Мазмұны: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Құс қораларының микроклиматы



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі53,23 Kb.
#94529
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жасулан-Гигиена

2.3. Құс қораларының микроклиматы
Құс қораларының микроклиматы нашар болса жас құстардың өсіп-дамуы тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық шығыны 30-40 % артып, құстың, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Ірі құстардың, онымен қоса ересек жас құстардың қораларындағы ауаның температурасының, қыс айларында, төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33ºС артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға - 26ºС жоғары болмауы керек.
Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың жұмыртқасы 18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі – 50-60 % жоғарлайды. Құстар организміне жоғарғы температураның зиянды әсерін азайтудың жаз айларында, бірден-бір тиімді жолы қорадағы ауа қозғалысының жылдамдығын жоғарлатып (2,0-2,5 м/сек) организмнен жылу тарауын арттыру болып есептеледі.
Құс қораларының ауасының ылғалдылығының жоғарлауы азықтағы көректі заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып соғады. Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен қораларда болуы оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.
Құрғақ ауа – салыстырмалы ылғалдылық 50 % төмен болғанда құстардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, қауырсындарының сынғыштығына апарып соғады. Ауа ылғалдығы 35 % дейін төмендесе құстар арасындағы өлім-жітімге ұшырау 14 % оданда жоғары болады. Ондай жағдайда ауаның ылғалдылығын қалыпты мөлшерге дейін көтеру, ауаның шаң-тозаңын басып, бактериялармен ластануын азайтып, құстардың сақталу пайызын арттырып және өсу салмағын жоғарлатады.
Жылдың ауыспалы мезгілдерінде салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшерін тауықтар, күрек тауықтар, цесаркалар және құрлардың қораларының ауасында 75 пайызға дейін, ал үйректермен қаздар үшін 85 пайызға дейін жоғарлатуға рұқсат етіледі. Ауа райының суық кездерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ересек тауықтар мен күрек тауықтардың қораларында 40-50 % дейін, ересек қаз және үйректерге – 60 %, ал олардың жас шібилері үшін – 50 % дейін төмендетуге болады.
Жылдың суық мезгілдерінде қора ауасының қозғалысының жылдамдығы – 0,5 м/сек жоғары болмауға тиіс.
Құстардың қораларының ауасында аммиактың мөлшері қалыптан көп болса, олардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, мазасыздандырып және көз кілегей қабатына сіңіп көз ауруы-кератоконьюнктивит (аммиакты токсикоз) туына әсер етеді. Әсіресе бұл ауру жас құстарда басқа вирусты және бактериялық инфекциялармен қосылып (инфекциялық ларинготрахеит, бронхит т.б.) жиі өлім-жітімге ұшыратып, шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіреді.
Егер, құстардың қораларының ауысындағы аммиактың мөлшері қалыпты болғандағы (15 мг/м³) өнімділігін 100 % тең деп бағалаған болсақ, ауадағы газдың мөлшері 30 мг/м³ дейін көтерілсе жұмыртқалауы 21,8 % төмендеп, өлім-жітімге ұшырауы – 2,2 есе жоғарлап, ал аммиактың концентрациясы әр куб.м ауада 40 мг дейін ұлғайса, жұмыртқа – 37,3 % келіп, өлім пайызы – 3 есеге артады. Құстардың денсаулығы мен өнімділігіне ауаның шаң-тозаңдар және микроорганизмдермен ластануы да айтулы әсерін тигізеді. Қора ауасындағы шаң-тозандардың мөлшері жоғарлаған кезде ауа желдеткштерінің қуаты – 18-20 % төмендеп, жылу құбырларының (калориферлердің) өткізгіштік қасиеттері – 40-60 % азаяды.
Құс қораларындағы қалыпты микроклиматты (оптималды) қамтамасыз ету үшін таза ауаны жоғарғы аймакқа кіргізіп, ал ескі ластанған ауаны төменнен шығарып отыратын тиімді ауа алмастыру жүйелерін, көбінесе механикалық түрлерін пайдаланады. Құстардың таза ауаға сұранысы басқа сүт көректі малдармен салыстырғанда, әр кг тірі салмаққа шаққанда, екі есе артық болады. Сондықтан ауа алмастыру жүйелерінің жеткіліксіз жұмыс жасауы құстардың өсіп-дамуына және өніміне зиянды әсер етеді.
Құс қораларындағы технологиялық процесстерді жаппай механикаландырудың салдарынан өндірістік шудың молайып, олардың өніміне және жұмыртқа сапасына теріс әсерін тигізеді. Шудың мөлшері 90 дБ болып, бір сағат бойына әсер етсе жұмыртқалайтын тауықтар стресс жағдайға ұшырап, алынған жұмыртқалардың беріктілігі төмендеп, сынуы 4,6-12 % дейін көбейеді. Сондықтан құс қораларындағы өндірістік шулардың мөлшері 60 дБ жоғары болмай, қысқа мерзімдерде 90 дБ аспауы керек.
Қорадағы жарық шамасы құстардың жыныс бездерінің қызметін (функциясын) арттырып, жұмыртқалауын жоғарлатады. Сондықтан құс қоралары қалыпты жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін табиғи тәсілмен жарықтандырумен қатар жасанды жолдармен – электр шамдарын орнату арқылы жарықтандырады.
Құс қоралырында зоогигиеналық норматив бойынша жарық коэфициенті, яғни жарықтанатын еденнің ауданын, жарық түсетін терезелердің әйнектерінің ауданына қатысы 1:8 ден 1:12 дейін болып, ал еттік бағытта ұстайтын құстарда 1:20 болуы қажет. Құстар қораларын жарықтандырудың бағалауы тек жарық мөлшерімен ғана емес, жарықтанудың ұзақтығымен де жүргізіледі.
Құс қораларында жарықтанудың ұзақтығы тәулігіне 12-13 сағат болуы қажет. Ондай шаманы, әсіресе қыс айларында жасанды жарық көздері арқылы қамтамасыз етеді. Қосымша жарықтандыруды қазан айынан тәулігіне 2 сағат, қантарда 5-7 сағат пайдаланып, наурызда тоқтатады.
Құстарды клеткада ұстағанда, әсіресе жұмыртқалайтын тауықтарға жарық шамасы жеткіліксіз болып, денсаулығы нашарлап, өнемі төмендемеу үшін балық майын беріп, ультра-күлгін сәулелерін арнайы шамалардың көмегімен эритемді (ЛЭ-15, ЛЭ-30) және тікелей сынапты – кварцты құрылымдарды пайдаланады.
Сынапты – кварцты ДРТ-400, ДРТ-1000 типті шамдар қорада немесе клетка батареяларының аралығында 0,5 немесе 1 м минутына жылдамдықпен өздігінен жүріп тұратын құрылымға орнатылады. Механикаландырылған батареяларда шамдар азық таратқыштарға бекітіледі. Көбінесе азық таратқыш рамаға еденнен 0,9 және 2 м биіктікте екі шам бекітіледі.
Өте қолайлы болып ЛЭ-15, ЛЭ-30 типті эритемді шамдар есептеледі. Оларды еденнен 2,0-2,5 м биіктікте бір шамға 15-20 м² ауданнан есептеп, тұрақты бекітіледі. Мұндай құрылыммен жұмыртқалайтын тауықтарды тәулігіне сәулелендіру ұзақтығы 6-8 сағат, қора ауасының ылғалдылығы жоғары, температурасы 10 ºС төмен болса, эритемді шамдар нашар жұмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет