Мазмұны Кіріспе I. тарау Ұлттық өнерге шығармашылық қабілет жетілдіру жолдары



бет9/17
Дата27.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#129983
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
КАМИЛА Кіріспе
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
1.2. Мазмұны-үйлестіру бөлім. Костюм композициясының шешімі мен заңдылықтары

Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы,ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді. Жеке адамның эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес,сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы,қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Адам бойындағы әсемдік, ұсқынсыздық, күлкілі немесе қайғылы нәрселер жөнінде көзқарасы негізінде, шындықтағы құндылықтарды эстетикалық талғаммен бағалайды. Заман ағымына сай эстетикалық талғам және техника жаңалықтары мен жетістіктеріне байланысты өнер туындыларын әзірлейтін адамдарда талғам болуы қажет, себебі ол өзінің болашақ туындысының сипатын, мәнін белгілі деңгейде бағдарламасын түзідеді,әрі қоғамда эстетикалық талғам заңдылықтарын құрайды. Заттық дүниенің үйлесімділігін табудың мақсаты:адамның заттық дүниемен байланысын тиімді ұйымдастыру, оның еңбегі мен оқуын, тұрмысын, демалысын тиімді әрі салауатты түрде ұйымдастыру. Ескеретін басты нәрсе, адам затқа емес, зат адамға қызмет ету қажет. Сонымен, заттық ортаны үйлестіру негізінде – қоғамдық өмір мен адамдардың рухани өмірінің деңгейіне байланысты әрі материалдық жағдайға сай тиімді қажеттіліктер қалыптасты. Сондықтан да, сұлулық заңына сай шығармашылық қабілеті бай іскер жеке адамды тәрбиелеу біздің алдымызда тұрған басты міндет. Қазіргі заман адамдары, заман талабына сай жоғары дамыған талғамға ие. Адамдардың сырт пішіміне қарап олардың жастарын немесе қай маман иесі екенін ажырату қиын.Костюмнің эстетикалық рөлі адамның сұлулығы мен рухани құндылығын айқындау, сыртқы ортамен үйлесімділігін табу. Моданы көшеге алғаш жастар киіп шығады себебі олар жаңалыққа құмар әрі батыл әрекет жасай алады, суретші модельердің, дизайнердің іс-әрекеті мен заттық дүние, қоршаған орта олардың эстетикалық талғамы мен мәдениеттілігін байқатты. Сондықтан да, жастардың психологиясын біздің қоғамымыздың эстетикалық көрсеткіштеріне байланысты ұлттық дәстүрге сай жағымды қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет. Адам, өзінің жеке басында эстетикалық талғамды дамыту үшін ол айналадағы сұлулықты сезініп, түсініп оны қабылдай білуі қажет. Соның нәтижесінде ол әдемі, сұлу нәрсені көріп оның құндылығын бағалауға қабілеті арта түседі. Жеке бастың сапалық қасиеттері негізінде әрбір адамның талғамының дамуы негізінде жақсара түседі.

Ұзындықтары бірдей екі кесіндінің бірдей екі кесіндінің біріншісінің ұшы сүйір ал екіншісі доғал болса онда, біріншісінің көлемі ұзын болып көрінеді,екіншісінің ұзындығы қысқа болып көрінеді.

Етегі кең киімдер адам фигурасын толық етіп әрі кішірейтіп көрсетеді. Егер жолақты матадан көйлек тіккенде жолақтарын көлденең орналастырса,дене толық болып көрінеді. Матаның жолақтарын тігінен етіп орналастырып тіксе, денені ашаң етіп көрсетеді. Ашаң мен толықтау келген әйелге киім тіккенде осы жағдайды ескеру қажет. Үш бұрышты мойын ойындысы иықты үлкен, бөксені кішкентай етіп көрсетеді. Практикада дене құрлысына мынадай кемшіліктер кездеседі.Мысалы, оң иығы сол иығынан биік болады, бұл кезде биік бөксеге жолақ қойып немесе белдік, шарф, иініш т.с.с. жапсырма қолданып кемшілікті жасыруға болады. Үлкен және кіші шеңбердің контрасты әсерінен ішіндегі шеңбер кіші болып көрінеді. Адам бетін кішірейту үшін кең шеңберлі қалпақкигізіледі,ал сопақ беттерді үлкейту үшін кіші шеңберлі бас киім кигізіледі немесе киім жағасын пайдалана отырып адам бетін әдемі етіп көрсетуге болады.Биік қалпақты қыз бойы ұзын болып көрінеді. Иығы қушыққыздар үшін иықты үлкен болып көріну үшін иінішті киім кигені дұрыс. Киімжан-жақты толық болып көріну үшін киімде иллюзиялықкөзбояушылықсызықтар мен түстер өзара үйлесімін табуы тиіс. Түстер де адам денесіне өз әсерін тигізеді. Мысалы, суық түстер адам денесін кшірейтіп жеңіл етіп көрсетеді. Ал,жылы түстер адам денесін үлкейтіп айшықты етіп көрсетеді. Суретші модельерлер киім дайындау барысында бірнеше композициялық тәсілдердіпайдаланады:

1.Композициялық орталықты табуды қажет етеді, ол белдік, жаға, қаусырма, түрлі әшекейлер болуы мүмкін.

2.Кіші элементтер өзара үйлесімді болуы тиіс, яғни жаға, жең мен киім етегі, белдігі т.б.

3.Киім түрі оның қолдану мақсатына сай келуін ескеру қажет. Костюм композициясын шамадан артық сәндеу.

Костюм композициялау элементтерінің бірі сәндеу. Киімді сәндеу барысында киім сызығына, пішіміне, матасына, құрылысына, түсіне үйлестіре таңдау қажет. Сәндеу бұл киімге қосымша әсемдік беру мақсатында қолданылады.Бірақ , сәндеу кез – келген костюмде қолданылмайды.Тарихи кезеңедерде киімді сәндеу элементтері киім тігуде негізгі рөл атқарды. Мысалы, бір киімнің өзінде әртүрлі сәндеулерді қолданып киімді ауырлатып,тіпті адамнан киім басым етіп көрсетеьді.1912 жылы модада қазіргі кездегі мода ағымындағы сәндеулер қолданылған.Тарихи кезеңдерде мода ағымына байланысты киімді сәндеуде және оны пайдалануда өз ерекшеліктері болады. Моданың уақытша ағымы барысында сәндеудің кейбір түрлері қайталанып отырады. Тоқыма, бау, таспа, сутаж,кең түрде қолданылатын.Осы таспа мен сутажды 70-жылдардың басында мода ағымына қайтадан киімді сәндеу қолданылатын жаңа композицициялық шешімін тапқан.



Қазіргі кезде киімді сәндеуде мынадай сәндеулер қолданылады: үлпек,табиғи және жасанды үлпектер,мата,тоқыма теріледі және жасанды ұсақ түйек заттар машина тігістері,опликация,моншақтар,кестенің түрлері, шашақтар т.б. және сонымен қатар бүрмелер,буфалар,қатпарлар,ролик және бантиктерді әр түрлі материалдардан киімді әшекейлейді. Жоғарыда айтылғандай сәндеу киімге қосымша әсем түр береді.Киімді сәндеу барысында сол киімді қай мезгілде киетінін анықтап және киілу мақсатына (үй киім,сәнсалтанатқа жұмысқа,спорттық) көңіл аудару керек.Күзге киетіні жеңіл пальтоның жағасы қаракөлдің терісінен ықшамды етіп тігілсе қыстық пальтоның жағасы үлкендеу және (кесте, менежка,әдіп, апликация қондырмасы,жаға,манжет,гүлдері) сәндеудің арасында киімнің қолдану мақсатына қарай өзгеруге болады.Мысалы:Белдік тағып күнделікті киім кисе сол киімге гүл, бант қондырса ол киімді сән-салтанатқа киюге болады. Киімді сәндеу негізгі композициялық ойлардың шешімін табуда үлкен рөл атқарады.

Композиция (лат. соmpositiо) - элементтердің жазықтықта немесе кеңістікте бірігуі мен байланысынан құрылған жүйе. Көркемдік пішіннің ең басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық береді, оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа келтіреді. Киім дизайнында композиция пішін құрылымының жалпы заңдылықтарын айқындайды. Композиция мақсаты - конструктивті, функционалды, эстетикалық құндылығы бар утилитарлық аяқталған заттың пішінін жасау. Киім композициясы - киім бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық мағынасын аша отырып, тұтастығын біріктіру. Костюм құрастыру өнерін сәулет өнерімен теңдестіруге болады. Сәулет өнерінде түрлі сәндік элемент жарты колонна, пилястр, ою-орнекті фриздер жатады. Ал костюмге көркемдеу, фурнитура, кесте, ою-өрнек, тағы да басқа жатады. Киім композициясының негізін киім бөліктерінің көлемі, арақатыстығы, киімнің жалпы пропорциясы ж:әне силуэті құрайды. Киімде әр пішіннің пропорциялық дене бітіммен арақатынастары маңызды рөл атқарады. Олар пішінге, яғни силуэтке белгілі сипат береді. Мысалы, киімде тік пішіндер сымбаттылық пен жеңілдікті керсетсе, көлденең сызықтар дене бітімді аласа, ауырлау ете түседі. Киім бөліктерін пішінге келтіру процесі құрастыру арқылы іске асырылады. Пішін күрделі болған сайын, құрылымды сызықтар да әрқилы болады. Костюм композициясында басты пішіндер ретінде киім негізін құрайтын нымша, белдемиіе, жеңді және модельді әрлендіріп байытатын пішіндер түрін ерекше атауға болады. Оларға: кестенің декорациялық элемент-тері болып саналатын шілтер, күлте, желбіреуіш, үлбір, сонымен қатар киім бөліктері - жаға, қалта, қаттама, қақпақша, т.б. жатады. Пішіннің бірінші түрі - басты пішін, екіншісі - сәндік-костюмдік деп аталады. Сәндік-костюмдік пішін жеке өзі қызмет ете алмайды. Сонымен, киім компоненттеріне пішін (форма), силуэт, конструктивтік және декоративтік сызықтар, түс, киімнің жеке бөліктері, декор жатады. Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрия, асимметрия, ырғақ, қара-мақайшылық жатады.Ал костюмге көркемдеу, фурнитура, кесте, ою-өрнек, тағы да басқа жатады. Киім композициясының негізін киім бөліктерінің көлемі, арақатыстығы, киімнің жалпы пропорциясы және силуэті құрайды. Киімде әр пішіннің пропорциялық дене бітіммен арақатынастары маңызды рөл атқарады. Олар пішінге, яғни силуэтке белгілі сипат береді. Мысалы, киімде тік пішіндер сымбаттылық пен жеңілдікті керсетсе, көлденең сызықтар дене бітімді аласа, ауырлау ете түседі. Киім бөліктерін пішінге келтіру процесі құрастыру арқылы іске асырылады. Пішін күрделі болған сайын, құрылымды сызықтар да әрқилы болады. Костюм композициясында басты пішіндер ретінде киім негізін құрайтын нымша, белдемиіе, жеңді және модельді әрлендіріп байытатын пішіндер түрін ерекше атауға болады. Оларға: кестенің декорациялық элемент-тері болып саналатын шілтер, күлте, желбіреуіш, үлбір, сонымен қатар киім бөліктері - жаға, қалта, қаттама, қақпақша, т.б. жатады. Пішіннің бірінші түрі - басты пішін, екіншісі - сәндік-костюмдік деп аталады. Сәндік костюмдік пішін жеке өзі қызмет ете алмайды. Сонымен, киім компоненттеріне пішін (форма), силуэт, конструктивтік және декоративтік сызықтар, түс, киімнің жеке бөліктері, декор жатады.

Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрия, асимметрия, ырғақ, қарамақайшылық жатады. Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез келген костюм түрінде орындалуы тиіс:

1) келісімділік - композиция компоненттері мен композициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы;

2) композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы;

3) композицияльң орталыныныц болуы;

4) композиция тұтастыгы (қатар бағыну). Киім композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік заңы нақтылайды: - киімнің арналуы мен пішінінің органикалық бірлігі; - материалдың пішінге және киім арналуына сәйкестігі; - материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішініне сәйкестігі. Осыдан әрлеу сипаты, оның түрі мен орындау техникасы анықталады. Костюм композициясындағы өлшем шамалылығы келесі факторлардың және киім элементтерінің сандық арақатынасымен анықталады: - киім көлемінің жарасымдылығы (нымша, жеңдер, белдемшелер және тағы да басқа) және дене бітімінің шамаластығы; - материалдың түсі мен фактурасы; - киім бөліктері; Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез келген костюм түрінде орындалуы тиіс:

1) келісімділік - композиция компоненттері мен композициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы;

2) композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы;

3) композицияльң орталыныныц болуы;

4) композиция тұтастыгы (қатар бағыну). Киім композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік заңы нақтылайды: - киімнің арналуы мен пішінінің органикалық бірлігі; - материалдың пішінге және киім арналуына сәйкестігі; - материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішініне сәйкестігі. Осыдан әрлеу сипаты, оның түрі мен орындау техникасы анықталады. Костюм композициясындағы өлшем шамалылығы келесі факторлардың және киім элементтерінің сандық арақатынасымен анықталады: - киім көлемінің жарасымдылығы (нымша, жеңдер, белдемшелер және тағы да басқа) және дене бітімінің шамаластығы; - материалдың түсі мен фактурасы; - киім бөліктері - әрлеулер (тігістер, кестелеу, фурнитура, тағы да басқа). Кез келген костюмнің бейнелілік шешімі композициялық орталығы арқылы айқындалады. Костюмнің композициялық орталығының нақты айқындалуы негізгі киім қызметіне байланысты. Сәндік костюмдегі композициялық орталық киім пішінінде тұтас еркін орналасуы және нақты бейнелілік шешімге ие болуы мүмкіи. Жұмыс костюміндегі композициялық орталық өзінің орналасуымен және нақты бөлшектері және фурпитурасымен кәсіпорындық киім мақсаттылығын нақтылайды. Кез келген костюмнің композициялық орталыгы болады, тіпті киімнің фоны болғанда, оның доминанты ретінде шаш сәні, макияж қызмет атқаруы мүмкім. Композиция- ның күрделі түрлерінде бірнеше композициялық орталық болуы мүмкін, олар өзара байланысты болпшымен, олардың арасында жетекші орталығы болады . Композиция жоғарыда аталған заңдылықтар мен ережелер сақталғанда ғана тұтас болуы мүмкін, себебі композиция тұтастығы бүкіл компоненттердің байланысынан құралады. Композиция тұтастығында артық элементтің болуы мүмкін емес. Сонымен, киімнің көркемдік сапасы пішіндегі барлық элементтердің бірлігіне (байланысы), келісімділігіне, пропорционалдығына, композициялық орталығына және тұтастығына байланысты болады.

Симметрия дегеніміз - оң жақ және сол жақ ортадағы вертикальға қатысты адам дене бітімін екі тең бөлікке бөлетін пішін бөліктерінің теңдігі. Кез келген пішіннің құрылыс негізінде симметрия принципі жатады. Симметрия орта-радиалдық (мысалы, гүл пішінінде, теңіз жұлдызы тәрізді) немесе орта-осьтік (мысалы, көбулек, құстар пішінінде) болуы мүмкін. Симметрияның мынадай түрлері болады: - классикалық (бейне, айналым, кеңістіктегі бұрылыстар, жазықтықтағы бұрылыстар симметриясы); - афиндық (созылым, қысым, жылжу симметриясы); - ұқсастық (К - ұқсастық симметриясы, L- ұқсастық симметриясы); -қисық сызықты (айналым, қысымдау, бүзу, жай бүгіліс симметриясы). Табиғатта абсолюттік симметрияның болмауы себепті костюмде де көбіне симметриядан шегіну болады. Бұл бұйымның арналуына және сипатына, атқаратын қызметіне, кәсіпорындық технология шарттарына, көркем-бейнелілік мақсаттарына, киім жобалауына сәйкес жүзеге асады Симметрия дегеніміз - оң жақ және сол жақ ортадағы вертикальға қатысты адам дене бітімін екі тең бөлікке бөлетін пішін бөліктерінің теңдігі. Кез келген пішіннің құрылыс негізінде симметрия принципі жатады. Симметрия орта-радиалдық (мысалы, гүл пішінінде, теңіз жұлдызы тәрізді) немесе орта-осьтік (мысалы, көбулек, құстар пішінінде) болуы мүмкін. Симметрияның мынадай түрлері болады: - классикалық (бейне, айналым, кеңістіктегі бұрылыстар, жазықтықтағы бұрылыстар симметриясы); - афиндық (созылым, қысым, жылжу симметриясы); - ұқсастық (К - ұқсастық симметриясы, L- ұқсастық симметриясы); -қисық сызықты (айналым, қысымдау, бүзу, жай бүгіліс симметриясы). Табиғатта абсолюттік симметрияның болмауы себепті костюмде де көбіне симметриядан шегіну болады. Бұл бұйымның арналуына және сипатына, атқаратын қызметіне, кәсіпорындық технология шарттарына, көркем-бейнелілік мақсаттарына, киім жобалауына сәйкес жүзеге асады

«Асимметрия» түсінігі симметрияның осі немесе жазықтың симметриясы жоқ кезіндегі элементтердің орналасуын білдіреді. Асимметрия динамикаға әр түрлі деңгейдегі пішінді береді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін Костюмнің адам дене бітіміне (ортақ түрінде симметриялы) тығыз байланыстылығын ескере отырып, оның асимметриялық орналасуының ерекше белсенділігін арттыруға болады.Сондықтан костюмді жобалау кезінде оның атқаратын қызметінің сипатын анықтау қажет. Практикалық қызметі эстетикалың қызметінен басымдау күнделікті еңбек қызметімен байланысты киімді симметрия немесе байқалмайтын асимметрияның негізінде орындаған дұрыс. Керісінше, мерекелік үлгілер асимметрия нәтижесінде тамаша көрінеді. Асимметриялың бастау симметриялық пішінде костюмдік аксессуарларды пайдалану арқылы, функционалдық жөне сәндік элементтердің вертикальдық осьтен жан-жақта орналасуы арқылы дамуы мүмкін. Симметрия бірқалыптылықты, заңдылықты білдірсе, ал асимметрия қимылды, кездейсоқтықты, еркіндікті білдіреді. Силуэттің симметриялық пішініне ассимметриялық қосылса, ерекше пішін пайда болады. Симметриямен асимметрия үндестігі интуицияның, композициялық бүтіндіктің және композициялық тепе-теңдіктің сақталуын қажет етеді

Статика - кеңістіктегі тұрақты пішін жағдайы. Тұрақты қалып пішін бөліктерінің тепе-теңдігімен сипатталады (ереже бойынша, костюм вертикальдық ось симметриясымен тұрақты қалыпта).

Динамика - қозғалыстың, дамудың, өзгерістің белсенді шарты, яғни пішіннің біржақты бағыты болып табылады: - пішін сыртындағы асимметриялық пішін ізденісі; - костюм бөліктерінің пішіннен кеңістікке шығуы; - адам қозғалысының ішкі және сыртқы динамикамен келісімділігі. Костюмдегі статикалық және динамикалық жағдайлар салыстырмалы пропорционалдықта болады. Осы мақсаттың шешімі костюмнің қызметімен байланысты. Статикалық пішін жағдайын негізгі композициялық құрал ретінде күнделікті-іскерлік костюмде пайдаланған тиімді. Динамика доминанты костюмнің барлық композициялық құрылысының айқын көрінісін қамтамасыз ететін, мерекелік және демалыстық киімдерде айқындалады. Костюмнің тұрақты қалыптылық және динамикалық шешімін қабылдау үшін жас ерекшелік факторына аса мән беріледі. Динамикалық композиция темпераментіне, белсенділігіне сәйкес жастар киіміне тән. Композицияның динамикалығы және тұрақты қалыптылығы әр түрлі тәсілмен жетілдіріледі. Ең тұрақты қалыптағы силуэтті пішіндер тіктөртбұрыш пен сопақ болып табылады, ал оларды шаршыға немесе шарға жақындата құрғанда, олардың визуалдық жылжымастығы арттырылады. Нағыз динамикалылық деп трапециялық және икс тәрізді силуэттерді айтуға болады. Костюм композициясының статикасы мен динамикасына силуэтті бейнелейтін және ішінен оны мүшелейтін сызықтар «жұмыс істейді». Бұл біздегі әр түрлі сызықтардың сызылуын қабылдау психологиясымен байла нысты. Костюмнің ішкі пішінінің бөлшектелуі силуэттік сызықтар суретімен байланысты. Костюмнің тұтастылығы және бөліктерінің үйлесімділігі элементтерінің бірлік әрі байланыс қасиеттерінің бірнеше шарттары орындалғанда ғана жүзеге асады: бөліктердің өзара үйлесімділігі, өлшемділігінің масштабтылыгы, пропорционалдыгы, ырғақтык байланысы, созылмалылыгы, түстік және фактуралық шешімі. Композициялық қасиеттердің таңдалуы көркемділік. ойға, бейнелілік мазмұнына және костюмнің арналуына байланысты. Олардың қолданылуы бұйымдарға қойылатын функциялық және құрылымдылық талаптарға сай болуы қажет. Киім композициясының негізін киім бөліктерінің жиынтығы, осы көлемдердің арақатынасы, киімнің жалпы шамаластығы оның силуэті құрайды. Пішіннің мәнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, пішіндеріне және костюмдегі табылған жалпы пропорцияға байланысты

Композиция қасиеттері арасында суретшілер пропорцияны (шамаластық) бірінші орынға қояды. Пішін элементтерінің өлшемділік ара қатынасы - ол бүтін композиция құрылымының негізі.

Пропорция ұғымы - күрделі бүтіннің ішіндегі құрама бөліктердің байланысы, яғни бір өлшемнен екінші өлшемге қозғалыс деп түсініледі.

Масштаб - заттың салыстырмалы шамалық көлемі (матадағы әр масштабты суреттер). Масштабтылық - пішіннің және элементтердің адамға, қоршаған қеңістікке, басқа пішіндерге өлшемдес пропорциялылығы. Костюмдегі масштабтылық - костюм пішінінің және оның элементтерінің адам дене бітіміне өлшемдес шамалылығы. Костюм және оның құрушы элементтерінің масштабтылығы костюм мақсатына, маусымына, тұтынатын ортасына байланысты. Қабылдау масштабтылығы мен пішінді мүшелендірудің өзара байланысы бар. Көз мөлшермен затты өзгерте отырып, біресе арттырып немесе кемітіп, затқа бірде шындылық бірде бірнеше жасанды масштабты беруге болады. Костюмнің, мысалы, жаға, қалта, қайтарма сияқты қажетті бөліктерін жаңғырта отырып, пішіні мен өлшемін өзгертуге болады. Тұрмыстық костюмде масшабтылық міндетті. Оның жоқтығы гротеске, келбетті күлкілі түрге, театралдық және цирктік өнерде белсенді пайдаланылатын келемеж суретке әкеледі. Дұрыс табылған костюм массасының адамның дене өлшеміне арақатынасы оның әдемілігін көрсетеді және кемшілігін жасырады. Масштабтылық пішіннің тұрақтылығына және теңдігіне байланысты болады. Костюмді құрушы барлық пішіндер адам дене бітімінің шынайы пропорциясына бағыну керек. Жобалау мәселесін шешу барысында композициялық ізденіс нақты тәсілдерге негізделеді. Мұндай тәсілдерге контраст (қарсыластық), нюанс, тождество (тепе-теңділік) жатады. Қарсыластық - пішіннің, өлшемнің, пластиканың, түстің, фактураның күрт айырмашылығы. Қарсыластық модельде де өте қажет, себебі ол толығымен мәнерлік пішінді құрайды, сипатының әр түрлілігін анықтайды және костюмнің ортақ пішініне динамикалылықты енгізеді. Қарсыластық композицияда өзінің белсенділігімен ерекшеленеді

Нюанс - ұқсастық элементтері бар сипаттамалардың елеусіз айырмашылықтары. Киім модельдеуде, пропорцияда, ырғақта, түстер мен реңдердің қатынастарында, конструктивті сызықтарда, бөлшектерде, фактураларда, безендіруде, пластикада және пішіндердің өзара қатысуында да нюанстық қарым-қатынастар жиі кездесіп жатады. Пропорция нюансы байсалды жөне контрасттық қарым-қатынастар арқылы құрылған пішіндерге қарағанда кебірек қолданылатын пішіннің өзіндік негізін құрайды. Композиция толығымен нюанстар негізінде құрылуы мүмкін. Композициялық құралдардың ішіндегі ең биязысы, нәзігі - нюанс киімд әдемі етеді. Костюмнің матасы, түсі мен пішіні толық ойластырылып мінсіз орындалған болса, оны да нюанстау деп атауға болады. Нюанс элементтер арасында қосымша байланыстар туғызып, модельдің үйлесімді шешілуіне ықпал етеді.

Тепе-тецділік - толық үқсастық (теңдік); сызықтың, массаның, пішіннің, көлемнің, пластиканың, түстің, фактураның қайталануы. Егер негізге алынғаи бір элемент немесе геометриялық көлем дамып ұлғайса және әр түрлі вариацияда қайталанса, костюмдегі тепе-теңдік толық шешілді деп есептеледі. Алайда, кейбір бөлек элементтер көп түрде қайталанған жағдайда, адам зерігіп, оны толық сезініп қабылдамайды, сондықтан да тепе- теңдік қатынастарды қолдануда абай болу керек. Суретші өз шығармашылығының объектісін үйлесімді етіп көрсетуге тырысады және бұл ұмтылыста оған ырғақ заңдылықтары жәрдемші болады. Ырғақ - кейбір элементтердің (дыбыстар, сөздер, заттар) белгіленген ретпен қайталануы. Ырғақ табиғаттың әр түрлі құбылыстары мен пішіндеріне, еңбек процестеріне, өнер туындыларына тән жағдай. Жазықтық пен кеңістіктегі пішін элементтерінің және аралықтарының (интервалдарының) қайталанбалылығы ырғақтың сипаттарына жатады.

«Костюм композициясы» түсінігі Киім дизайнеріне кәсіби қызметі барысында костюм жобалауға байланысты көптеген міндеттерді шешуге тура келеді. Солардың бірі –костюмді көркемдік жүйе ретінде түсіну, костюмге тиесілі көркемдік, үйлесімдік, авторлық ерекшеліктерді көрсете білу. Осы жүйенің заңдары мен ережелерін -композиция зерттейді.«Композиция» сөзі өзінің бастамасын латынның «compositio» -құрастыру, біріктіру, байланыс деген сөздерінен алады. Композицияның қазіргі заманғы түсінігі –форманың (пішіннің) барлық элементтерін біртұтас біріктіру арқылы көркемдік форма құру.Костюм дизайны–костюмнің барлық бөліктерін біртұтас гармониялық бірлікке біріктіретін, автордың идеясын нақты формада көрсететін ұйымдастырушылық бастама болып табылады.Костюм композициясы костюмнің функционалдық қызметімен тығыз байланысты.Киім дизайнері костюм композициясымен жұмыс істеу барысында өз идеясын жүзеге асыру үшін көптеген нұсқалардан ең тиімді, жақсысын таңдауы керек. Сондықтан, композицияны эмоциялық, шығармашылық, түйсікпен саналы таңдау нәтижесі деп қарастырады. Костюм композициясыныңнегізгі заңдары мен қасиеттері

Костюм композициясы дизайнер шығармашылығыныңнегізгіэлементі ретінде, көркемдік, сәнді форма құрудың талаптары мен ережелеріне бағынады. Композицияның негізгі заңы–көркемдік пішінніңбарлық бөліктері бір-бірімен гармониялық бірлікте болуы тиіс, оларда бейнелік (образдық), функционалдық және конструктивтік бастамалардакөрінуі тиіс. Композицияның негізгі заңының қағидалары:1.Кез келген дизайнерлік пішінде бір-біріне идеялық қарсы келетін элементтер болмауы керек, форма логикалық біртұтас болуы тиіс.2.Кез келген жобалық пішінде басты және қосалқы элементтердің бірлігі көрінуі тиіс.Композицияның негізгі заңының басты қағидаларын

Костюм фор-эскиздері. Бірінші қағида –костюм композициясының барлық бөліктері мен элементтерінен суретші –жобалаушының басты идеясы көрініп тұруы тиіс. Композиция тіпті, әдемі әрі тиімді болсада, кездейсоқ бөліктер мен бөлшектерболмауы керек. Егер модельдің бір бөлшегі костюм идеясына қарсы келетін болса, оның бөліктерінің біртұтастығын бұзады. Дизайнер мұндай бөлшекті кедергісіз алып тастауы немесе композицияның жалпы идеясына «бағындыруға»тырысуы тиіс. Бұл бұйымды жөнсіз безендіруден сақтайды, костюм дизайнының міндеттерін орындайды және композицияның бірлігін нығайтады. Екінші қағида–композиция бөліктерініңбасты және қосалқы бөліктерге бөлу қажеттілігін көрсетеді. Бұл бөліктердің үйлесімдікбірлігі, олардың бір –бірімен үйлесім табуы арқылы жүзеге асады. Композицияның басты, негізгі бөлігі ерекшеленеді, бірақ, қалған бөліктерге қарсы келмейді.Композицияның басты бөлігі композициялық орталық болып табылады, оған қалған басқа бөліктер бағынышты, тәуелді болады. Басты бөлік –костюм композициясының доминанты болып табылады. Форманың кез келген элементі композициялық орталық бола алады. Егер күрделі композиция болса, бір-бірімен тығыз байланыстағы бірнеше компози-циялық орталықтар болуы мүмкін. Форма бірлігі барлық бөліктер мен элементтердің үйлесім табуы арқылы жүзеге асады. Олардың гармониялық қатынаста орнала-суына костюм пластикасының, түсінің, фактураларының, пішін көлемі мен массасының пропорционалды қатынастары ықпал етеді. Костюмнің бұл элементтерінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді, бағынышты, олардың бәрі дизайнердің идеясын жүзеге асыруға «қызмет» етеді. Композицияның басты және қосалқы бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысын жәнебірлігін қамтамасыз ету –жобалаушы-суретшінің басты мақсаты болып табылады.Костюм композициясының қасиеттер

Айқындылық. Костюмнің көрерменге алғашқы әсері осы қасиетке байланысты. Айқындылық костюм композициясының қасиеті ретінде көрермендердің назарын модельге аударады, олардың қызығушылығын тудырады. Егер киім моделінде жеткілікті айқындылықболмаса, көрермен назары басқа модельдерге ауып кетеді. Жобалаушы –суретші шығармашылығының нәтижесі осы айқындылық арқылы анық көрінеді.

Айқындылық –автор белсенділігінің көрсеткіші, оның жобалау нысанына көркемдік көзқарасы, эмоционалдық бейнелерді таба білуі. Қажетті айқындылықты таба білу-киім дизайнерінің басты мақсаттарының бірі. Жасалып біту–костюм композициясының маңызды қасиеттерінің бірі. Көрермен назарына ұсынылған киім моделінде өзгерту, алып тастау тілегін тудыратындай артық бөлшек, элементтер болмауы тиіс. Басқаша сөзбен айтқанда, жасалып біту –бұйымның дайындық дәрежесін көрсететін қасиеті, модель жасау жобасының қорытындысы, костюм композициясына ешқандай өзгеріс енгізу қажеттілігінің жоқтығын көрсететін көрсеткіш. Жақсы ойластырылып,үйлестірілген костюм композициясына ешқандай өзгеріс ендіру талабы туындамайды, яғни ешнәрсе қосу немесе алып тастау қажеттілігі туындамайды, костюмнің біртұтастығын бұзуға болмайды. Жасалып біту костюм композициясының қасиеті ретінде негізгі үш ережеге сүйенеді, ережелерді бұлжытпай орындау арқылы қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады.

Бірінші ереже – бүтін біртұтас бұйымның бірлігін бұзатын элемент қосуға болмайды.

Екінші ереже–бұйымның бөліктері мен элементтерін алып тастауға немесе басқа элемент қосуға болмайды, яғни бұйым бірлігін бұзуға болмайды.

Үшінші ереже–бұйым бөліктерінің орналасу тәртібін өзгертуге, орындарын ауыстыруға болмайды.

Костюм композициясының элементтері. Киім пішінінің өзгеруі-сән талабы . Киім дизайнерінің басты міндеті көркемдік-әсемді пішін жасау болып табылады. Көркемдік пішін(лат.тілінен -сыртқы түрі,кейпі)-көркемдік мазмұны айқын көрсету үшін,сурет-әсемдік жүйелерінің көмегімен жасалған көркемдік шығарманың құрылымы, іштей ұйымдастырылуы. Костюм пішіні оның бейнеліксипаттамасын көрсетеді. Пішін үйлесімділігімен мазмұны дизайнер еңбегінің нәтижесі болып табылады. Костюм –өз пішіні бар, көлемдік-кеңістіктік құрылым. Бұл құрылымның ұйымдастырушы доминанты болып оның шекарасы саналады. Пішін құрылымы-белгілі ретпен орналастырылған пішін элементтерінің жүйесімен бірлігі. Пішіннің негізгі белгілері-толықтық және құрылымдық (пішімнің барлық элементтерінің ұйымдастырылуы). Адам мүсініне байланысты орналастырылған костюм элементтері,костюм пішінін жобалауды әрқашан адам мүсіні мен костюм пішінінің өзара іс-әркетін талдаудан бастаған жөн. Костюм пішінін жобалау жағдайлары:жобаланатын талдау жасау,негізгілерін анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет