Мазмұны кіріспе І тарау


Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінде қолданылатын критериалды бағалау



бет10/16
Дата18.12.2021
өлшемі70,42 Kb.
#102828
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Документ (3) (4)
3 сынып КМЖ, 2050 стратегия(1)
1.3. Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінде қолданылатын критериалды бағалау

«Назарбаев Зияткерлі мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушылардың оқытудағы жетістіктерін бағалаудың тұтас жүйесін құрды. Ол отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін әрбір оқушыны конкурстық іріктеуден бастап мектепті бітіріп шыққанға дейін сүйемелдейді.

Оқу жетістіктері бағалау формативті және ішкі жиынтықты бағалау, жетістіктер мониторингі жолымен критерийлік тәсіл негізінде жүзеге асырылады, ол оқушылар бастауыш, негізгі және жоғарғы мектептерді аяқтағаннан кейін жиынтық аттестаттау кезінде сырттай жиынтық бағалау жолымен оқу үдерісін бір жыл бойы қадағалауға мүмкіндік береді.
Білім берудің жаңа мазмұнын тиімді енгізу шарттарының бірі дер кезінде педагогикалық қолдау көрсету үшін әрбір оқушының оқудағы жетістіктері туралы ақпарат беретін оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін барабар бағалай алатын бағалау жүйесінің болуы болып табылады.

Елдің жалпы білім беретін мектептерінде қолданылатын,оқушылардың жеке жетістіктерін көптеген оқушылардың тиісті деңгейімен немесе нәтижелерімен салыстыруға бағытталған дәстүрлі бағалау жүйесі бұл талаптарға сәйкес келмейді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ-ның Білім беру сапасын бағалау департаменті 2010 жылдан бастап оқушылардың оқудағы жетістіктерін әзірлейді, жетілдіреді және сын тұрғысынан бағалайды. Басқа елдердің халықаралық тәжірибелері зерделенеді: АҚШ, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Сингапур, Англия, Гонконг, Австралия және басқа Халықаралық Бакалавриат мектептерінің тәжірибесі.

Критериалды бағалау түсінігі мен оны қолданудың жалпы тәсілдері анықталды, бұл 2010 жылы Зияткерлік мектептері үшін оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау моделін жасауға мүмкіндік береді. Халықаралық Бакалавриат мектептерінің оқыту бағдарламаларының ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеді.

2011-12 оқу жылында критериалды тәсіл физика- математика бағытындағы мектептердің 7 сыныптарында және химия- биология бағытындағы мектептердің 8 сыныптарында сынақтан өткізілді.

2012-13 оқу жылында Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізуді бастау білім берудің жаңа жүйесіне кіріктірілген бағалау жүйесінде де өзгерістер енгізуді талап етті.

Бағалау- бұл оқушыларды оқудың жоспарлы мақсаттарының нәтижелеріне нақты қол жеткізу сәйкестігінің деңгейін белгілеу. Сондықтан да Зияткерлік мектептегі оқу бағдарламаларының маңызды ерекшелігі оқыту мақсаты түріндегі нақты қалыптастырылған күтілетін нәтижелер болып табылады, бұл бағалауды өлшемдерінің негізінде қолдануға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау- оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге және дербес оқытуды түзету мен оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін алдын ала белгілі болған өлшемдерге сәйкес оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау.

Критериалды бағалау формативті, ішкі жиындық және сыртқы жиынтық бағалау арқылы іске асырылады.

Формативті бағалау- бұл оқудың қандай сатыда екенін, оқушының нәтижесі жоғары болу үшін не істеу керектігін, тоқсан бойы оқыту мен оқу үдерісінде үздіксіз кері байланысты қамтамасыз ету үшін оны қалай істеу керектігін белгілеу мақсатында оқушы мен оқытушы қолданатын дәлелдеоді іздестіру және көрсету.


Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ- ның Педагогикалық өлшемдер орталығының мамандары бағалау құралдарын әзірлеуде: тапсырмалардың тестілік ерекшеліктері менжиынтығы. Тестілік ерекшеліктер мұғалімдердердің кәсіби қоғамдастығына қызмет көрсету және оқушыларды дайындау үшін мектептерге алдын ала берілетін пәндер мен сыныптар үлгілерінің сипаттамасын қамтиды. Ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары оны өткізер алдында мектептерге жіберіледі.

Оқушылардың нормативтік және ішкі жиынтық бағалау үдерісінде оқыту мақсаттарына қол жеткізу нәтижелері 30:70 пайыздық арақатынаста тоқсандағы және оқу жылындағы қорытынды бағаларды айқындау үшін пайдаланылады.

Бағалау үшін нені болмасын ұсынылатын талаптарға шешімдер қабылдау негіздері, қағидалар секілді крийтерийлер қолданылады. Крийтерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларға (әрбір нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дискрипторға сәйкес бағалау- бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.

Бағалау 4 өлшем бойынша жүзеге асырылады. Тілдік емес пәндер бойынша «Білім және түсіну», «Білімді қолдану», «Талдау, синтез, зерттеу», «Коммуникация» өлшемдері қолданылады.Тілдік пәндер бойынша «Оқу», «Аудиттеу», «Сөйлеу», «Хат» өлшемдері қолданылады.

Критериалды бағалауды енгізу мақсатында мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін оқыту семинарлары өткізілді. Педагогика ұғымдары оқушылар және ата- аналармен ақпараттық- түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Критериалды бағалауды енгізу оқушылар сияқты мұғалімдер үшін де белгілі бір қиыншылықтарға кездесіп отырды. Ол критерийлер бойынша бағалау кезінде оқушылар білімі сапасы көрсеткішінің барынша төмендеуіне байланысты болды. Мәселен, 2012-13 оқу жылының 1- тоқсанның қорытындылары бойынша бағалау кезінде оқушылар білімі сапасы 44,9% болса, оқу жылының соңына қарай бұл көрсеткіш 80,1% жетті. 2013-14 оқу жылының 3- тоқсанының қорытындылары бойынша білім сапасы 84,9% құрады.

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі өкілдерінің пікірлері бойынша критериалды бағалауды енгізу кезіндегі білім сапасы көрсеткішінің төмендеуі барынша объективті бағалауға байланысты болуда.

Жүргізілген тренингтер мен ұсынылған әдістемелік материалдарға қарамастан критерийлерге сәйкес білімді іріктеу кезінде қиындықтар сезілді, оқушының оқудың мақсатына қол жеткізгені немесе жеткізбегені туралы кәсіби пікір айту кезінде қиындықтар болды.

Бұл қолданылатын төрт крийтерийдің шеңберінде оқушының нені білетінін бағалау үшін біріңғай стандартты тәсілдің жоқтығына байланысты болды.

Бір пәннен беретін педагогтер бір тақырыпты оқыту кезінде саны мен сапасы әртүрлі дескрипторларды қолданды, бұл сыныптар мен мектептер арасында қатарлас салыстыру жасауға мүмкіндік бермеді.

Сондықтан да, Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің сарапшыларымен бірлесіп формативті бағалау кезінде оқыту мақсатына қол жеткізетін «табыс критерийлері» деп аталатын критерийлерді әзірлеу мен стандарттауды бастадық.

Табыс критерийі- бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар. Табыстың мұндай критерийлері 1,2,7,8,9,11 және 12 сыныптар үшін барлық пәндер бойынша әзірленді. Осы бағытта 3-6 және 10- сыныптар үшін жұмыс жалғасуда.

Жаңа оқу жылында табыс критерийлері сынақтан өткізіледі және Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің ұсынымдары ескеріле отырып одан әрі пысықталатын болады.

Формативті және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін жүргізеді- бұл біріңғай стандартталған тәсілді жасау мақсаттарында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау.

Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, сыртқы жиынтық бағалауда тілдік пәндер бойынша «сөйлеу» дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады.

Оқушылардың формативті және жиынтық бағалауларының нәтижелерін жинақтау үшін оқыту мақсатында қол жеткізілген дәлелдеу ретінде оқушының портфолиосы пайдаланылады. Оған оқушының жұмысы, оны бағалау критерийлер, өзін- өзі бағалау қорытындылары, мұғалімнің пікірлері мен ұсыныстары жапсырылады.

Портфолио оқушының оқудағы жетістігі туралы ата- аналармен кері байланыс жасау үшін қолданылады.

Критериалды бағалауды қолдану оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыруға, оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуге және сол оқыту үдерісін қамтамасыз етуге, оқу бағдарламасының сапасын бағалауға, барлық мүдделі тараптарға оқыту нәтижерелі туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Кембридж университетінің Халықаралық емтихан Кеңесінің 2014 жылғы қаңтарда Зияткерлік мектебі оқушылармен жүргізген он- лайн сауалнамасы жалпы алғанда оқушылардың бағалау критерийлері жүйесін дұрыс қабылдайтындарын көрсетті

Оқушылар, сондай- ақ, дәстүрлі бағалау жүйесі кезінде жақсы баға алу жеңіл болғанын атап өтті.

Зияткерлік мектептерінің критериалды бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжірибесі Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту кезінде қолданылатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет