Мазмұны: i-бөлім. Тақырыптық сөзжұмбақтар


Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт?(Ақсұлама)



бет5/24
Дата03.11.2023
өлшемі214,65 Kb.
#189262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
биология тапсырмалары

6. Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт?(Ақсұлама)
7. Жалпақ құрттардағы қорғаныш және тірек қызметін атқаратын түзіліс?(Сірқабық)
8. Бауырсорғыштың кірпікшелі дернәсілінің аралық иесі? (Тоспаұлу)
9. Бұған дейін тірі ағзаларда болмаған, алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жаңа жүйе? (Зәршығару)
10. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? (Гельминтология)
Сө зжұмбақ тақырыбы: "Жұмыр құрт".

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:

1.Қант қызылшасына зиян келтіретін жұмыр құрт өкілі? (Жіпшеқұрт)
2. Жылқының құйрық қылына ұқсас шумақталған жіңішке (тұрқы 1 м) жұмырт құрт? (Қылқұрт)
3. Жұмыр құрттардың екінші ортаңғы қабаты? (Гиподерма)
4. Жұмыр құрттардың сыртқы қабаты? (Сірқабық)
5. Ішқұрттармен күрес шараларын зерттеген ғалым? (Скрябин)
6. Аналығының ұзындығы 150см, жуандығы -0,2 мм шамасында болатын жұмыр құрт өкілі? (Суыртқы)
7. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт? (Үшкірқұрт)
8. Үшкірқұрттың аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі? (Құйрық)
9. Жұмыр құрттардың сірқабықты тастауы? (Түлеу)
Сөзжұмбақ тақырыбы: "Буылтық құрт".


Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары:
1. Нағыз топырақ қопсытқыш буылтық құрттар? (Шұбалшаң)
2. Сүліктің сілекей безінен бөлінетін ерекше ақуызды зат? (Гирудин)
3. Нереиданың түсі қандай? (Жасыл)
4. Дәрілік мақсатта қолданылатын буылтық құрт? (Сүлік)
5. Буылтық құрттардың қантарату жүйесі? (Тұйық жүйе)
6. Буылтық құрттарда тұңғыш рет пайда болған тұйық жүйе? (Қанайналым)
7. Нереида аяғының қызметін атқаратын мүше? (Қылтан)
8. Нереида буылтық құрттардың қай класына жатады? (Көпқылтанды)
9. Көпқылтанды құрттардың өкілі? (Құмқазар)
10. Буылтық құрттардың айрықша қозғалыс мүшесі? (Параподия)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет