Мазмұны кіріспе азаматтық ҚҰҚЫҚТЫҚ объектілерінің ҰҒымы мен түрлері


МҮЛІКТІК ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАР



бет4/8
Дата08.12.2023
өлшемі59,39 Kb.
#195747
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
мадияр курсавой

2 МҮЛІКТІК ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАР
2.1 Мүліктік және мүліктік емес игіліктер
Мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нəтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер жəне бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға əмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тəртiбiмен не өзге де əдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.
Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс. Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар) жол берiлетiн заттардың түрлерi заңдарда белгiленедi.
Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы жəне басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер жəне жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын əуе жəне теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, «өзен-теңiз» жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн. Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Заң құжаттарында көрсетiлгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлiкке құқықтарды тiркеу талап етiлмейдi.
Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мəмiле мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Қозғалмайтын мүлiкке құқықты жəне онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы орган құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша тiркелген құқық немесе мəмiле туралы құжат беру арқылы не тiркеу үшiн табыс етiлген құжатқа жазба жасау арқылы тiркеуден өткендiгiн растауға мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалған мəмiленi мемлекеттiк тiркеу жария түрде өтедi. Тiркеудi жүзеге асырушы орган жасалған тiркеу мен тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға беруге мiндеттi.
Қозғалмайтын мүлiкке құқықты немесе онымен жасалатын мəмiленi мемлекеттiк тiркеуден бас тартқан не тiркеуден негiзсiз жалтарған жағдайда сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк тiркеу тəртiбi жəне тiркеуден бас тарту негiздерi қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiленi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кəсiпорын деп танылады. Кəсiпорын тұтасымен мүлiктiк кешен ретiнде қозғалмайтын мүлiк деп танылады.
Мүлiктiк кешен ретiнде кəсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) жəне, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi. Кəсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру жəне заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге жəне тоқтатуға байланысты басқа да мəмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.
Мүлiк бөлiнетiн жəне бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет