Мазмұны кіріспе 3 i-тарау


Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану



бет6/10
Дата01.10.2023
өлшемі316,5 Kb.
#183229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы

2.2. Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі
Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын самал жел. Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі - ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса. ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе. әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап шығаруға үйрету керек.
Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертек құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, кай халық ертегісі екенін айтуы керек.

Екінші бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан оқылады. Шарты - ертегінің атын табу және жалғастырып айту.


Үшінші бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез-келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.
Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты - оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады. Осы тұрғыда жазылған 4-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы мазмұны және құрылымы жағынан да жаңартылды. Бұл сыныптағы оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударады. Көркем шығармада сан алуан кұбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз аркылы бейнеленеді. Сондай-ақ оқулықта халық тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, I.Жансүгіровтің, М.Әуезовтің т.б. көптеген қазақ жазушыларының және басқа ұлттардың да көрнекті ақын-жазушыларының туындылары жинақталған. Жалпы алғанда, «Ана тілін» оқу барысында балалар өздеріндей кішкентай балалардың және үлкен адамдардың ерлік істерімен, еңбек жолымен танысу арқылы қоғам игілігіне адал еңбек етуге, адамгершілікке, шыншылдыққа бірін-бірі және үлкендерді сыйлап, кішіпейіл, қайырымды болуға төрбиеленеді. Туған еліміздің мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен кұбылыстарды байқай білу, теңдесі жоқ таңғажайып әсемдікті бағалай алу, елін, жерін қадір тұтып, құрметтеп өсуге тәрбиеленеді. Сондай-ақ оқулықтағы материалдар қасиетті халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен оқушыны таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю, аталар дәстүрін көздің қарашығындай сақтап жалғастыру, туған жерін қорғау сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді. «Ана тілі - ой өсіреді, Ана сүті бой өсіреді» , ел басынан кешірген тарихи көркем шығармалар оқуш қабілеттерін арттырады.
Оқулыққа өдебиет теориясы элементтерінен — ертегі, жыр, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, аңыз, шешендік сөздер жөніндегі балаға бұрыннан таныс теориялық мәселелер тереңдетіліп берілсе, шығарманың тақырыбы мен идеясы, теңеу, эпитет, кейіптеу, портрет, монолог, диалог, пейзаж, мінездеу жөнінде жаңадан немесе толықтырылған түрде мәліметтер берілді. Оқулықтағы материалдар төмендегідей бөлімдер бойынша орналастырылады:
I бөлім. Арналы бұлақ - асыл сөз.
II бөлім. Туған өлкем — тұнған шежіре.
III бөлім. Туған жерім — тұғырым, өскен елім — өзегім.
IV бөлім. Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі.
V бөлім. Менің алыстағы достарым.
Әр бөлім оқушыларға бұрыннан таныс кейіпкерлер Зерделі мен Талапбектің және олардың атасының (жаңадан қосылған кейіпкер) эвристикалық әңгімесімен басталып, аяқталады.Әрбір бөлім соңында тест-тапсымалары берілген.Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай оларға берілетін тапсырмаларды репродуктивтік және шығармашылық деп екі топқа бөлуге болады. Репродуктивтік тапсырмалар бұрын білгенді, оқығанды еске түсіру, жаңаны хабарлаушы міндеттерін көздейді. Оған берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтіндермен жұмыс жасау, түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жаттығулар, мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша мәтінді мәнерлеп оқу және шығармадағы көркем сөздерді тауып, дәптерлеріне көшіріп жазу т. б. жұмыс түрлері жатады.
Шығармашылық тапсырмаларға оқушыларды іздендіретін өз бетінше өлең немесе әңгіме құрастыру, шығарма жазу, мәтінді толықтырып айтып беру, мәтінді сөйлесу (диалог) арқылы әңгімелеу, көлемді шығармаларды жинақтап, кысқартып әңгімелеу, оқыған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу, оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу, сурет бойынша әңгіме кұрастыру жатады. Материалдар бастауыш сынып оқулықтарына сай мынандай тақырыптар бойынша топтастырылған:
I. Халық ауыз әдебиеті үлгілері.
II. Туған жерім, өскен елім.
III. Адам болам десеңіз...
IV. Дидактикалық ойындар.
Әр бөлімдегі тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделендіріліп, «жеңілден ауырға қарай» дидактикалык принципке сай іріктеліп алынған.
Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек... Сыныпта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе, тек отырудан, ауаның бұзылуынан. Сон-дықтан, сабақ уақытында балалар қолайлы болмай бара жатса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып, сыныптың ауасын жаңартуы керек. Бір сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып, отырғызып, гимнастика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда бала серігіп қалады»,— деп ойынның, кызғылықты жаттығулардың балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды кұрал екенін атап көрсетеді
Ертегіні оқытуда жаңа әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» маңызы ерекше деп ойлаймын. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын күнделікті сабағыма қолданып отырамын. Сын тұрғысынан ойлау-сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Осы әдісті Ана тілі пәнінің «Ғажайып бақ» ертегісін түсіндіре отырып пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет