ҚОРЫТЫНДЫ
І-ші өндірістік практика «Қ және ҚМ» кафедрасының тапсырмасына сәйкес «JSK-INTERNATIONAL» ЖШС толық көлемде орындалды. І-ші өндірістік практика барысында алған теориялық білімдерімізді жетілдірдік. І-ші өндірістік практиканың түсініктеме жазбасында практика өту маңызы мен міндеті, практика өту орнының қысқаша тарихының мәліметтері, құрылысты іске асыру үшін жоба жасаудың маңызы, жоба жасалынған нысанның жинақтау жұмысының өндіріс технологиясы, жоба жасалынған нысанның көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері, І-ші өндірістік практика өткен мекеменің салған нысаны бойынша терезе ойықтарының көлемін есептелуі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздік шаралары мәселелері қарастырылды.Өндірістік практика өткен мекеменің салынған объектінің көлемдік – жоспарлау және конструктивтік шешімдері.
Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) – технологияны орындау мерзімін және құрылыс – жинақтау жұмыстарын қаржылармен қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін тұрғызу бойынша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба және бұған кіретіндер: объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді торлы график; құрылыстық бас жоспар; технологиялық карталар; құрылыс түзілістері, бұйымдары, материалдар және жабдықтардың объектіге түсу графигі; объект бойынша жұмысшы кадрлары және негізгі құрылыс машиналары жылжу графигі; геодезиялық жұмыстар өндірісі бойынша шешім; қауіпсіз техника бойынша шешімдер; технологиялық инвентарь және жинақтау жабдықтар тізімі; уақытша жүйелер жасау бойынша шешімдер; техника – экономикалық көрсеткіштер. Жұмыс өндірісінің жобасы құрылысты ұйымдастыру жобасында қабылдаған негізгі шешімдерді және жергілікті ұйымдастыру–техникалық жағдайларды есепке алып жұмыс сызбалары негізінде құрылыс ұйымы жасайды. Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) техникалық жобаның құрамында жобалық мекемесінде жасалады. Жұмыс өндірісінің жобасында (ЖӨЖ-де) құрылыстық бас жоспардың, құрылыс мерзімінің шешімдерін дәлелдейді, құрылыс–жинақтау процестерінің орындау әдістерін, материалдық, энергетикалық, техникалық және еңбек қаржылары қажеттілігін, еңбек қорғау шарттарын анықтайды.Технологиялық карта (ТК) – құрылыс – жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясын іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат және бұған кіретіндер: пайдалану саласы; жұмысты орындауды ұйымдастыруы және технологиясы; еңбек шығындарының, машиналық уақыттың және еңбек ақысының каькуляциясы; жұмыс өндірісінің графигі; материалдық – техникалық қаржылар; қауіпсіздік техникасы; техника–экономикалық көрсеткіштер.
Достарыңызбен бөлісу: |