Мазмұны жыл тақырыбы, мақсаты мен міндеттері 3



бет11/76
Дата25.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#145018
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
Сабақты бақылау парағы, СЛАЙД - ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЫҚТИМАЛДЫҚ, Анализ работы со слабоуспевающимися нна конец уч года, Серикова Аяулым менеджмент срсп4, Серикова Аяулым менеджмент срсп3
Оқу жылы

Үлгерімі

табысты (сапа)

2014-2015

100

17,6

2015-2016

100

19

Оқу жылының соңына 9 сыныптардан 111 оқушы қалды. Оқу жылын барлық оқушы аяқтаған жоқ, «жақсы» деген бағаға 24 оқушы, «үздік» деген бағаға 1 оқушы аяқтады.


Жыл қорытындысы және 9-сынып емтихандарының салыстырмалы кестесі мынадай:






Қазақ тілі

Орыс тілі

Математика

9-шы сыныптар

2015-16
оқу жылы

емтихандар

2015-2016
оқу жылы

емтихандар

2015-16
оқу жылы

емтихандар

«5»-ке оқығандар (%)

7/
6,3%

14/
12,8%

3/
2,7%

7/
6,4%

8/
7,2%

27/
24,7%

«4»-ке оқығандар (%)

32/
28,8%

35/
32,1%

36/
32,4%

49/
44,9%

34/
30,6%

31/
28,4%

Білім сапасы (%)

35,1%

45%

35,1%

51,4

37,8%

53,2%

Бастауыш мектеп түлектерінің оқыту деңгейі анализі, 4 жыл бойы оқушылардың үлгерімі 100% құрайтынын көрсетті. 4-ші сынып оқушыларының білім сапасы жыл соңында 68% құрады.


Бастауыш мектеп оқушылары келесі оқыту пәндері бойынша мынадай көрсеткіштермен орта буынға ауысты:



сыныптар

қазақ тілі

Орыс тілі

математика

әдебиет

«5»-ке оқыған (%)

Сапа %

«5»-ке оқыған (%)

Сапа %

«5»-ке оқыған (%)

Сапа %

«5»-ке оқыған (%)

Сапа %

4

31%

77%

30%

81%

32%

77%

53%

93%




Бастауыш сынып түлектері үшін орта буынға ауысу үлкен сынақтан өту болып табылады, сондай-ақ алған білімдерін 5-ші сыныпта дәлелдеу күрделі сын. Бастауыш сыныпта алған біліміне орта буынға ауысқанда бағалауға болады. Сондықтан бастауыш мектептен 5-ші сыныпқа ауысқан кезде негізгі жеке пәндер бойынша білім сапасы жүйелі түрде тексеріліп отырады. Келесі кестені қарастырайық:



сыныптар

қазақ тілі

Орыс тілі

математика

әдебиет

«5»-ке оқығандар (%)

Сапа %

«5»-ке оқығандар (%)

Сапа %

«5»-ке оқығандар (%)

Сапа %

«5»-ке оқығандар (%)

Сапа %

2014- 2015 оқу жылы 4-ші сынып

24%

66,00%

20%

61,00%

27%

63,00%

49,6%

82,00%




2015 -2016 оқу жылы 5-ші сынып

18%

58%

20%

66%

10%

50%

41%

88%

Анализ кестесіне қарағанда 4-сынып оқушыларының бірқатары оқудан шығып кетті, бірақ орнына басқа оқушылар келді, сол себепті 5-сыныптарда білім сапасы біршама өзгерді, демек математика пәні бойынша - 13%, қазақ тілі пәнінен - 8%, төмендегені байқалады, ал орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім сапасының көтерілгендігі байқалады, орыс тілі - 5%, орыс әдебиеті - 6%.
Қазақ тілі бойынша білім сапасының 8% төмендеуіне байланысты үздіктер саны 6%-ға қысқарды.
Математика пәні бойынша білім сапасының 13% төмендеуіне байланысты үздіктер саны 17%-ға қысқарды.
Орыс тілі пәні бойынша білім сапасының 5% төмендеуіне байланысты үздіктер саны 20% -ға қысқарды.
Ал орыс әдебиеті пәні бойынша білім сапасы 8,6% төмендеуіне байланысты үздіктер саны 6%-ға қысқарды.
Өткен оқу жылына қарағанда, көбіне 5-ші сыныптар өз білімін, білігін растап шықты, бірақ математикадан білім сапасы төмендегені байқалады. Мұғалімдер ұжымы әрдайым өзгеруде, сол себепті 5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде, 4-5 сыныптар сабақтастығы мәселесін педкеңес отырыстарында, семинарларда талқыланып, пән мұғалімдері балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, пәндер бойынша жүйелі түрде оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіп отыру қажет.
Өткен оқу жылы профильді оқыту бағдарламасын 61 оқушы игеріп шықты, оның ішіндегі 39 – 11-сынып түлектері.
2015-2016 оқу жылындағы профильді даярлықты ұйымдастыру нәтижелері



Профильді пәндер

11-сынып оқушылар саны

Оның ішінде,

ҰБТ нәтижелері
(профильді пән бойынша өткізілсе),
білім сапасы, үлгерімі

Пәндерді профильді деңгейде оқыған оқушылардың қалалық пән олимпиадаларына қатысу нәтитижелері

Қорытынды аттестаттау негізінде профильді пәндерді таңдаған, 11-сынып оқушылар саны



ЖОО түсу кезінде профильді деңгейде оқытылған пәндерді таңдауға ұсынылған, 11-сынып оқушылар саны



Математика

39

Міндетті

Міндетті

13,7 балл

0

Физика

39

14

12

15,1 балл

0

III. МЕКТЕП ҚЫЗМЕТІ – ҮРДІС




1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындалуы туралы


Павлодар қаласының №43 орта мектебінің «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңының» және тілдерді қолдану мен дамытудың 2014 – 2016 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015-2016 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалу барысы бақылауға алынды.


ҚР Үкіметінің «Тіл туралы Заңының» сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережесіне сәйкес мектепішілік 2015-2016 оқу жылына құрылған іс-шара аясында жұмыстар өткізілді.
Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралардың орындалуы мектепішілік бақылауға алынып, директордың қатысуымен өтетін отырыстарда 4 рет тыңдалды.
Биылғы оқу жылында мектепте 15 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі жұмыс істеді. Оның ішінде 6 жоғары санатты, 3 бірінші санатты мұғалім, 6 екінші санатты мұғалім жұмыс істеді. Барлық мұғалімдер жоғары білімді. Барлық мұғалімдер уақытында өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады.
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік отырыстарында қазақ тілі пәнін оқыту жағдайы, мемлекеттік стандарттың орындалуы, оқу сапасының мониторингі, жаңа технологияларды қолдану барысы және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
Мектеп бойынша мемлекеттік тілді оқытуға оңтайлы жағдай жасалған. Мектепте қазақ тілі кабинеттерінің саны – 3, оның ішінде №9 кабинет лингофондық кабинет ретінде жабдықталған. Басқа кабинеттерде дидактикалық материалдар жүйеленіп, көркем әдебиеттерімен толықтырылды. Мұғалімдер қазақ тілінен электрондық оқулықтарды пайдаланып, тақырыптарды топтап, интерактивті тақтаға салып, актив-студио желісі арқылы сабақтар жүйесін жинақтауда лингофондық кабинетті тиімді қолданады.
2015-2016 оқу жылдарында 6-б сынып негізінде қазақ тілін тереңдетіп оқыту жалғасын тапты. Бұл сыныптарда жоғары білікті, тәжірибелі мұғалімдер Хамитова С.Л., Ахметжанова Г.С. сабақ берді. Мұғалімдер Павлодар облысы педагог кадрларының біліктілігін арттыру институты бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істеді.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік жұмыстары өз деңгейіне қойылған. Оқу жылына нақты жоспар құрылған, мақсат, міндеттері дәл айқындалады. Әр мұғалімнің алдына нақты міндеттер қойылады. Пән бойынша сыныптан тыс оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес «Туған жер – қасиетті мекенім» (5- сыныптар арасында) жұмыс істеді. Үйірмелердің қорытындысы бойынша жылдың соңында тіл мамандары есеп беріп, оқушылардың портфолиоларын өткізді.
Сондай-ақ мұғалімдер жыл сайын қалалық шығармашылық топтарға белсенді қатысады. Облыстық «Қазақ тілі мен әдебиетінен қосымша дәптер құрастыру» бойынша Хамитова С.Л., электрондық кешен құрастыру бойынша Долголевец А.К., «Қазақ тілінен 1-4 сыныптарға арналған дидактикалық материалдар құрастыру» шығармашылық тобында Мұқажанова Б.Е., «Қазақ тілінен 5-11 сыныптарға арналған бақылау жұмыстарының өлшем бірліктерін құрастыру» шығармашылық тобында Уныйбаева Д.С. Өз еңбектерінің нәтижесі ретінде жыл бойғы жұмыстарын жинастырып, жүйеге салды. Келесі оқу жылында бұл шығармашылық топтар жалғасын табатын болады.
Дарынды балаларды айқындау және оларды дамыту, білім мазмұнын толық игермеген оқушылармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша мұғалімдер жоспарға сай әдістемелік бірлестікте қарастырып, жұмыс жолдарын айқындады, бірақ бұл мәселелер оқу жылы барысында шешімін таппады.
Оқушыларды ҰБТ-ге үнемі алдын-ала дайындау мақсатының іс-шаралары қатаң түрде бақыланады және мемлекеттік бағдарламаны, білім беру стандартының орындалуын жүйелі басқару және бақылау бөлігінде қаралуы жыл бойы жоспарланып, мектеп директорымен бекітілген сабақ кестесі негізінде қосымша сабақтардың өткізілуі қамтамасыз етілді. ҰБТ- ге тиімді дайындау мақсатында «Тіл білу - өнер» факультативі жұмыс жасады.
Мектеп бойынша мемлекеттік тілде баспасөзге жазылу жұмысы дұрыс шешіліп отыр, мемлекеттік тілдегі басылымдар 56% құрайды, жалпы алғанда «Егеменді Қазақстан», «Сарыарқа самалы» газеттеріне, «Аңыз адам», «Бала би», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», «Найзатас», «Балдырған», т. б. газет, журналдарға жыл сайын жазылу қолға алынған.
Кітапхана қоры қазақ тіліндегі көркем, танымдық, мұғалімдер үшін әдістемелік көмек ретінде әдістемелік басылымдармен толықтырылуда. Мектеп кітапханасында жыл бойы қазақ халқының тілі мен әдебиетін дәріптеу мақсатында кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу – мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудағы ең өзекті мәселелернің бірі. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу үшін нормативтік құжаттар басшылыққа алынды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» №151-1 Заңын, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы «Жалпы білім беру метептерінде мектепішілік құжаттаманы жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» №19 бұйрығын басшылыққа ала отырып іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жұмысы бақылауға алынған.
Мектеп бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жргізу мәселесі директордың жанындағы кеңесте жыл сайын қаралады. Мектеп әкімшілігі тарапынан іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге жағдай жасалған, аудармашы жеке компьютерде жұмыс істейді. Мектеп бойынша құжаттардың мемлекеттік тілде рәсімделу жұмысы жоспар бойынша іске асуда.
Күнделікті жұмыста қалалық білім беру бөлімінен, басқа құзырлы мекемелерден мемлекеттік тілде түскен құжаттарға, ақпараттық материалдарға, хат-хабарларға байланысты анықтамалар, жауаптар мемлекеттік тілде жіберіледі.
Педагог кадрларының жеке еңбек шарты, бұйрықтар кітабы, алфавиттік кітап, сынып журналының беттері, оқушылардың табельдері, педагогикалық кеңестерінің, директордың жанындағы отырыстардың, әдістемелік отырыстардың хаттамалары, кіріс, шығыс құжаттары, бухгалтерияға шаруашылық мәселелері жөнінде түскен хаттарға жауап, мектеп сайты екі тілде жүргізіледі.
Кіріс құжаттарын, шығыс құжаттарын дайындау және өңдеу тәртібі, ішкі құжаттармен жұмыс тәртібі, құжаттардың орындалуын бақылау, азаматтар өтініштерімен жұмыс та екі тілде жүргізіледі.
Көрнекі ақпараттардың, маңдайшалардың, мектеп мөрінің рәсімделуінде тіл заңнамасының сақталуы қамтамасыз етіледі. Мектеп бойынша іс - шаралар жоспары, сценарийлері екі тілде жүргізіледі.
Мектепте мектеп қызметкерлері үшін «Қазақшаңыз қалай?» (бастауыш топ), «Қайнар бұлақ» (жалғастырушы топ) үйірмелері жұмыс істеді. Мұғалімдер арасында қазақ тілін оқыту үшін 3 топ құрылған. Осы топтарда қазақ тілі мұғалімдері жоспар бойынша сабақ жүргізеді. Сабақтар аптасына 3 рет өтеді, дегенмен, мектеп қызметкерлері арасында қазақ тілін оқыту жұмысы дұрыс жолға қойылмай тұр, өйткені мектеп екі ауысымда жұмыс істейтіндіктен мұғалімдердің уақыты табыла бермейді және құлшыныс танытып отырған мұғалімдер саны да аз. Бұл - біздің күрделі мәселе.
Мемлекеттік тілді оқыту аясында Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау, қазақ халқының дәстүрін дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетіп, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу алға қойылып отырған бүгінгі күннің басты міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет