒДАРЫ – БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ КӨБЕЙТУ

ҚР Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі жылдың сәуір айының 22-сінен бастап «Болашақ» бағдарламасына жергілікті жерлерде құжаттар қабылдай отырып, еліміздің қалаларында құжаттар қабылдау ережесін түсіндіру мақсатында кең ауқымды ақпараттық науқан өткізуде.

Аталған ақпараттық кампания аясында кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында көшпелі брифинг өтті. Шараны ашқан облыс әкімі аппаратының басшысы Қанатбек Жайсаңбаев «Болашақ» бағдарламасының мақсаты мен маңызына тоқталды, сондай-ақ, бағдарлама бойынша білім алушылар арасында мемлекеттік қызметшілердің аздығын, әсіресе, Қызылорда өңірінің үлесі төменгі деңгейде екенін тілге тиек етті. Басқосуда сонымен бірге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжаттарды қабылдау және конкурсты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Досхан Құдайбергенов аталған бағдарлама бойынша конкурс ережесін, талаптарын жан-жақты түсіндірді.

Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы дарынды жастардың шетелде білім алуларына мүмкіндік беретін шешім қабылдап, соның негізінде «Болашақ» бағдарламасы өмірге келген болатын. Бүгінде аталған бағдарлама өзінің маңыздылығын мойындатты. Жалпы алғанда, бағдарлама шеңберінде 9250 стипендия тағайындалды. Қазіргі уақытта 2796 стипендиат әлемнің 33 еліндегі 200 үздік жоғары оқу орнында білім алуда.

ҚР Білім және ғылым министрлігі тұрақты негізде ел дамуының жаңа басымдықтарына сәйкес бағдарламаны жаңғыртып отыратыны белгілі. Осыған орай, 2011 жылы магистрлар мен PhD докторларын оқытуға назар аударылған «2015 жылға дейін «Болашақ» стипендиясын дамыту жоспары» қабылданды. Конкурсқа қатысуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында электронды мемлекеттік қызмет енгізілді. Яғни, бұл бойынша талапкерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Қазақстанның кез келген жерінен электронды үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Сонымен бірге кепіл мүлкіне қойылатын талаптар да алынып тасталды, кепілгерлік өлшемдері нақты бекітілді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беруде. Құжаттарды қабылдау 2013 жылдың 18 ақпанынан бастап 1 қазанға дейін магистратура, доктарантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бойынша жүзеге асырылатын болады. Конкурсқа шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскендер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өңірлердегі жоғары оқу орындарының ағымдағы жылғы түлектері, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлер қатыса алады. Бұл ретте магистратураға үміткерлер үшін шетелде 18 айға дейінгі, тағылымдамалар үшін алты айлық тілдік курстар көзделген. Сондай-ақ, кандидаттар үшін жас шектеулері алынып тасталғанын атап өткен жөн.

Басқосуды қорытындылаған облыс әкімі аппаратының басшысы Қанатбек Жайсаңбаев мемлекеттік қызметшілерді аталған бағдарлама бойынша конкурсқа қатысуға шақырды. – Бізде «Болашақ» стипендиясымен білім алушылар аз. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер арасында өте төменгі деңгейде. Қазіргі уақыт білім мен біліктің бәске түскен шағы. Облыс әкімінің ұстанымы да сол, біз мемлекеттік қызметшілер арасында білімді де білікті мамандардың көп болғанын қалаймыз және осыған көңіл бөліп отырмыз. Сондықтан талаптанушылар болса оларға қолдау білдіруге дайынбыз. Мақсатымыз – өңірімізде білімді де білікті мамандарды көбету, – деп мемлекеттік қызметшілерді аталған бағдарлама бойынша конкурсқа қатысып, бақ сынауға үндеді.

//Сыр бойы.-2013.- 18 мамыр.- 2 б.

Казыбек БОТАЕВ



КАК СТАТЬ СТИПЕНДИАТОМ ПРОГРАММЫ «БОЛАШАК»?

С 22 апреля Министерство образования и науки РК во всех областных центрах и моногородах проводит широкомасштабную информационную кампанию по разъяснению правил приема документов на международную стипендию «Болашак». Вчера в Кы-зылорде с представителями государственных органов встретился начальник отдела приема документов и организации конкурсов АО «Центр международных программ» МОН РК Досхан Кудайбергенов. На встречу с представителем АО «Центр международных программ», которая состоялась в зале заседаний областного маслихата, пришли руководители отделов кадров государственных учреждений, работники государственных органов, а также представители ряда ведомств. – Руководство области заинтересовано в том, чтобы было больше высококвалифицированных специалистов, – подчеркнул руководитель аппарата акима области Канатбек Жайсанбаев. – В настоящее время многие государственные структуры, в том числе и областной акимат, испытывают кадровый голод. И поэтому понятна заинтересованность госучреждений в подготовке кадров по программе «Болашак». Обязательное требование к обладателям стипендии «Болашак» – после завершения обучения они должны отработать в Казахстане в течение трех-пяти лет. Причина такой постановки вопроса в том, что некоторые выпускники после завершения обучения остаются за рубежом. А по закону каждый стипендиат должен отработать средства, которые на него затратило государство. Д. Кудайбергенов проинформировал собравшихся о том, что в 2012 году был внедрен программно-целевой метод подготовки кадров. Теперь, чтобы поехать учиться в рамках программы «Болашак», необходимо получить заявку от своего работодателя. – Другими словами, разрешение на обучение в рамках программы должен дать работодатель, – сказал Досхан Кудайбергенов. – В свою очередь он обязан сохранить рабочее место за тем, кого направил на учебу. В конкурсе могут принять участие люди, самостоятельно поступившие в зарубежные вузы, государственные служащие, научно-педагогические работники, выпускники региональных вузов текущего года, медицинские и инженерно-технические работники. При этом для претендентов на магистратуру предусмотрена языковая подготовка за рубежом до 18 месяцев и полгода для стажировки. Еще одно новшество нынешнего года.

//Кызылординские Вести.-2013.- 18 мая.- С. 2

Наука — производству

Мира ЖАКИБАЕВА



ЗАТРАТЫ МЕНЬШЕ, ВСХОДЫ ГУЩЕ

Наши ученые ведут интенсивные поиски новых технологических приемов обработки почвы, направленные на сохранение и повышение плодородия почвы, а также на сокращение трудовых, денежных и энергетических затрат. Наиболее перспективные – минимальная (безотвальная) и нулевая технологии обработки почвы. – При выращивании риса проводится до 12 операций по подготовке почвы к севу риса и используется большое количество разнообразной сельскохозяйственной техники, а также посевы долгое время находятся в воде, – говорит доктор сельскохозяйственных наук ТОО «НИИ рисоводства» Лаура Тохетова. – Такая технология связана с большими финансовыми затратами и оросительной воды. Нами же предложен способ минимальной обработки почвы лапчатым культиватором. Если применять культиватор, то поверхность чека будет ровной, что позволит экономить воду. По результатам эксперимента всхожесть семян оказалась высокой – 38,4-38,8 процента и выживших к уборке растений было 97,4 процента. При обычном севе всхожесть и выживаемость растений ниже, так как прорастающие семена риса при затоплении слоем воды 12-15 сантиметров получают мало кислорода. Недостаток его приводит к снижению количества всходов и потере многих семян. При минимальной обработке почвы экономия ГСМ составила свыше 35 процентов, а урожайность риса оказалась 49,1-50,8 центнера, по сравнению с традиционной технологией – 45,4 центнера. Подготовка почвы к посеву риса при этом оказалась малозатратной, не разрушающей выравненность поверхности поля техникой, и потребность риса в воде удовлетворялась при снижении уровня воды до 10 сантиметров. Результаты исследований показывают, что при предлагаемой технологии затраты на подготовку почвы к посеву снижаются более чем на 25, семян – на 20, оросительной воды – минимум на 20-25 процентов. Эту технологию можно успешно внедрить во всех рисосеющих фермерских хозяйствах и сельхозпредприятиях, независимо от площади и количества полей в севообороте. Переход к почвозащитным ресурсосберегающим технологиям с использованием лапчатых культиваторов исключает недобор урожая. Также при использовании этой технологии можно сохранить однажды выровненную поверхность рисовых чеков на всю ротацию севооборота.


//Кызылординские Вести.-2013.-23 мая.-С.2.

КӘСІПТІК БІЛІМ

Еркін Әбіл,

КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙГЕН КОЛЛЕДЖ
Елбасы Н.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде еліміздегі техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын дамыту және жаңарту қажеттілігін атап айтқан болатын. Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіптік білім беру жүйесі экономиканың заманауи талаптарына және маңызды индустриялық басымдықтарға сай болуы қажеттілігі ескеріліп, саланы әрі қарай жетілдіру көзделініп отырғандығы бәрімізге белгілі. Өйткені, еліміздің болашағы кәсіптік мектеп түлектері боларына еш шүбә келтіре алмаймыз.

Елбасы Үкімет пен облыс әкімдеріне өндірістік кәсіпорындар мен индустриялық аймақтарды, сауда-саттық пен жоғары технологияларды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар беріп, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне ерекше назар аудару керектігін де тапсырған болатын. Осыған орай Арал көпсалалы колледжінің директоры Ерлан Әлиевпен әңгімелескен едік

Әңгімемізді кәсіптік мектептің қысқаша тарихынан бастасақ...

– Арал көпсалалы колледжінің іргесі 1959 жылы қаланған екен. Содан бері осы уақытқа дейін еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандар даярлап келгені мәлім. Бүгінгі таңда олардың көбісі республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқанынан хабардармыз. Училище алғашқы жылдары жыл сайын 60 механизатор әзірлеген болса, бертін келе әр түрлі мамандық бойынша 200-250 жұмысшы мамандары даярланып, мамандықтары бойынша кеңшарлар мен ұжымшарларға, басқа да өндіріс орындарына жұмыстарға алынып отырған.

Училищеге 1980 жылдан бастап түрлі техника түрлері алына бастаған. Осы жылдары училище­де мамандыққа қоса орта білім беретін үш жылдық оқу бағдарламасы бекітілген. Осы уақыт­тары училищеде слесарь, ауыл шаруашылығының электромонтері, шоферлар мен электромотор ораушы, кіші мал дәрігері, шопан-механизатор, тракторист-машинист, трак­торист-комбайншы, егінші-механизатор, тағы басқа мамандар даярланып келген.

Осы оқу орнының қазіргі оқу-өндірістік базасы талапқа сай келе ме?

– Колледжде бұрынғы лицейдің ізімен 24 білім беру кабинеттері бар. Оқу-өндірістік зертханалары талапқа сай кезек-кезегімен жаңартылып жатыр. Бүгінде слесарьлық шеберхана, жаңа автотракторды жүргізу тренажеры, техникалық күтім жасау пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар студенттеріміздің заман талабына сай білім алуына жаңа үлгідегі оқу кабинеттері іске қосылып, интерактивті тақталармен, компьютерлермен жабдықталған. Ал, оқу орнының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуда, студенттерге дәріс беретін теориялық кабинеттер, оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханалар жаңа заманға сай келетін оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз. Кейбір мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар алынып, электромонтер, дәнекерлеу мамандықтарына өндірістік оқуға қажетті арнайы киімдер алынды. Теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында су жаңа МТЗ-80 маркалы «Беларус» тракторы, «Нива» жеңіл автокөлігі және автокөлік жүргізуді үйренуге арналған электронды автотренажер алынып, өз алдына кабинет болып жабдықталынды. Бұрынғы компьютерлерге қосымша жаңадан 26 компьютер алынып, студенттер игілігіне берілді.

Әлбетте, кәсіптік мектеп болғандықтан оқушыларды мамандыққа тәрбиелейтіндігі белгілі. Соған сәйкес бүгінгі таңда қандай мамандық түрлерін дайындап жатырсыздар?

– Колледжіміз заман ағымына, қоғам талабына сай 13 мамандық түрін даярлайды. Атап айтар болсақ, «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», «Ауылшаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Ферма шаруашылығы», «Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші», «Дәнекерлеу ісі», «Ғимараттар мен үйлерді салу және пай­далану», «Жол құрылысы машиналарын техникалық пайдалану, бульдозер машинисі», «Газ жабдықтау жүйесі мен монтаждау және пайдалану, газ құбырларын жөндеуші слесарь», тағы басқа мамандықтар бар. Бұл мамандықтардың берілу барысында мамандықтың қыр-сырын, техниканың тілін білуге үйрету, электрлі жабдықтармен жұмыс істей алуға, құрылыс кешендерінің сызбасын құрастыруға баулып келеміз.

Осыдан бірер жыл бұрын Білім және ғылым министрлігі құрамында техникалық және кәсіптік білім беру департаменті құрылған болатын. Соған байланысты осы саланы жетілдіру, жүйелі дамыту мақсатында республикалық ғылыми әдістемелік орталық құрылды. Астана, Алматы, Қарағанды, Шучье, Шымкент және Орал қалаларында техникалық және кәсіптік білім жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі өңіраралық орталықтар ашылған болатын. Сол орталықтарда біздің бірнеше оқытушыларымыз бен өндірістік оқу шеберлеріміз білім жетілдіру курстарынан өтіп қайтты. Алған білімдерінің нәтижесі де жаман емес.

«Білім мен тәрбие – егіз», «Тәрбие – білім негізі» деген сөздер білім беру саласында жиі айтылады. Ендігі сөз кезегін тәрбиеге берсек.

– Колледжіміздің оқу-тәрбие жұмыстары рухани-адамгершілік, эстетикалық, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру, отбасы, азаматтық-патриоттық, құқықтық және поли­мәдениеттік, дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатына негізделген және осы бағыттармен жұмыс жасап келеміз. Мәселен, жыл сайынғы Ұлы Жеңісті мерекелеуге арналған аудандық іс-шарадағы «Тағзым» алаңына гүл шоқтарын қойып, майдангерлерді еске алу шарасына ұйымшылдықпен қатысамыз. Осы мерекеге сай ауданда жыл сайын өткізілетін белгілі спортшы, ардагер И.Д.Шульга атындағы дәстүрлі эстафетада лицей командасы жүлделі орындардың бірінен көрініп келеді. Оқушыларымыз Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының «Дарбаза» шатқалында жыл сайын өтетін жас туристердің облыстық слетінен де зор табыспен оралып жүр. Баскетболдан облыстық кәсіптік лицей қызметкерлері арасында өткізілген турнирде лицей командасы ІІ-ші жүлделі орынды иеленсе, дүниежүзілік ту­беркулезге қарсы күніне орай ұйымдастырылған «Мен туберкулезді тоқтата аламын!» атты аудандық айлыққа қатысқан лицей оқушылары өз білімдері мен біліктілігін көрсетіп келеді. Наурыз мейрамы қарсаңында колледжде «Қазақтың ұлттық ойындары» атты студенттер арасында сайыстар ұйымдастырылып, тартысты өткізіліп отырылады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне байланысты тұсау кесу, бесікке салу, қыз ұзату, сүндетке отырғызу, үйленіп, үй болу сияқты ұлттық нақышқа негізделген тәрбие сағаттары мен кештер жиі ұйымдастырылып отырылады. Қазіргі таңда колледжде ешқандай құқық бұзушылық жағдайлары тіркелген жоқ. Тәртіп бұзуға және қылмыс жасауға бейім-ау делінетін студенттер үнемі бақылауға алынып отырады.



Оқушылардың ішіндегі қамқорлықты қажет ететіндер үнемі киім-кешекпен қамтамасыз етіліп келеді. Сонымен бірге оқу орнынан зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді жыл сайынғы Қарттар мерекесі күніне шақырып, сый-сыяпаттар жасауды дәстүрге айналдырғанбыз. Білім мен тәрбие – егіз. Осы екеуінің басы-қасында жүрген колледж ұстаздары мен өндірістік оқу шеберлерінің жұмыстары ауқымды деп айтуға әбден болады. Үкіметтің қолдауымен Арал көпсалалы колледжі 4-5-тік бағаға үлгеретін студенттерді шәкіртақымен қамтамасыз етуді биылғы жылдан бастап қолға алып отырмыз. Бұл оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыластарын туғызатындығына сеніміміз мол. Жағдайымыз жақсарып, көкжиегіміз кеңейген сайын ел игілігіне жарайтын жас мамандарды тәрбиелеу жолында жұмыс жасай бермекпіз.
//Сырбойы.-2013.- 28 мамыр.-3 б.

Мәдениет

Библионочь-2013

ЧАЙ, КОФЕ, ПРЕДСТАВЛЕНИЯ
Во Всемирный день книги и защиты авторского права, почитатели книги, книголюбы и книгочеи, книжные эстеты и гурманы собрались в областной универсальной научной библиотеке им.А.Тажибаева на открытие «Библионочи». Это масштабное сетевое событие, в котором объединены все, кто понимает, какое огромное значение имеют для людей литература, книги и чтение. В эту ночь библиотека открыла свои двери для читателей, представив им культурную программу с участием литераторов, музыкантов, художников и артистов. В программу мероприятия были включены литературные чтения, посвященные творчеству поэтессы Фаризы Онгарсыновой. Детский отдел библиотеки провел увлекательную интеллектуальную игру «Поле чудес». В зале «Балдырган» красиво было оформлено ночное звездное небо. Зал освещался разноцветными сверкающими огоньками. Игра прошла увлекательно, участники отвечали на вопросы блиц-викторины, играли в дартс, надували шарики, рисовали, отгадывали загадки, вспоминали пословицы, совершали путешествие по Казахстану. Победителями интеллектуальной игры стали журналист Каршыга Есимсеитова, писатель-эколог Сайлаубай Жубатыров, читатель Райкуль Сейдахметова с детьми Исламом и Дауреном. Проведение ежегодного конкурса «Папа, мама и я – читающая семья» стало доб-рой традицией в библиотеке им. Тажибаева. Конкурс состоял из следующих заданий: «Визитная карточка семьи», «Реклама книги», «Литературный конкурс», «Веселые вопросы» – блиц-викторина, «Почти буриме» – сочинялки, «Театральный конкурс», «Умелые руки – не знают скуки» – выставка поделок (семейное хобби) и т.д. В конкурсе приняли участие семья Аскаровых, представляющая среднюю школу №198; семья Ли – школа- лицей №23 им. Ж Кизатова; семья Таукебаевых – школа-лицей №5. Победители конкурса награждены ценными подарками и дипломами. Спонсором конкурса выступил Кызылординский городской филиал НДП «Нур Отан». Семье Таукебаевых, занявшей первое место, вручена почетная лента победителя «Читающая семья года». Отдел абонемента областной библиотеки им. А. Тажибаева провел ток-шоу «Книга, Интернет, молодежь». Бытует мнение, что появление Интернета представляет угрозу для бумажных источников. Да, сегодня удобнее и дешевле читать электронные книги. Новые технологии позволяют переводить информацию любого вида в цифровой формат, становятся всё более доступными для пользователей. Но всё-таки большинство читателей предпочитает традиционные книги. Им важно, чтобы книгу можно было подержать в руках, полистать страницы, поработать с книгой, сделать какие-то пометки. Обо всем этом шла речь на ток-шоу. Состоялась акция буккроссинга «Прочитал – передай другому!», целью которой явилось бесплатное распространение книг, владельцы которых пожелали передать свои любимые сокровища из рук в руки. Историю своего начала он берёт в Европе,

затем приходит в Америку, потом захватывает Россию, а теперь и Казахстан. Идею буккроссинга предложил специалист по интернет-технологиям Рон Хорнбекер в мае 2001 года, которая заключается в следующем: человек, прочитав книгу, оставляет («освобождает») её в общественном месте, будь это парк, кафе, поезд или ж/д станция для того, чтобы другой, случайный человек, мог эту книгу найти и прочитать. В читальном зале библиотеки было организовано литературное кафе-бар «Журегiннiн жылуын кiтапка бер». Его гостями были писатель-эколог Сайлаубай Жубатыров, журналист Каршыга Есимсеитова, молодые поэты Биболат Сатжанов, Серикжан Жузеев, Елжас Абилда, Кенжетай Кайракбаев. Сказочные персонажи встречали гостей и сопровождали к праздничным столикам. Гостям было представлено меню литературного кафе-бара: кофе – литературная викторина, напитки – литературное представление, сладости – разминка (игры), десерт-награждение. Зрителям было представлено литературно-театрализованное представление с участием активных читателей. Ингредиенты: 500 г «поэзии», 1 шт. «главный персонаж», 2 ст. ложки «массовки», 1 ч.л. «актерского мастерства», 100 процентов – «от чистого сердца», щепоточка – «горькой правды». Все перемешать. Отдел искусств библиотеки организовал встречу с исполнителями устной песенной традиции. Цель – пропаганда традиционного музыкального искусства, ознакомление слушателей с творчеством талантливой молодежи. На встречу были приглашены концертмейстер КГУ им. Коркыта Ата М. Сугурбаев, студенты этого университета К. Туркпенова, М. Бекпейсов и др. «Библионочь - 2013» показала, что библиотека – это место, где кипит жизнь, где происходят интересные события и где можно собираться для общения всем желающим, независимо от возраста и социального положения.


//Кызылординские Вести.-2013.-4 мая.-С.5



Владимир ВОРОБЬЕВ
КОМПЬЮТЕР ДРУЖИТ С КНИГОЙ
Всё началось с идеи научить машину считать целые числа. Около 1500 года великий деятель эпохи Просвещения Леонардо да Винчи разработал эскиз 13-разрядного суммирующего устройства. Это была первая попытка решить указанную задачу. Первую же действующую машину построил в 1642 году знаменитый французский физик, математик и инженер Блез Паскаль. Затем учёные и изобретатели из разных стран постепенно довели компьютерную технику до нынешнего состояния, которое нам хорошо знакомо и привычно. Современное поколение молодых людей свободно владеет компьютерами и чувствует себя в Интернете как рыба в воде, но общаться с книгами не может. Это мешает студентам и учащимся школ получать информацию из богатого книжного источника. В читальном зале научно-технической библиотеки КГУ им. Коркыта-ата прошла тематическая выставка «Мир и история вычислительной техники», посвящённая всемирному Дню книги и авторского права. Главная цель этой вы- ставки – познакомить студентов и молодых читателей с фондом библиотеки и научить их работать с книгами. Для создания экспозиции сотрудники библиотеки изучили более пяти тысяч книг, рассказывающих об истории создания и современном состоянии вычислительной техники. 980 наиболее интересных изданий составили основу выставки. Вся литература была разделена на тридцать разделов: «Информатика», «Языки программирования», «Алгоритмы», «Компьютерная графика», «Человек и компьютер», «Современные информационные технологии», «Справочники и словари», «Защита информации» и другие. В фонде библиотеки есть очень нужные для студентов книги, такие как «Англо-русский словарь по вычислительной технике», «Толковый словарь по вычислительным системам» (Dictionary of Computing), «Web дизайн» (Б.Леонтьев) и другие, но они в единственном экземпляре. После завершения работы выставки было сделано шестьдесят четыре заявки на сканирование книг.

//Кызылординские Вести.- 2013.- 21 мая.- С.4


Каталог: ntb -> doc
doc -> Қазақстандағы жоғары білім
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Қазақ поэзиясының дүлділі
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет