Мазмұны кіріспе І тарау. Тарих толқынындағы көне қалалар


Талас өңіріндегі қалалар туралы парсы деректері



бет2/4
Дата11.02.2018
өлшемі0,93 Mb.
#37522
1   2   3   4

1.2. Талас өңіріндегі қалалар туралы парсы деректері.

Тараз қаласы тарихы жайында парсы тілінде жазылған немесе парсы тілінен аударылған деректердің ішінен парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деп аталатын ұлы туындысына үңіліп көрейік. Онда «... кітаптарда айтылатын қаланың аты «Тараз». Онда Моголдар, Таразды «Йанги» деп атайды. Бұл «Иангидің» Моғолстанда орналасқаны айқын «йангиліктер» деп атайтын бірнеше қалалардың іздері, мұнаралардың күмбезі ханқа және медресселердің орны сақталып қалған. Ал «осы екі қалалардың ішінде дәл қайсысының Ианги аталғаны һәм басқа қалалардың қалай аталғаны беймәлім» делінген. /26/.

Бұдан біріншіден, Моғолдар Таразды Ианги деп атайтынын көреміз. Автор сүйеніп отырған, бірақ, бізге әзірше беймәлім кітаптардың хабарлауынша, ұлы далада Йанги деп аталатын басқа да көптеген қалалар бар екен. Бірақ бәрі де бірлі-жарымы сақталып қалған белгілері болмаса, қираған, пікірге келді. М.Х.Дулат өз кезінде қазақ ханы Қасымханның қабылдауында болып, әңгімелесіп пікір алысқан кезінде Тараз, яғни Йанги деп аталатын қала жайында сырласуы да немесе сол қалада болуы да мүмкін. Өйткені, араб пен Қытайлардың Тараз үшін Талас бойында өткен қанды қырғыны, не Қараханидтер әулетінің қарамағында болғанда гүлденген кезі мен Шыңғыс хан жорығының табанында қалған тұл қала Тараздың қасіретті тағдыры мен өткен тарихы ойға батырмады деп айта алмасаң керекті./27/.

Елу жыл кейінірек парсы тілінде Әмин Ахмед Рази тарапынан жазылған «һәфт-иқлим», қазақша айтқанда «Жеті климат» кітабын қарар болсақ, онда Тараз жайында былай деген: «Тараз бұрынғы заманда әйгілі қала болған. Оны «Банки» деп атаған. Алайда өзбектердің таптауынан ойрандалған. Тараздың маңындағы үңгірді сол халқының басым көпшілігі мұсылман әрі ол өлкеден қадір тұтуға уәжіб саналатын ғалымдар көптеп шыққан»./28/.

Тағы бір тауар мен оның кендері жайында жазылған мәтінде былай делінген: «... содан Түсеметке тарта қытай шекараларының ортасынан ең соңғы жазық далаға Чинестанға барып аяқталады. Мауәроннәһр қалаларын аралап, Түркістан шаһарларын Тараз, Шәлжи маңына дейін барып, одан тікелей жоғарылайды». Мұнда Тараз қаласы Түркістан шаһарлары қатарыңда аталғаны өте мәнді жайт. Өйткені, «Фәрһәнг-фарси» сөздігінде не себепті, не үшін Тараз қытайдағы сұлулары әйгілі қала деп көрсетілген. Әрі «Борһан-Қатеһ» сөздігінде де Тараз Қытай маңындағы қалағажат-қызылады.

Парсы тіліндегі «Фәрһәнг-фарси» сөздігін XVI ғасырда Хосейн Вефай Қытайға барып, сол едде парсы тілінде жазылған қолжазбалар негізінде дайындаған көрінеді. Бұл еңбекті 1527 жылы Иранның патшасы Шах Тәһмәсб Сәфәвиге тарту ретіңде сыйға тартқан. Осы еңбек 1374 хижри жылында ирантанушы, Пекин университетінің оқытушысы Тен һуй Жоу ханым тарапынан қайта қаралып толықтырылып, Теһран университетінің көмегімен қайта басылып шықкан. Сондықтан бұл аталмыш сөздік Қытайда сақталған қолжазбалар-негізінде соңғы рет қытайлық ирантанушы ғалымның араласуымен жарық көруі оның ішіндегі берілген дерек-мағлұматтарды біршама айқындай түскен./29/.

«Борһан-Қатеһ» сөздігін Мұхаммед-Хосейін Хәлләф Табризи 1062 хижри қәмәри жылы құрастырған. Бұл сөздіктегі Тараз қаласы жөнінде берілген дерек мағлұматтар «Фәрһәнг-фарси» сөздігінің негізінде берілуі әбден мүмкін. Осылардан келіп, заңды түрде екі сұрақтуындайды. Осылайша жаңа дерек көздері мен жаңа мағлұматтарды пайымдау, арқылы тосын ұғымдарға келесің. Әрі осы арқылы тарихтың бүктесініне түсіп кеткен шындықтарын молынан жан-жақты танып білуімізге де мүмкіндіктер туындайтынын, яғни Тараз қаласының 2000 жылдық мерей тойына орай талай жаңаша пікірлер Тараз тарихының біз біле бермейтін жаңа қырларын ашатынын көреміз./30/.

«һодуд-ал-аләм» кітабында тағы бір рет Ымкие қаласын таныстырғанда Тараз қаласын да атайды: «Ымкие - Қимақтағы бір қала, онда қаған жаз мезгілінде тұрады екен. Бұл қала мен Тараз арасы ат үстінде қатты шабыспен сексен күңдік жол». Бұл қыска мағлұматтың жағрафиялық салаға қатысты қаншалықты маңызды екенін айтпасақ та анық. Тараз белгілі ежелгі қала екенін парсы деректерінен тізіп айтып отыруға да болар еді. Бірақ біздің мақсатымыз бұл емес, өйткені біз Таразды жалпы кең көлемді әр түрлі дерекнамалармен зерттеу жұмыстарында еріксіз сөз болатынын айтқымыз келеді, Осы себепті енді Тараз қаласының тарихы теренде жатқанын растайтын басқа да ескі жазбаларына көз жүгіртпекпіз. «590 жылы император Жастиннің түркі ханына барғанда Тараздан өткенін Византия жылнамаларынан білсек, алпыс жыл кейін қытай шолушысы Хенузен Үндістанға 630 жылы Шу өзенінен соң «Талас» қаласының жоғарғы жағынан өткенін айтады. Танға жылнамаларына қарағанда, ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардағы Тараз патшалығының гарнизоны құрылған мекен екен.

Тараз және қазақ даласында болған басқа да қалалар жөнінде парсы, үнді, түркі, араб тілдерінде жазылған деректер баршылық. Алайда заманымыздың зерттеуші ғалымдарының, еңбектерінен де Тараз-Таластың талай рет тарихи оқиғаларға куә болғанын көре аламыз. Оның бірін француздың әйгілі ғалымы «Дала императорлары» авторы Рене Груссе деуге болады. Онда: «...қытайлық қолбасшы генерал Ченгки заманымыздың алпысыншы жылында «Қара шаһардың оңтүстігінде «Кио-Ли» мекенінде маңызды бір әскери орда құрды және өзін Тарым мен Воу-Ли арасындағы өлкенің қорғаушысы деп атады. Бұл аймақ қарашаһар мен Куча арасында болғандықтан, ол жерден басқа аймақтарды көз алдында ұстап күзете алатын». Осылайша Жібек жолының бақылау жұмысын қытайлықтар "һионгнулардың шеңгелінен шығарып, өз қолдарына алған болатын. "һионгнулар" ... қарсылық көрсете алмағандарының себебі олар б.з.б. 60 жылдардан бері қарай үздіксіз шайқастарға ұрынып, әлсізденіп қалған еді. Екі кісі патшалық таққа таласып "чан-ю" атағын алғысы келген. Бірі - үоу һан ие, екіншісі Че-чең еді. Б.з.б. 51 жылы һоу һан ие өзі Чанг

Неган сарайына барп, император Сиван-Тидан өзін бағынышты екенін ашып, көмек сұрайды. Б.з.б. 49 жылы қытайдың қолдауымен бәсекелесін жеңеді. Б.з.б. 43 жылы Орхонға барып жеңімпаз ретінде аталық орнына такқа отырады. /31/.

Б.з.б. 33 жылы отырықшы болған бұл «хун Аспан ұлының сарайына» барып, өзінің еркіндігін талап етеді. Қытай шахзадаларының бірінің қызына үйленуді сұрайды. Бұл өтініш қабылданады. Демек, оның қол жеткізген еркіндігі бүкіл далалықтардың еркіндігі болды.

Че-че батыс һионгну тобына жататын. Ол үоу һан неден жеңілген соң, ежелгі Моғолстанды тастап, Кытайға бағынған бәсекелесіне тапсырады. Содан байлыққа кенелу мақсатыңда Батыс Түркістанға қарай бет алды. Б.з.б. 44 жылы жол-жөнекей «Іле» аймағында Вусуэн әскерлерін күйретті. Имил аймағында һоу-ки тайпасын, Арал жайлауларында кин-ку тайпаларын, тіпті байқамай өздеріне қол ұшын берген Сұғдиан тұрғындарына да шабуыл жасап талқандады. Сөйтіп өз билігін Шу, Талас кеңістігінде орнатты./32/.

Бұл батыс һионгулардың ұлы императорлық құруының арайлап атқан таңы болатынды. Бірақ қытайлықтар оған мұрша бере қойған жоқ. Б.з.б. 36 жылында қытайлық сардар Ченг-Танг кенеттен жігерлі таңқаларлықтай жорыққа шығып, Шуға кіріп, Че-чені тұтқындап, басын денесінен бөліп алды. Мұндай трагедиядан соң хундардың да, Че-че жақтастарының да ізі батыста жоғалды. Тек қана біздің дәуіріміздің төртінші ғасырының аяғына таман олардың Еуропаны жаулап алам деген ниетпен Еділ өзенінен өткен ұрпақтары Бадамер, Атилла атымен тарих сахнасына бір-ақ шыққанын байқаймыз»./33/.

Қытайлықтар түрікпен, монғол арасындағы ежелгі дәуірде жеңімпаз аталған тайпаға һионгну дейтұғын, Рененің пайымдауы бойынша, бұл атау хундарға берілген атаулармен бір деп саналуға тиіс. Өйткені римдер мен үнділер бұл далалықтарды солай деген.

Қытайлықтар б.з.б. IX және VIII ғасырлар шамасында һиошнуларды «ин-ну» деп атаған. Алайда, б.з.б. III ғасырда Тесин дәуіріңде қытай жылнамаларында бұл есім түрде аталып келген. Одан бұрын қытайлықтар оларды "һион-го" немесе көмескілеу "һу" деген қытайлықтар танысудың бастапқы кезеңінде "һуларды" сол кездегі Қытай шекарасында, яғни «Ордус және Шан Си солтүстігінде һәмде һүпиде орналасқан тайпалар дей-тұғын.

Императорлық ғалымдар академиясы журналының 1902 жылғы 17-ші санында "Кираки-ширатор", "Тунгһулар мен һиәнгаулардың тілі жөнінде" атты мақаласында тілдік ерекшеліктері негізінде һионгаулардың түркілерге қатысты екенін мақұлдаған еді. Содан болар Рене Еуропа хундарын нақты түркі тегінен екенін әрі олар Түркістан, Азуф теңізі мен Дон сағасын да өз биліктерінде ұстағанын ашады./34/.

Қытай тарихшылары «То-Киоларды» түркі тектес халық екенін айтып, олардың есімін сол тілде сөйлейтін халықтарға бергенін ескертеді. Рене өз еңбегінде қытайлықтар тіліңде «Р» әрпі болмағандықтан, бұл атау, яғни; «Токио» кейінірек француз ғалымы Пеллиот тарапынан түзетіліп, «Туркиот» деп оқылып, содан «Турқи» болып шыға келген. Содан түркі тілінің аясы кеңейе келіп, алыс өлкелерге дейін жеңіп жатты. Алтай таударының етегінен анау Ғозан өлкесіне, одан Болғар шекараларына жол тартты.

Қытай жылнамаларында «То-Кио!», яғни түркілердің ата, тегі Қасқыр болған, олардың пікірінше, қаншық қасқыр олардың атасына сүт беріп ержеткізген. Содан ол қаншық қасқырмен жанасқан, соның нәтижесінде он ұл дүниеге келген. Олардың барлығы шешелерінің үңгірінде туған. Тусап ағашының ұшында То-Киолар алтыннан жасалған; қаншық қасқырдың басын орнатқан. Шахтардың күзетшілері де оларды қасқыр дейтін. Олар қаншық қасқырдан дүниеге келгендері үшін тегін ұмытпауға тырысқан. «То-Киолар ежелгі һионгнулардың әулеттері және, мінез-құлықтары анау бастаған түркілерге ұқсайтын деп пайымдаған». Алтыншы ғасырдың басында «'То-Киолардың» қоныс тепкел жері шамамен Алтай аймағы екен. Олар сол жерде болат жасаумен айналысқан»./35/.

Моғолстанның ежелгі жері «Жуан-жуан» мен можолдардың қолынан түркілердің билігіне өтті. Содан Бумин қытайша айтқанда Тумин «хақан» деген император лақабын алды. Бумин хақан түркі қаһарманы жеңіс күнінің

ертеңіне қайтыс болды. Содан басып алған жерлері бөліске түсті, оның ұлы Муһан Монғолстанның патшасы атанды. Бұл шығыс «То-Кио» ханатының бастауы болатын. Буминның ағасы түрікше айтқанда Истами және «Четиеми» жазбасында шахзада ретінде "ибғу" аталып, Зунгари, Қара Ертіс, Имил, Илдыз, Шу және Талас аймағына иелік етті. Бұл батыс То-Кио ханатының бастауы болып табылады. Талас маңыңда батыс То-Киолардың 8-патшасы Истами һиателемен тұспа-тұс келген еді. Үиателе жөнінде Хосейін Нәхәһи Шариф «Хорасан жеңісі» атты өз мақаласында былай деп жазған: «Жейхун өзені парсы тілдес және түркі тілдес қауымдардың, яғни Иран мен Тұран шекарасы болған. Жейһун өзенінің арғы жағын арабтар Мауәроннәһр деп атаған. Афталдар не акхундар осы һиателелер болған. Бірақ араб жазушылары бұл ережені сақтамастан, ол атауды Тұранда тұратын барлық тайпаларға берген» ./36/.

һиателенің билік құрган жерлері батыс То-киолар мен сасандардың арасында бөліске түскен. То-кионың патшасы Истами соғдиларды басып алған. Хосроу Әнуширван Иранның өлкесі болған Бахтәранды қайтарып, Сасан императорлығына қосқан.

Тай-Тсунг Қытай императоры 611-618 жылдары іс жүзінде Алтайдан Каспий және Үнді кешке дейін билеушісі болған. Қытай саяхатшысы үианг Тсунг 630 жылдың басында оның бауыры һәм мүрагері Тонг че-һу яғни Иб Ру Тунг пен билік шыңының басында тұрған кезде Тарым алаңында кездескен. Ол қыс мезгілін Ыстықкөл жағалауына, кейде батысқа қарай Әулие-Ата аталатын Талас маңындағы «Мың бұлақ» аумағына барып өткізетін. Үион Тзанг қытай саяхатшысы 629 жылы Қансудан бастап сол мекендерді көріп баж еткен. Ол солтүстікке жүру үшін ./37/.

Қытай қолбасшысы Као-Сиен-Че 751 жылы Талас өзенінің жағалауында Әулие-ата маңында Зиад ибн Салиһ басқарған түркілер мен арабтардың біріккен күштерінен жеңілді. Таластағы бұл мәнді де трагедиялық жеңістен кейін үиоан-Тсунг билігінің соңғы кезіне таман ішкі дағдарыстар мен сегіз жыл соғысқа байланысты қайтадан тіктеуіне-ешқаңдай шара таба алмастан жоғары Азиядағы императорлығы кенеттен құлағанына куә болды, — дейді Рене Груссе.

Кейін 955 жылы қайтыс болған Қашқардағы бірінші Қарахан патшасы Боғрахан әулеттері барлығы ислам дінін қабылдаған жағдайда батыс Тарым, Шу және Талас даласын өзара бөліп алды. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әкесінің мүрагері ретінде Ыстық көл, Іле аумағы, Шығыс Оңтүстікте Балқаш көлін, Шу, Талас маңын өзіне қаратқан.

Шағатай әулеттері елу бір жылға созылған билігінен кейін 1370 жылы Әмір Темірдің екпінімен күйреді./38/.

Содан он бесінші ғасырдың соңына таман Іле, Талас аймақтарында далалық өмір кешумен болды. Міне, Талас не Тараз мындаған жыл бойы талай

тарихи тандырдың куәсі болды. Он бесінші ғасыр түркілердің бөліске түсіп, қазақ хандығының құрылуына себеп болған мерзімге дейін талай оқиғаларға куә болған. Бартольдтің де «Түркістаннамасы» мен Әбубәкір Мұхаммед Ибн Жафар-Әл Наршаһидың «Бұхара тарихы» атгы еңбектерін салыстыра қарастырсақ, Тараз шайқасын Бартолъд осы кітапты пайдалана отырып тұжырым жасағанын байқаймыз./39/.

Бұхара тарихында: «...Әмір Нәсірдің қайтыс болған хабары Әмир-әл-мүмінин-Мүһтәзд Беллаға жеткенде, ол Мауәроннәһрдің билігін Әмір Исмайылға тапсырды. Ол 893 жылы көкек айында тағайындалысымен Тараз шайқасына аттанды. Көп тауқымет шекті. Соңында Тараз әмірі сыртқа шықты, көптеген диқандармен ислам дінін қабылдады, Тараз қақпасы ашылды. Үлкен шіркеуді орталық мешітке айналдырды деп жазса, Бартольдтың «Түркістаннамасында» былай деп жазылған: «Исмаил ибн Ахмед 849 жылында

Ферганада дүниеге келген. Бұхарада саяси жұмысқа кіріскен 893 жылының көктемінде Халифа тарапынан оның атына шешім шыққан. Сол жылы Исмайыл жеңімпаздықпен Таласқа жорыққа шыққан. Ол қаланың үлкен шіркеуін мешітке айналдырған.

Тараз тарихының кейбір уақиғаларына Исмайыл ибн Ахмед Самани кезеңі куә бола алады. Өйткені, 893 жыддың көктемінде Халифа тарапынан әмірлікке тағайындалған соң, Таразға қол бастап шыққанын айттық. Саманилер дәуірінде бейбітшілік орнығып, сауда саттық пен өнеркөсіп айрықша дами бастады. Сол себептен Мауәроннәһрдың түрлі экспорттық бұйымдары шет жерлерге жіберіле бастады. «Мәселен, Ферғана, Исфижабтан құлдар, сондай-ақ мата, қару-жарақ, семсер, мыс, темір сияқты бұйымдар болса, Тараздан ешкі және тағы басқа заттар саудаға түсетін» дейді Мұқаддәси» ./40/.

Тараз қаласы тарихи деректердің беттерінен ғасырлар бойы түспеген әрі жойылып кеткен қабаттарын тарихшылар ол жөнінде жазғандарымен толықтыра алатынын Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и- Рашиди» еңбегінен кейін 1593 жылы жазылған «үәфтиқлим» кітабында көре аламыз. Ал, кейінірек, сұлтан Мұхаммед Мүтреби Самарқанди «Тәзкәре-тол-шоара кітабында: «Бесінші климаттың ұзындығы 1835, ені 150 фарсах, Испанияның кейбір қалалары, Армения, Каспий, Хорезм, Бұхара, Самарқанда, Ферғана, Тараз, Түркістанның кейбір қалалары да оған қарасты», — деп жазған. Ал, 1953 жылы жазылған «Жеті климат» кітабында Тараз қаласы өзбектердің таптауынан ойрандалған деген қайшы мәліметтер болғандығын байқатады. Бұның бәрі келешекте зерттеуді қажет етеді. Алайда қаланың өзіндік байлықтары мен ерекшеліктері жайында басқа да талай деректер барлығын айта тұра,

тарихшылардан да басқа парсы тілді ақындар ғасырлар бойы Тараз қаласының әйгілі дүниелерін өз өлендеріне арқау еткені бар./41/.

Парсы тілінде жазылған «Моғол тарихы» деген кітабында ирандық ғалым Аббас Иқбал Аштияни Моғолдар шабуылында жойылып қираған ескі қалалар жайында пікір қозғай отырып: «Мауәроннәһр- Әмударияның арғы жағы. Ол өлке басқа аймақтарға қарағанда ерекше гүлденген әрі маңызды да әйгілі қалалары болған. Олардың барлығы Монғол шапқыншылығында ойран болып жойылған. Сол кездің маңызды қалалары төмендегідей болған. Тәрмәз, Нәшһшәб, Чад, Тараз тағы басқалары» деп соны дерек көздерін береді. Сөйтіп М.Х. Дулат назар аударған ескі қираған қалалардың өз кезінде мейлінше гүлденген болмысын монғолдар жорығы күйреткеніне Аббас та тоқталып өткен. /42/.

983 жылы парсы тілінде жазылған бірақ авторы белгісіз «Hudud al alam» мағынасы әлем шекарасы шығыстан батысқа дейін деген ұғымды білдіретін кітапта: «Тараз және Меркі басқа қалалардың қатарында мұсылмандар мен түріктердің тұратын әрі саудагерлердің тұрағы ретінде атап өтіледі. Осы еңбекте Тараз қаласының аты екі жерде ұшырасады. Кітапта беріліп отырған жанама тұрғындары түрік халықтары екенін көрсетуі мен онда саудагерлердің де мекен жайы болғандығын ескертуінде жатыр. Бұл еңбектің көшірме алғашқы нұсқасы 656 пиджри кәмәри жылы, яғни 808 жылы бұрын Әбумәед Әбдалқанном Ибн Әһ-Хосейін Ибн Әли-Әл-Фарсидің қолымен жазылғанында әрі бірегей көшірме болып табылатындығында.

Парсы тілінде жазылып, Тараз қаласы туралы аз болса да нақтылы деректер көзін беретін шығармаларды шартты түрде болса да бірнеше топтарға жіктеп қарастыруды жөн көрдім. Олардың бірінші тобы, негізінен, тарихи-жылнамалық сипаттағы қара сөзбен жазылған туындылар. Оларды бас-басына атап өтер болсақ, мына атауларды қамтиды.:


  • Әлем шекарасы.

  • Сұлтан Мұхаммед Мотреби Самарқандидтің «Тәзкарә- томио арасы»

  • Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашиди».

  • Екінші топтағылар, негізінен сөздіктер. Мысалы, Түсіндірме сөздік ретінде берілетін «Фәрәнге-гияс-ол-луғат» тағы басқалар./43/.

Үшінші топтағыларға, негізінен, дастан түрінде немесе өлеңмен жазылған поэзиялық туындылар жатады. Мысалы: Фирдоусидің «Шаһнамасы», Фәррохи, Насыр Хосрау, Сузәни, Монучеһри, Хақани, Әдиб-ал- Мамалик, Санам, Маулави, Руми, Анвәри тағы басқалар қалам тербеген диуандарда, яғни, өлеңмен жазылған жинақтарда Тараз қаласы әр қырынан алынып, Мадақтама жырланған. Бір ғажабы ақындар мен тарихшылардың қай-қайсысы болса да. Тараз жөнінде тебірене отырып, адам жанына пейіштен соққан самал желдей әсер ететін жан тербер жылы пікірлер қалдырып отырған. /44/.

Ал, төртінші топтағыларға негізінен, парсы тілінде жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады. Мысалы, доктор Мухаммед Абади Бсавилдің «Исламдық қаналарға тиісті мекендер жөніндегі» еңбегі.

- Аббас Иқбал Аштияни – «Моғол тарихы». Басқа шет елдері тілдерінен парсы тіліне аударылған аударма еңбектер тобын атауға болады.

Тараз қаласы арқылы кезеңдерге жазылып, көптеген дәуір оқиғалары қамтылған тарихи еңбектерінде өз көрінісін берген. солардың ішінен тек бір-екі оқиғасына тоқталсам, шалқар көлді бір тамшысынан танығандай хабар алмақпыз. Мысалы; «Хорезмшаһтар атсыз билеген кезеңнен бастап қарақытай Гурханнан жеңіліске ұшырағаннан кейін мұсылман емес түрік әулеттеріне салық төлеп тұратын. Сұлтан деген атағы болса да бағынышты болған. 607 хитра жылы Гурханның елшісі жылдың салықты алуға сұлтанның сарайына барғанд, ал сұлтан Мұхаммедтің бұйрығы бойынша Әмудария суына батырынады. Сол жылдың соңына қарай сұлтан Мұхаммед Мадәроннаһрды жаулап алуға бел байлады. Бұхара, Самарқандты жаулап алды. Содан соң Сырдария өзенінен өтіп, 607 хитри жылының Рәби-әл-Эввал айында Тайынгу әскері тараз қаласының әкімі Гурханның сардарын жеңіп оны өлтіреді.

Тараз қаласын парсы ақындары мәңгілік сұлулыққа лайық құбылыс деп өрнектеген жырлары бізге жетіп отыр.


ІІ. ТАРАУ. Талас-Тараздың көне шаһарлары тарихтың маржандары.

2.1. Талас-Тараз өңірінің тарихи ескерткіштерінің қалыптасуы мен дамуы.

Тараз каласының оңтүстік жағында 20 шақты шақырым жерде Аса өзенінің жағасындағы Айша бибі ауылында өткен-кеткен талай жолаушы, әсіресе, зерттеушілер, жаңа үйленген жастар ат бастарын арнайы бұратын екі ғимарат тұр. Олар — Айша бибіге және Бабажы қатынға орнатылған ескерткіштер. Үлкен археолог Н.Бернштамның өткен ғасырдың 30-40-шы жылдардағы зерттеулері негізінде бұл көне ғимараттар ХІ-ХІІ ғасырларда салынған деп жазылған. Археологтар мұнда ескерткіштердің салынған жылын дәл атап көрсетпесе де құрылыс ерекшеліктеріне байланысты жалпы мерзімін негізінен дұрыс топшылайды. Әйтсе де ежелгі тарихымызды зерделегісі келген әрбір адам бұл ғимараттар кімдерге арналғанын, қашан салынғанын, оларды кімдер салғанын білгісі келетіндігі табиғи нәрсе. Мен де яғни әрбір жазатын тақырыбын зерттейтін қаламгер ретінде ұзақ жылдардан бері түрлі тарихи әдебиеттерді, іздестіріп, біраз белгісіз жайлардың бетін ашқандай болдық./45/.

1964 жылғы желтоқсанның 6-14 күндері сол кездегі облыс басшыларыньщ жұмсауымен Ташкенттегі Өзбекстан республикалық орталық архивінен "Туркестанские ведомости" газетінен Айша бибі туралы алғашқы мәліметтерді кездестіргенбіз. Рас, Айша бибі туралы алғашқы аңызды ақкөлдік Жұмабек қожа Сейдалыұлынан естіген болатынбыз. Арабша, парсыша, көне түркіше үлкен сауаты бар бүл кісі Айша бибінің «Әкесі Зеңгі баба деген шейх екендігін айтқан еді. Ал қалың жұртшылық білетін аңыз бойынша, тілін алмай, Таразға — ғашығы Қараханға аттанғаны үшін Айшаға Зеңгі баба теріс батасын беріпті-мыс. Содан су жағасында қызды жылан шағып өлтіріпті-мыс Бұл — аңыз, Ал ақиқат қандай?

Ташкент архивінде бір кездегі Әулиеата қаласын билеген қалабасы Василий Андреевич Калаур Түркістан өлкесінің әуесқой археологтары үйірмесінде жасаған баяндамасында Айша бибі ескерікіші туралы біраз деректер келтірген екен. Тіпті мазардың маңдайшасына арабша жазылған бірқатар жазулардын көшірмелері Ташкент архивінде әлі күнге дейін тұр. Сонда калабасы Калаурдың Шымкент және Әулиеата ояздарының Әулиеата Қарахан туралы жазылған кітаптарды оқыған молдаларынан жинастырған деректері де сақтаулы. Қарахандар шежіресі туралы араб әрпімен жазылған деректердің әуелі фотокөшірмесін, кейін ксерокспен түсірілген көшірмесін алған едік. Олар қолымызда бар. Қазіргі әріппен көне түркі тілінен қазақша түсірткен данасын облыстық мұражайдың сол кездегі директоры Әжібай Әпсеметовке тапсырған болатынбыз. Ол кісі марқұм болып кетті де, толық аудармасы қолымызда сақталмағанымен, жалпы нобайын білдіретін шала-шарпы аудармасын малданып жүрген жайымыз бар./46/.

Ең бастысы — Ташкент мұрағатындағы «Туркестанские ведомости» газетінің 1900 жылғы №97 және 1904 жылғы №37 сандарында Әбубәкір Диваев Айша бибінін әкесі Сүлеймен Бақырғани, яғни Хаким ата және асырап алған әкесі Зеңгі бабаның тегі туралы деректер жариялапты. Сондай-ақ, Ташкент түбінде Зеңгі бабаның мазары, Айша бибінің анасы Әнбар бибінін және әжесі Ұлықлатшаның басына тұрғызылған қабірлер жақсы сақталған. «Зеңгі» арабшадан аударғанда қара түсті, еуропалықгар мен американдықтар айтатындай негр деген мағынаны білдіреді. Оның өзінің азан шақырып қойған аты — Айқожа. Әкесінің аты –Тәжіқожа... Зеңгі бабаның алтыншы атасы атақты Қожа Ахмет Ясауи сопының ұстазы Арыстан баб екен. Өзбекстандық зерттеушілер бұл шежірені Пәкстандағы Лахор қаласынан алыпты. Өзбекстанның көп томдық энциклопедиясының 4-томында Зеңгі атаның өлген мерзімі 1258 жыл екендігі анық жазылған. Бірақ туған жылы белгісіз.

Зеңгі бабаның зәулім биік мазары Ташкент қаласынан 25-30 километрдей жерде оңтүстікке, Самарқанға қарай апаратын жол бойында. Бұл атырап қазір Зеңгі ата ауданы деп аталады. Байқайсыздар ма, қазақтар сиыршылардың пірі Зеңгіні «баба» десе, өзбек ағайындар «ата» дейді, мұның өзі оның жас шамасы кемінде сексеннен асқан-ау деп болжалдауға мүмкіндік береді,- Өзбекстан энциклопедиясында сол сияқты Зеңгі атаның басына көтерілтен күмбездің әр қырынан түсірілген суреттері, оюлы кірпіштерінің кескіндері берілген. Зеңгі ата мазарының ішіне еніп, бір кезде оның қолына ұстаған аса таяғын көрдік. Сол сияқты Самарқанның көк тасымен көмкерілген Әнбар бибінің, яғни Айша бибі анасының қабіріне де зиярат еттік, әжесі Ұлықпатшаның қабірі де Әнбар бибінің зиратына ұқсайды екен. Амал не, Қазақ совет энциклопедиясында Зеңгі баба туралы дәл деректер жоқ. Есесіне ұлы Шоқан Уәлиханов 1858 жылы қазанның 25-і күні «Қашқар күнделігінде» «В Ташкенте — могила Зенги-ата... Анбар-ана -жена -Зенги, вдова учителя Зенги Хаким-ата, Эрхуббу, сын ее от первого брака. Али-Аскар - от второго. Акбар-ана носила обед, когда муж пас коров..." — деп жазыпты. /47/

Қазақтардың да, өзбектердің де арасында Әнбар бибінің алғашқы жұбайы Сұлеймен Бақырғани сопы өлген соң, оның шәкірті әрі жақын туысы да болуы керек, Айқожа шейхқа қалай ерге шыкқаны туралы да аңыз бар.

Сүлеймен Бақырғани — Қожа Ахмет Ясауи сопының атақты шәкірттерінін бірі. Ол Өзбекстандағы Бақырған қыстағында туған. Сүлеймен өте тапқыр да,- ақын да, іскер де шәкірті болғандықтан Қожа Ахметке сүйікті екен. Сүлеймен Бақырғанидын «Ақыр заман» кітабы, Иса пайғамбардың анасы туралы «Бибі Мариям» дастаны көне түркі шағатай тілінде 1848, 1898 жылдары Қазан қаласында жарияланған екен. Өзбек тілінде бұл кітап 1991 жылы Ташкент қаласында жарық көріпті. Сүлеймен Бақырғанидың өмірі туралы деректерден оның туған жылы беймағлұм болғанымен, опат болған жылы 1186 екендігін білуге болады Олай болса, Сүлеймен сопы мен Әнбар бибінің артында қалған қызы Айша ең бері дегенде 1185 жылы өмірге келген болып шығады.

Сүлеймен өмірден өтер алдында үйіне кіріп-шығып жүрген Зеңгі бабаға қарап, зайыбы Әнбар бибінің алдында күліпті деседі аңыз. Сонда Әнбар бибі- «Сопы. «Жылағанды сұрама, күлгенді сұра» деген», - депті жұбайына. Сонда көріпкелдігі де бар Сүлеймен: «Мен өлген соң сені осы шәкіртім айттырады. Түсі қара деп тимей жүрме, сенін қадіріңді біледі», — деп уағыз өсиетін айтып, көзін мәңгілікке жұмады.

Жесір қалған уыздай аппақ сұлу келіншек уақыт өте келе өзін қайта-қайта айттырған Зеңгі-Айқожа шейхқа ерге шығып, одан жалғыз ұл тапқан екен. Мен бұл деректі 2000 жылғы наурыз айында Еңірекей соғысы болған жерді көру, сұрастыру үшін Аягөз қаласындағы 84 жасар Ғабылахмет қожа Шекеров деген кісі айтқан екен. Бұл қария Аягөз өзені жағасында қазақтарға қарсы жоңғарлар тұңғыш рет 1718 жылы зеңбіректер қолданып, ата-бабаларымыз қарай жеңіліп, еңіреуіне байланысты Еңірекей атанған таудың етегінде 1916 жылы өмірге келген. Қожа тұқымы болғаны үшін ғана большевиктерден қуғын-сүргін көргендіктен, отызыншы жылдары Қытай асып, 1956 жылы ғана туған жеріне оралған. Өзінің оқыған-тоқығанын бір қалың кітап етіп шығарыпты. Сол кітаптың бірі — Тараз қаласында тұратын қызында сақтаулы. Кезінде облысымыздың орталығындағы медени-ағарту училищесінде кітапхана ісінен дәріс берген жоғары білімді осы маманның қолындағы кітапта Айшаның анасы бірәкесі бөлек, ағасы не інісі Ғабділмәлік туралы да жазылған. Алайда, одан тұқым қалған-қалмағандығы белгісіз, Жоғарыда аталғанындай, Ш.Уәлихановта Айшаның ағасы Ерхүббу да, інісі — Әлиасқар. Анасынан — үшеу, туған әкеден екеу Айшаның Қарахан әулетінің біріне ерге шыққандығы оның «бибі» деген қосымша атауынан анық байқалады. Түркі халқында хан әйелін ертеректе — «қатын», кейініректе – «ханым», қызын – «ханша», би мен бай әйелін — «бәйбіше», қызын –«бикеш», «бике» десе, қожа қыздары ерге шыққанда оларды тек «бибі» деп атағандығы белгілі./48/.

Сонда Айша Қарахан әулетінің ішінде Тараз төңірегін, сол қаланың өзін билеген қандай ханға ерге шығуы мүмкін? Айтпақшы, «Айша» деген сөздің мағынасы арабшадан аударғанда «өмірге құштар, іңкәр» деген мағынаны білдіреді. Айша — Мұхаммед пайғамбардың хижра алдында, яғни дінсіздер тыныштық бермегендіктен Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударар алдымда — 622 жылдан сәл бұрын алғашқы зайыбы Хадиша өлгенде тұл қалған соң өзінің досы Әбубәкір Сыздықтың айттырып алған қызы.

Міне, сол кейінгі Айша 1185 жылы өмірге келген болса, ол бойжеткен кезде Тараз қаласын билеген Қарахан әулетінің кезекті өкілі түркіше лақабы — Арыстан, мұсылманша Мұхаммед аталған хан еді. Бұл Қарахан Мұхаммед 1212 жылы Тараз қаласынан қуылып, Қашқарды паналаған-ды. Сол жерде бақталастарының қолынан қаза тапқандығын атақты академик В.В.Бартольд жазған болатын. Қарахан Мұхаммедті Тараздан әуелі қуылған қарақытай бурханы Чулуку мен найман ханы Күшлік болса, кейін біржолата бездіріп жіберген хорезмшах Мұхаммед еді. Отқа табынатын көп құдайшыл Чулуку гурханның әуелі қызын алып, артынан өзінің басын алып, Тараз өлкесін де билей бастаған найман ханы Күшліктің соңына түскен моңғол Шыңғыс хан ақырында оның түбіне жеткендігі мәлім./49/.

Біздің, Айша бибі Қарахан Мұхаммедке ол қаза табардан әлдеқайда бұрын ерте шықканы күмән туғызбайды. Өйткені, Айша бибі ескерткішін Мұхаммед тұрғынды деп батыл айтуға негіз болатын бір жәйт бар. Қазақстанның сәулетші зерттеушілері В.Қадырбаевтың, Н.Бәсеновтің және басқалардың мәліметтеріне қарағанда, күмбездің мандайшасында мазарды тұрғызған Мұхаммед хан деген сөздер мұндаға дейін сақталған екен.

Айша бибі өмір сүрген дәуір. Қарахан әулетінің, оларға бағынышты ата-бабаларымыздың әуелі дінсіз қара қытайларға, одан кейін діндес хорезмшах Мұхаммедке, артынша әуелі- христиан дінінде болғанымен, көп ұзамай қара қытай гурханынын қызына үйленген сон будда дініне көшкен найман Күшлік ханға қарсы күрескен заманына тұстас келеді.

Енді Қарахан атауына тоқталған жөн болар. Көп жұрт Қараханды билеушінің аты деп ұғады. Бұл — мүлдем қате түсінік. Қарахан лауазымы көне

түркі заманында ұлы хан деген мағынада қолданылған. Мәселен, «қара халық» деген сөз «көп халы», «ұлы халық» деген мағынаны білдіреді. Ал сол ұлы ханға бағынатын хандарды «илек хандар» деп атаған. Қарахан әулеті «қараханидтер» деген атауды көне грек дәстүріне сәйкес орыстың шығыстанушысы, Шоқан Уәлиханов шығармашылығын алғашқы зерттеушілердің бірі В.Григорьев ғылыми айналымға енгізген болатын.

Осы орайда Тараз қаласының қақ ортасындағы мазардағы «Әулиеата атанған Қарахан кім?» деген сауал өзінен-өзі туындайтындығы сөзсіз Ғалымдар бұл мәселеге де жауап беріп отыр. Австрия ғалымы О.Прицак "Мусульманские династии" деген кітабында 1059 жылға дейін Таразды билегені Қарахан Шах-Махмуд екендігін нумизматикалық деректер арқылы дәлелдеп көрсетсе академик В.В.Бартольд сол Ша-Махмудтың қарақытайларға қарсы талай қырғын соғыстарда қол бастап, талай жеңістерге жеткенін, бірде Талас өзенімен тоғытылған қойдай ағып бара жатқан жау еліктерін көріп, жиреніп, алтын тағын мүлдем тасттағанын, сопылық жолға түсіп, жер астынан қылует үй қазып алып, өле-өлгенше Аллаға жалбарынып өткенін, сондыктан да Әулиеата атанғанын жазған еді. Академик Әлкей Марғұлан да «Шоқақ және «Манас» деген кітабында әулие атанған Қарахан туралы жазады. /50/.

Академик В.В. Бартольд Қарахан әулеті түркілердің яғма тайпасынан шыққандығын айтады. Мұны Қазақ совет энциклопедиясының 12-ші томындағы «яғма» деген сөзге берілген қысқаша мақаладан білуге болады. Шындап келгенде, «яғма» деген сөз парсы тілінде «көшпелі» деген мағынаны білдіреді. Энциклопедияда жазылғандай, яғмалардың, яғни, көшпелілердің мұрагерлері қазіргі қазақ тайпасының құрамындағы жалайырлар екен.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сұлтан Сатук Бура хан бейіті Қашқар қаласының іргесіндегі Артуш деген мекенде әлі күнге дейін жақсы сақталған. Қашқарлық Махмұд сұламаның үш томдық түрік сөздігінде Қарахан әулетінің түп-тамыры Афрасиабтан Алып Ер Тоңадан басталатындығы көрсетілген. Ал атақты «Шахнама» дастанындағы Туран мемлекетінің, яғни түркілер мемлекетінің басшысы Афрасиаб есімі парсы тілінде корқынышты құбыжық зегенді білдіреді Афрасиаб-Алып Ер Тоңа өз ұрпағы алғашқы Қарахан Сұлтан Сатук Бура ханнан мың жарым жыл бұрын, яғни қазіргі заманнан 2628 жыл бұрын парсы шахының қолынан опасыздықтан қаза тапқаны тарихтан, сондай ақ профессор Мекемтас - Мырзахметов пен шығыстанушы Ислам Жеменей зерттеулерінен тағы белгілі.

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызмет ететін зерттеуші ғалым Қойшығара Салғараұлының деректеріне қарағанда, Қытайда Қарахандар әулеті туралы едәуір деректер сақталған. Қойшығара Салғараұлы бұл деректерді «Санат» баспасынан кітап етіп шығарды да. Бір айта кететін жай, Тұран — Түркістанның ежелгі атауы. Мұны ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабайұлы да жырлағаны белгілі, Ал Иран деген түрікше «Ер елі» деген мағынаны білдіреді екен. «Иран» деген атауды парсылар мемлекетіне біздің ата-бабаларымыз тақса, біздің ата-бабаларымызды сол парсылар «сақ», яғни ит деп атаған, дейді Қойшығара Салғараұлы, Қазіргі қазақ тіліндегі «сақман» деген сөз малды күзететін ит-адам дегенді білдіреді. Олай болса, «сақ», «сақшы» деген сөздердің түбінде сол парсыша ит деген мағына жатыр. Орыстардың «дойчтар» деген сөзі қазір құлаққа сіңісті болып кеткендігі сонша, менмен пан германдықтар бұл атауды естігенде бас шұлғып тындайды, тулай қоймайды./51/.

Сонымен Айша бибі — қазақ халқының, әлбетте, түркі халқының екі жарым мың жылдан да ары тарихына терең бойлататын Қарахан әулетінің бір ұрпағына ерге, шыққан қасиетті анамыз. Өзінің асырап алған әкесі Зеңгі бабаның сиыршы — падашалар пірі болғаны, Айшаның махаббат пірі, ғашықтардың пірі саналатындығы тегін емес. Айтпақшы, «Айша қатын» деген атау ұлы тарихшымыз Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» кітабында да кездеседі, Қазіргі Аса өзені бұдан бес ғасыр бұрын Айша қатын аталса керек. «Қатын» демекші, бұл сөз, кейбіреулер жазып жүргеніндей, ешқандай парсы сөзі емес, көне түркі атауы. XI ғасырда өмір сүрген қашқарлық

ғұлама Махмуд бабамыз өзінің түрік сөздігінде «қатын» деген атау Алып Ер Тоңанын қыздарына байланысты айтылғандығын жазады. Айша бибі ескерткіші қасындағы Бабажы қатын күмбезі де Қарахан әулетінен шыққан ақсүйек әйелге тұрғызылғандығын осыдаи да білуге болады. Ал Бабажы атауына келсек, «бажы» деген сөз тіпті қазіргі түрік тілінде де тұңғыш қызға байланысты айтылады. «Ажа» — көне түрікше билеуші деген сөз. Мәселен, «Қой!» дейтін қожа жоқ, «Әй!» дейтін ажа жоқ» деген қазақ мәтеліндегі «ажа» осы билеуші мағынасында, Айтпақшы, қазіргі қырғыздар өз президентін «ажа» деседі. Біздер, қазақтар, Президентімізді Елбасы дегеніміз сияқты.

Қарахан әулеті қожалар арасында да бар. Олар Қожа Ахмет Ясауи сияқты өздерін Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы хазірет Әли халифаның Әнафия атты әйелінен туған ұлы Мұхаммед-Әнафиядан таратады. Сірә, бұл арабтардың Түркістан өлкесіне 714-714 жылдары келуінен кейін қойылған-ау./52/.

Айша бибінің тегі, туған, өлген жылдары, заманы туралы осындай мәліметтерді ортаға сала отырып, оның мазары басындағы ХІ-ХІІ ғасыр деген болжам мезгілді XII ғасырдың соңы — XIII ғасырдың басы деп дәлірек жазсақ деген ұсыныс өзінен-өзі туындайды.

Тараз қаласы мен оның айналасындағы оннан аса мемлекеттік қорғауға алынған тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштері аса күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен олардың аумағын көріктендіруді күтіп тұр.

Республикадағы тарихи, мәдени және рухани ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстарымен арнайы айналысатын, маманданған бірден-бір мекеме болғандықтан бұл іске біздің қатыспай қалуымыз мүмкін емес, сондықтан да қалған бір жарым-екі жылдай уақытты неғұрлым ұтымды пайдаланғанымыз жөн деп отырмыз. Тез арада арнайы комиссия құрып, тарихи,

мәдени мұраларды қайта қалпына келтіретін мекемені анықтап, қаржы мәселесін шешіп, ұзатпай іске кірісуді жөн деп санаймын.

Енді атқарылатын жұмыстардың ең ірілеріне тоқталып өтелік. Бұлардың ең бастысы — көне Тараздың орны болмақ. Қазіргі кезде бұл қаланың үстіне түгелдей құрылыс жүріп кеткен. Археологиялық зерттеу жүргізу аса қиын, дегенмен базар ішіндегі қазбаны ашық аспан астындағы экспозициялық мұражайға айналдыру жағын қарастыру керек сияқты. Қалада жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде адамдар мұнда қоныстануды біздің заманымыздың бірінші ғасырында ақ бастағаны анықталды, яғни, қалаға 2000 жыл толғаны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Жазба деректерде де Тараз қаласы Далосс-Талас деген атпен біздің заманымыздың өзінде де кездеседі. Тап осы қалада Түркі қағаны Дызабұлдың ордасында сол жылы Византия елшісі Земарх қабылданады, ал 629 жылы Талас жайлы қытай жиһанкезі Сюань-Цзянь жазып кеткен./53/.

VII ғ.ғ. Тараз Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығына айналды. 751 ж. оны арабтар жаулап алды, 766 ж. қарлұқтардың қол астына өтті, ал IX ғ. соңынан бастап саманидтерге бағынады. IX-X ғ.ғ. Тараз қайта гүлдейді, бұған оның маңындағы күміс кендері мен сауда-саттық үлкен әсерін тигізгені анық.

Х-ХІ г.ғ. Жетісу мен Оңтустік Қазақстанда қараханидтер жаулап алған тұста Тараз жаңа мемлекеттің бір бөлігінің астанасына айналды. XIII ғ. басынан бастап монғолдар шапқыншылығына дейін Тараз біресе қарақытайлардың, біресе наймандардың қолына өтіп, ақыры Хорезм шахы Мұхаммед ибн Текештің уысына түседі. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммед Таразды монғолдарға бергісі келмей қаланы қиратуға бұйрық береді, бірақ, қала сол ғасырдың ортасында-ақ қайта қалпына келтірілді. Бұл жайлы Вильгельм Рубруктың жазбасынан толығырақ білуге болады. Шыңғыс ұрпақтарының билік үшін қырқысы Тараз қаласының өмірін XV ғ. басында тоқтатады, алайда оның орнында қалған қоныс XVIII ғасыр аяғына дейін өмір сүрді. Ертедегі Тараз құрылыстарының ішінен мұнда Х-ХІ ғ.ғ. салынған Қарахан кесенесі ғана бар және сол кезенде салынған моншаның қалдығы археологиялық қазба кезінде табылған болса, XIII ғ. ескерткіштері есебінен тек Шамансұр кесенесі ғана сақталған.

Тараз қаласы жайлы ортағасырлық жазба деректерде жеткілікті айтылған, қаланы ғылыми тұрғыдан зерттеу П.П.Лерхтан бастау алды, оны В.В Бартольд, М.Е.Массон, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева мен Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова жалғастырады. Онан бергі жылдары Ә.Марғұлан атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының мамандары бірнеше рет ірі-ірі зергтеулер жүргізді./54/.

Қарахан мазары XI ғ. салынған сәулетті күмбез, бірақ ескіріп, тозуына байланысты 1906 жылы қайта салынған. Аңыздар мен деректерге сенсек, мазар Қараханидтер династиясының бір өкілінің басына тұрғызылған, халық кейіннен оны «Әулие-Ата» деп кеткен. Жаңадан салынған кезде оның ертедегі архитектуралық декоративтік көркемдігінің қалдықтары жойылған, сондай-ақ оның алғашқы жобасы да бұзылған. Қазір бұл порталды-күмбезді, жобасы төртбұрыш болып келген құрылыс. Қарахан мазарын алғаш рет 1898 ж. В.А.Каллаур зерттейді, 1949 жылы алғаш рет өлшемдері алынды, 1950 жылдары архитекторлар Т.Бөсенов пен М.Меңдіқұлов зерттеуді одан әрі жалғастырады. Тағы бір көне заманғы ескерткіш Тараз моншасы болып табылады. Оның калдығын 1938 ж. археолог-ғалым А.Н.Бернштам тапқан. Жалпы көлемі 7x4 метр болып келетін бұл құрылыс Отырар, Баласағұн, Түркістан моншаларынан бөлекше жобада салынған. Құрылыс өзара функциялық тұрғыдан жалғасқан бес бөлмеден тұрады. Қабырғаларының қалындығы мен олардың конструкциясына қарап ғалымдар оның төбе жабыны көп күмбезді екендігін анықтады. Қазба кезінде қызыл және сары плиткалармен көмкерілген едені, қабырғаларындағы қуыс—нишалары аршылды. Су арнайы салынған бөлмедегі құдықтан құбырлар арқылы жеткізілген. Кірпіштен аланған ванналар да бұл моншаның ерекшелігі болып табылады. Моншаның едені астымен ыстық ауа мен түтін жүретін жолдар жүргізілген. Қабырғаларында әшекейлі ою-өрнек іздері сақталған. Егер мүмкіндік болса Тараз моншасын толығымен қайта қалнына келтіруге немесе тап өзіндей көшірмесін салуға болар еді. Бұл монша да Тараз қаласының ХІ-ХІІ ғ.к. гүлдену кезеңінде салынған ғажайыи ескерткіштердің бірі./55/.

Келесі бір сәулет ескерткіші Шамансұр кесенесі - бұл да порталды-күмбезді құрылыс. Күйген қыштан қаланған, есіктері ою-өрнектермен өшекейленген. Төбесі қос күмбехден тұрады. Олар өзара арқа арқылы бекітіліп, күмбездер сырт жағынан есікке тіреледі. Ішкі бөлменің орта шеніне тастан пирамида түрінде жасалған есігі бар. Сондай –ақ тастан пирамида түрінде жасалған сағана қойылған.. Оған жерленген адамның аты-жөні араб тілінде жазылған, жазуды В.В.Бартольд, А.М.Беленицкий оқып шықты, ал 1949 жылы құрылыстың өлшемдері алынып, жоспары сызылды. Бұл зерттеулер нәтижесінде кесененің XIII ғ. салынғаны анықталды. Бұл ескерткіш те күрделі жөндеу мен қайта қалпына келтіруді, айналасын абаттандыруды күтіп тұр.

Таразға 18 шақырым жерде орналасқан Айша-бибі аулында XI-XII ғ.ғ. жататын ғажайып сәулет ескерткіші - Айша-бибі мен Бабажы Хатұн кесенелері бар. Айша-бибі кесенесі Б.П.Деникенің бағалауынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы сол замандардағы ескерткіштердін ең үздігі болып табылады. Кесене құрылысын В.А.Каллаур, А.Н.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық медениет экспедициясы, Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Кесенені Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Айша-бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 метр биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде деген сөздер жазылған. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстур айқын анғарылады. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне қарайтын тарихи, мәдени ескерткіштерді жобалау-қалпына келтіру институтының сәулетшісі А.Итенов басқарған мамандар тобының жасаған жобасының екі нұсқасын 90 жылдардың басында Одақтық дәрежедегі ғылыми кеңес қарап берген болатын,

енді сол жобаларды Қазақстанның өз мамандарынан құрылған Мәдениет комитетінің жанындағы ғылыми кеңесте қарап, бір шешімге келіп, сол комиссияның бекітіп берген нұсқасына сүйене отырып, Айша-бибі кесенесін қайта қалпына келтірсек, елімізге үлкен абырой болар еді, әрі бұл кесене Ұлы Жібек жолы бойында жатқандықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 27 ақпанында бекітіп берген «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламада да жақын уакытта орындалуы кезек күттірмейтін мәселе екені айтылған. 1990 жылдар ортасында сәулетші Ә.Итеновтің жан-жақты зерттеп жасаған, ескерткішті қайта қалпына келтіру жобаларында көрсетілген және кесененің өзінде сақталған қыштарға қарап, оның оюлы терракоталық қаптама қыштарына зерттеу жүргізіп, ондаған түрін біздің басқармамыздың Түркістандағы филиалының лабораториясында және ескерткіштің қыштарын қолмен құйып, өрнектерін қашаумен ойып, күйдіріп, кірпіш жасайтын цехтарымызда дайындаған болатынбыз. Соңынан ол қыштарымыз сарапшылардың жоғары бағасын алған еді. Егер кесене құрылысын қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілетін болса, біздің мекемеміздің өз мамандарының күшімен ғажайып сәулет өнері— Айша-бибі кесенесінің сан түрлі қима қыштарын Түркістандағы өндіріс базасында дайындауды жалғастырып, ескі әдіспен жер асты пештерінде күйдіріп, лаборатория сынағынан өткен соң, кесене құрылысын Тараз қаласындағы арнаулы тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру шеберханасынын жұмысын қайта жандандырып, мамандарын осы жұмыстарға тарта отырып, бәріміз бірлессек кесенені қайта қалпына келтіруге толық мүмкіндігіміз бар.

Және бір айта кететін мәселе, Айша-бибі мен Бабажы Хатұн кесенелері Алматы - Шымкент үлкен көлік жолы бойынанкөрінуіне жасап тұрған бір екі үйді көшіріп айналасын көріктендіру, келіп-кетушілерге қызмет ететін орындар қарастыру қажет. Сондай-ақ кесенелер төбе басында тұрғандықтан оған үлкен жол тұсынан шығатын баспалдақтар жасайтын болсақ, Ұлы Жібек жолы бойының тағы бір әсем де тарих, мәдени ошағы болып, Жамбыл облысының туристік инфрақұрылымы орталықтарының біріне айналар еді./56/.

Бабажы Хатұн кесенесі текше пішінді, тік бұрышты күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Айша-бибі кесенесінің маңына орналасқан бұл кесене - орта ғасыр сәулет өнерінің кезеңдік дамуын сипаттайтын құрылыс, Күмбез өру ісінде мұндай конструкциялық тәсіл Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездеседі. Мұндай қобылы кұмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерде ғана бар. Бабажы Хатун ескерткіші сырт пішінінін жинақы әрі қарапайым, оймыш өрнектерінің үйлесімді, кірпіш қалауының сапалы болуымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ескерткіш қабырғалары, барабаны мен күмбезінің едәуір жері қираған, алайда қолда бар тарихи құжаттарға сүйене отырып кесенені толық күрделі жөндеуден өткізіп, қайта қалпына келтіруге болады. Ғалымдар бұл ескерткішті Х-ХІ ғасырларға жатқызады.

Аталған ескерткіштерден басқа Жамбыл облысында тарихи ескерткіштер жетерлік. Солардың бірі, қала ішінде орналасқан XIX ғасырда салынған Нәмбетбай мешіті, XX ғ. басында салынған Әбдіқадырбай мешіті. Төрткөл қаласы және қала маңына орналасқан Бектөбе-Жувихат, Жуантөбе-Атлах, Жалпақтөбе-Шігіл болып табылады. Жазба деректер, сондай-ақ, Таразға жақын орналасқан Тойлыкент—Адахкент, Оққұм-Дех Нуджикес, Шелжі, Сус, Күл, Жаңа Талас, Хутухчин, Берукет, Кенжек, Жаңа Балық т.б. көптеген қалалардың болғаңдығынан хабар береді./57/.

Көне Тараз өңірінің тарихы тым тереңге кетеді, алайда қала тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Сондыктан мерейтой өткізер алдындағы уақытты тиімді пайдаланып қалуымыз қажет және шамамыз келгенше археологиялық ғылыми зерттеу, Қазақстан жеріндегі тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін есепке алуды жалғастыру, оларды сақтап қалумен қатар, қайта қалпына келтіру, айналасын көріктендіру жұмыстары тұрақты түрде жалғастырыла берсе тарих алдындағы, келер ұрпақ алдындағы борышымызды өтеген болар едік.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет