3 ДЕРБЕС ТАПСЫРМА «КОНТЕЙНЕРЛІК ПЛАТФОРМАМЕН ТӘУЛІГІНЕ 1.5 МЫҢ ТОННА ЖӨНЕЛТІЛЕТІН ЖҮК АВТОВАКЗАЛЫ ҒИМАРАТЫН ЖОБАЛАУ»
Жобаның құрылысауданы– Шымкент қаласы, Еламан қалашығы.
"Шымкент қаласындағы контейнерлік платформамен тәулігіне 1.5 мың тонна жөнелтетін жүк автовокзалы" Жобалық құжат Қазақстан Республикасында қабылданған ережелер мен стандарттарды, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз пайдалану ережелері мен стандарттарын сипаттайды.
Ғимараттыңені мен ұзындығы12х36 м.
Ғимараттыңбиіктігі10.6 м
Қабат3қабаттантұрады
Геологиялық қимасына сәйкес жер бетінен 0,7м қабат қуаттылығымен үймелі топырақтар жайғасқан, одан төмен 5,8 м-ге дейін қара құнарлы топырақтар жатыр.
Бас жоспар экологиялық, санитарлы – гигиеналық, өртке қарсы және тағы басқа құрылыс жобалауының нормаларын талаптармен сәйкес орындаған.Бас жоспар «жел бағытының» мәліметтерін ескеру арқылы құрастырылған. Жел бағыты жылы уақыт мерзімінде ҚР ҚЖ 2.04-01-2014 бойынша солтүстікшығысқа бағытталады. Ғимарат Шымкент қаласының батыс бөлігіне таман орналасқан. Құрылыс алаңы тік бұрышты, жер бедері тегіс. Бас жоспар ҚРҚЖ құжат талаптарын ескеру арқылы орындалған. Бас жоспардың көрінісі 1-суретте келтірілген.
Құрылыс басталар алдында алаңшаны инженерлік дайындықтан өткізеді, оның негізгі шарттарыны бірі—тек жоспарлау, яғни онда жердің табиғи бедерін (рельефін) құрылыс талаптарына сәйкестендіру, атмосфералық суларды алаңшадан ағызып жіберу, табиғи рельефтің мүмкіншілігіне қарай топырақ қабатын және бұрыннан бар көгерістерді, тал—бұтақтарды және тағы сол сияқтыларды сақтап қалу, топырақты үюдің және оны қазандыққа (шұңқырға) толтырудың жобаланатын алаңшада уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
Ғимаратты жобалағанда оның бұрыннан тұрғызылған, пайдаланып келе жатқан ғимараттармен байланысы, көлік қатынасы жолдарының мүмкіншіліктері қарастырылды.
Топырақтың құнарлы өсімдік қабаты алынып сақталады да, құрылыс аяқталып пайдалануға берілгеннен кейін алаңды көгалдандыру,көріктендіру үшін қолданылады. Өсімдік қабатының артылған бөлігін басқа жерлерге жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |