Мазмұны I. Кіріспе. ІІ. Құстарға биологиялык; сипаттама



бет1/5
Дата31.01.2018
өлшемі2,48 Mb.
#37195
  1   2   3   4   5
МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе.

ІІ. Құстарға биологиялык; сипаттама.

III. Оңтүстік Қазақстанда сирек кездесетін құстарға

жалпы сипаттама.

IV.Құстарды қорғау.

V.Фенологиялық бақылаулар.

VI. 7-8 сыныптарының жануартану

пәніндегі «Құстардың шығу тегі» (54)

тақырыбына сабақтық жоспар.

VII.Қорытынды.

VIII.Пайдаланыған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбею біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).

Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.

Қазіргі кезде жер бетінде құстардың 9000-ға тарта түрлері, бұрынғы КСРО-да шамамен 800-дей және Қазақстанда 498 түрі мекендейді. Осы заманғы құстар 28 отрядқа топтастырылады. Жойылып кету қауіпі бар және, сирек кездесетін құстардың 200 түрі мен 83 тұртармақтары ХТҚО-ның, 80 түрі бұрынғы КСРО-ның және 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.


2. Құстарға биологиялық сипаттама

Тері жамылғы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатына ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрылықта тіршілік ететін құстарда болмайды.

Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршықтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрелірінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды.

Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.

Қалыпты — контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды. Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанаттың артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды - қақпа (маховые) қауырсындар, құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын қауырсындары - қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.

Қалыпты қауырысындардың астыңғы жағында ұсақ - мамық қауырсындар орналасады. Бұл қауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды — нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететін құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі — организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі. Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады. (ешкіемер, қарлығаш). Ауада ұшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемдердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.

Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.

Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1-3-ке дейін түлейді.

Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға амфибилерге және рептилелерге қарағанда құстардың бұлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол үшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге өрмелеуте және тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер денес келетіне орналасып, екінші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бұлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қонғанда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгіліп бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түседі де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.

Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақтарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтардың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық еттің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бекиді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлденең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақтарымен бұтақты бүргенде, сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, бұл бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді қүс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.

Скелеттің ұшуға бейімделуіне және құрылықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; терінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде қуыстың болуынан, терінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.

Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкөз жөне құйымшақ-құйрық бөлімдерінен қалыптасады.. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцелъдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез қимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқаларының құрылысына үқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.

Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және құйымшақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мүндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.

Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйетерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құйымшақ омыртқалармен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10-22) тек қана құстарған тән күрделі сегізкөз-құйымшақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы қүйрық омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады — мұны құйрық сүйек немесе пигостилъ деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі болып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді.

Құстардың бас сүйегінің - құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек құстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің үстіңгі жағынан - қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы - жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан — бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты — буынды сүйектен және тері тектес — тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады.

Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.



Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінің рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар. Құстардың бас сүйегінің рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешіліктері де бар: құстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен болады; құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қолайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұқа және жіктері өте ұсақ, сондықтан дами сауыты мықты және жеңіл болады.

28 - с у р е т. Көгершіннің канкасы:

1 - мойын омыртқалар; 2 - көкірек (кеуде) омыртқалар; 3 - құйрық омырткалар: 4 - құйыршық сүйек; 5 - ілмек өскіні бар қабырраның жоғарғы бөлімі: 6 - қабырғаның кұрсақ бөлімі; 7 - тес; 8 - төс қыры; 9 - жауырын; 10 - коракокд; 11 - бұғана; 12 - ток.пан жілік; 13 - кәрі жілік; 14 - шынтақ сүйек; 16 - алақан сүйек; 6-1 - саусақ; 17 - 11 - саусақ; 18 - III - саусақ; 19 - мықын сүйек; 20 - шонданай сүйек; 21 – шап сүйек; 22 - ортан жілік; 23 - асықты жілік; 24 - сирақ: 25 - артқы аяғының 1 - саусағы; 26 – артқы аяғының IV - саусағы;

Қанаттары және иық белдеуі - ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Каракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң жақ және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны "айыр" сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді.

Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері өзгермеген, керісінше нашар дамыған.



Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонадай сүйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, оң және сол жамбас сүйектерінің құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қапталған жұмыртқа тууына байланысты болған.

Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан түрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі — асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі - сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы келіп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриондық даму кезінде осы жоғарыда көрсетілген сүйек — табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бірқатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.

Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.



Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпішілк жері қалың мүйізді дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері "қалтасы" болады.

Құстардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі - өте ұзын, жіңішке болады. Оның ұстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.

Сілекей бездері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бездері жоқтың қасында (мысалы, ешкі емерде). Сүр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды. Оны жүрт "қарлығаштың ұясы" деп дұрыс атамайды. Жыртықш құстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады.

Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т.б.) өңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қортылатын (қуыс) кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан үт" деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.



Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден — етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден - құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады. Мысалы, насеком жемді және жыртқыш құстардың ет қарыны нашар дамыған. Дәнмен қоректенетін құстарда ол жақсы жетілген.

Өсімдіктердің ірі, жас бөліктермен қоректенетін тауық тұқымдас құстардың қарыны басқалармен салыстырғанда соншалықты жақсы дамыған. Құстардың аш ішегі едәуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-біріне ажырату қиын. Көпшілік құстардың аш және тоқ ішектерінің артқы бөлімінің ұштасқан жерінде, екі кішкене тұйық өсінді болады, оны фабрициев қалтасы деп атайды. Бұл өсінділердің атқаратын жұмыстары әлі толық анықталмаған, ал кейбір мәліметтерге қарағанда, гормон шығаратын ішкі секреция бездерінің қызметін атқаруы мүмкін. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қалтаның көлемі кішірейе түседі.

Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен құралады. Өт көпшілік құстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.

Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшеліктерін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын болады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы — ішегінің қысқа, қарынның екіге бөлінуіне әкеліп соққан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі қоректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет