Мазмұны кіріспе азаматтық ҚҰҚЫҚТЫҚ объектілерінің ҰҒымы мен түрлері



бет7/8
Дата08.12.2023
өлшемі59,39 Kb.
#195747
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мадияр курсавой

1) Опцион – оған сəйкес бiр тарап (опцион сатушысы) екiншi тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келiсiлген жағдайларда пəтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзiне мiндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келiсiлген жағдайлары деп мынадай мiндеттi шарттарды келiсу түсiнiледi: базалық активтiң түрi, базалық активтiң жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтiң бағасы (страйк – опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзiмi (опционның қолданылу кезеңi), опционның түрi. Егер опционды сатып алушы өзi сатып алған құқықты iске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледi.
2) Своп – оған сəйкес тараптар келiсiлген шарттармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдердi айырбастау жөнiнде пəтуаласатын туынды қаржы құралы.
3) Форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келiсiлген шарттарда базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын туынды қаржы құралы. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.
4) Фьючерс – сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгiленген стандартты шарттарға сəйкес базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетiн туынды қаржы құралы.
Мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нəтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер жəне бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға əмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тəртiбiмен не өзге де əдiспен еркiн берiледi немесе ауысады. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы жəне басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер жəне жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын əуе жəне теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi. Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiле мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты жəне онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi. Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалған мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге мiндеттi. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Мемлекеттiк тiркеу тəртiбi жəне тiркеуден бас тарту негiздерi қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi. Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кəсiпорын деп танылады. Кəсiпорын тұтасымен мүлiктiк кешен ретiнде қозғалмайтын мүлiк деп танылады Мүлiктiк кешен ретiнде кəсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) жəне, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi. Кəсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру жəне заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге жəне тоқтатуға байланысты басқа да мəмiлелер объектiсi болуы мүмкiн. Мүлiк бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз – бөлу нəтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк. Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз – өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк. Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi. Егер əртектi заттар оны бiрiгу мəнi белгiлейтiн мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат (күрделi зат) деп қаралады. Күрделi зат жөнiнде жасалған мəмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады. Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған жəне ортақ шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi. Мүлiктердi пайдалану нəтижесiнде алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдаланушы адамға тиесiлi болады. Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар туралы жалпы ережелер қолданылады. ҚР АК 125 бабында интеллектуалдық меншік ұғымы берілген. Азаматтық Кодексте жəне өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тəртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерiне жəне оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi жəне т.б.) ерекше құқығы танылады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нəтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады. Қызметтiк жəне коммерциялық құпия Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын жəне ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе 96 коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз əдiстермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма-қол төлеп жəне қолма-қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттерi, тəртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi жəне олар арқылы мəмiлелер жасау тəртiбi заң құжаттарында белгiленедi. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады. Қаржы құралы – операциялар нəтижесiнде бiр ұйымның қаржылық активiмен бiр мезгiлде басқа ұйымда қаржылық мiндеттеме немесе үлестiк құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары. Қаржылық актив – ақшасын, басқа ұйымның үлестiк құралын бiлдiретiн кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi алуға немесе өзi үшiн ықтимал тиiмдi жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн жəне бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы мiндеттi болатын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң белгiленген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының белгiленген санына кез келген өзге тəсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт. Қаржылық мiндеттеме – ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi басқа ұйымға беру немесе өзi үшiн ықтимал тиiмсiз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық 97 мiндеттемелерiмен алмасудың шартты мiндеттемелерiн бiлдiретiн кез келген мiндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн жəне бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын беретiн жəне беруге мiндеттi болатын туынды емес құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң тiркелген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының тiркелген санына кез келген өзге тəсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт. Үлестiк құрал – ұйымның барлық мiндеттемелерi шегерiлгеннен кейiн қалатын оның активтерiндегi қалдық үлесiне құқығын растайтын кез келген шарт. Туынды қаржы құралдары – болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргiзудi көздейтiн, құны шарттың базалық активiнiң мөлшерiне (мөлшердiң ауытқуын қоса алғанда) тəуелдi шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар жəне осы белгiлерге сай келетiн басқа да туынды, оның iшiнде жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары жатады. Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, пайыздық ставкалар жəне нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары туынды қаржы құралдарының базалық активтерi болып табылады. Туынды қаржы құралдардың түрлері: 1) Опцион – оған сəйкес бiр тарап (опцион сатушысы) екiншi тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келiсiлген жағдайларда пəтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзiне мiндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келiсiлген жағдайлары деп мынадай мiндеттi шарттарды келiсу түсiнiледi: базалық активтiң түрi, базалық активтiң жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтiң бағасы (страйк – опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзiмi (опционның қолданылу кезеңi), опционның түрi. Егер опционды сатып алушы өзi сатып алған құқықты iске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледi. 2) Своп – оған сəйкес тараптар келiсiлген шарттармен базалық 98 активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдердi айырбастау жөнiнде пəтуаласатын туынды қаржы құралы. 3) Форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келiсiлген шарттарда базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын туынды қаржы құралы. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады. 4) Фьючерс – сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгiленген стандартты шарттарға сəйкес базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетiн туынды қаржы құралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет