Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет14/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері

2.2.1 Техникалық неологизмдер


Осы уақытқа дейін сөздіктерде бекітілмеген, алайда техникалық әдебиетте қолданылып отырған сөздер аз емес. Оларды шартты түрде «техникалық неологизмдер» деп атайық және бірнеше мысалын келтірейік: prediction (үлгі бойынша есеп), field (пайдалану), for­mulation (химиялық құрамы), brassboard (сынақ үлгісі – breadboard [функциональды сүлбі, экспериментальды үлгіден бұрын болады] сөзімен шатыстырмау қажет, production prototype [түптұлға, сериялы бұйымдардың алдында болады], commer­cial product (өнеркәсіп бұйымы) және take-off (материалды-техникалық жабдықтау).


Engineering сөзін толығырақ анықтау қажеттілігіне тоқталайық. Соңғы уақытта бұл сөз әр түрлі мағыналарда қолданады. «Техника», «техникалық» және «дайындау мен жобалау» белгілі мағыналарды білдіретін сөздермен бірігіп, «дайын бұйымның инженерлік талдауы». «инженерный ана­лиз готового изделия» (reverse engineering), «конструкторлық пысықтау», «конструкторская проработка» (engineering study), «жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «обеспечение безопасности сис­темы» (system safety engineering), «өнеркәсіптің ұйымдастырылуы», «организация производства» (industry engineering), «планирование транспортного обеспече­ния», «көлікпен қамтамасыз ету жұмысын жоспарлау» (logistics engineering), «проведение технических испытаний», «техникалық сынақты жүргізу» (test engineering), «проектирование специального оборудования», «арнайы жабдықты жобалау» (specialty engineering), «разработка способов экономии средств» или «технико-экономический анализ», «қаражатты үнемдеу әдістерін дайындау» немесе «техникалық-экономикалық талдау» (value engineering), «сан­техника», «санитарлық ­техника» (sanitary engineering), «системный подход к проектиро­ванию», «жобалаудың жүйелі амалдары» (system engineering), «технологическая подготовка произ­водства», «өнеркәсіптің технологиялық дайындығы» (production engineering), «эргономика» (human engineering) және т.б. Үш сөзден тұратын engineering-procurement-construction (EPQ) engineering сөзі «проектирование», «жобалауды», ал designing-engineering-constructing сөздерінен тұратын engineering сөзі «комплектация», «жиынтықтау» мағынасын білдіреді [15; 84].
Ағылшын тілінде техникалық неологизмдер әрқашан пайда болуда және сөздіктер бұл үдеріске үлгермейді. Мысалы software сөзі, ол ағылшын тілінде жақын арада пайда болды, компьютерлердің дамуымен бұл сөз сөздіктерге «қамтамасыз ету бағдарламасы» ретінде кірді. Ал, техника тілінде software сөзі әлдеқашан резеңке-техникалық бұйымдардың жалпы мағынасын білдіретін сөз болып табылады, бірақ бұл мағына сөздіктерде жоқ. Мысалы:
All software parts such as rings, oil seals, gaskets and oil separator ele­ments are supplied in a one box kit.
Все резинотехнические изделия, например, кольца, масляные уп­лотнения, прокладки и элементы сепараторов поставляются в од­ном наборе.
Резеңке-техникалық бұйымдардың барлығы, мысалы, сақиналар, майлы тығыздауыштар, резеңкелі аралық қабаттар мен айырғыш құралдарының элементтері бір жиынтықпен жеткізіледі.
Кей кезде техникалық неологизм бар сөзге ұқсас етіліп, құрастырылады. Мысалы tagout сөзі, бұл сөз lockout (тосқауылдық) сөзінің ұқсастығына байланысты пайда болды. Тосқауылдық – жабдықты жөндеу үшін құрылғының барлық қоректендіру көздерін ажырату. Қауіпсіздік техникасына орай, жөндеу жұмысы жасалып жүрген жабдықтарға қоректендіру көзін қосу туралы ескертетін тақтайшалар (tags) ажыратқыштарға ілініп қойылады. Мұндай ескерту тақтайшаларын дайындау және ілу жұмысы tagout деп аталады, ал осындай тосқауылдықтың формасына қарай «тақтайшалау» (немесе «тақтайша») өте тың неологизм болғандығына байланысты, сипаттамалы аударманың жасалуы қажет: «ескерту тақтайшаларын орнату»; қайталау болған кезде «тақтайшаларды орнату» ретінде жазуға болады. Техникалық неологизмнің мағынасын тек қана контекстен ұғынуға болады. Мысалы, tagout үшін контекст: Tagout should be used in conjunction with the lockout procedures. Tag the energy isolating device(s) after locking out, with a description of the work being done, and the name of the person involved.
Компьютерлердің өмірімізге қарқынды түрде енгізілуі, жаңа іс-әрекет түрлерінің және жаңа мамандықтардың пайда болуына әсер етті. Осы жағдайда көбінесе бір ағылшын сөзінен тұратын жаңа ұғымдар пайда болды. Мұндай сөздердің сипаттамалы аудармасын жасаудың еш мағынасы жоқ, себебі сипаттамалы вариант күнделікті пайдалану үшін қолайсыз. Мысалы:
Ірі мекемелерде компьютер техникаларының үлкен паркі бар және олардың барлығына қызмет көрсету жұмыстарын өз күшімен жасау тиімсіз. Осыған орай, компьютер техникасын жеткізу, оған қызмет көрсету, реттеу, жөндеу және техникалық жәрдем жұмыстарын жасайтын арнайы мекемелер пайда болды. Тапсырыс беруші мекеме үшін осы жұмыстың түрі компанияға қатысты сыртқы жұмыс болғандықтан, outsourcing атауына ие болды, ал техникалық қазақ тілінде «аутсорсинг» сөзі туындады және осыған лайықты түрде, аутсорсинг нарығы, аутсорсинг қызметтері, аутсорсинг тәжірибесі және т.б. (осымен қатар, соңғы уақытта кейбір делдалдық аудармашы мекемелер мен бюролар өздерін outsourcer деп атайды).
Аудармашы техникалық неологизмдерді анықтап, олардың басылатын сөздіктерге енгізілуін күтпей-ақ, өзінің сөздігіне (контекспен бірге) жазып алуы аудармашы үшін өте тиімді (жалпы техникалық сипаттағы неологизмдерді айтқанда,біз тар шеңберлі техникалық терминдерді есепке алмаймыз, олар туралы басқа тарауда қарастырылған).
Белгілі болғандай, сөздердің көп мағыналығынан басқа, сөздерге синонимия да тән, яғни сөздердің басқа түбірлі сөздердің мағынасына ұқсастығы. Бұл ұқсастық толық немесе жартылай болуы мүмкін. Әсіресе аудармашы үшін шет тіліне аударуда, атап айтқанда, ағылшын тіліне синонимиялар көп қиыншылықтарды тудызады. Мысалы, қарапайым «реконструкция» сөзін алайық. Осы сөзді ағылшын тіліне әр-түрлі он синонимиямен аударуға болады, алайда әр аударманың өзіне тән ерекшелігін ескерген жөн. Себебі реконструкция – әр уақытта reconstruction сөзі (кей кезде техникалық ЖОО-ның грамматикасында осылай жазылады) болмайды, бұл мағынасы «қайта құрылыс» немесе «құрылыстың қайтадан басталуы» болатын нағыз «жалған дос». Бұдан басқа, бір қарағанда жеңіл аударылатын тағы бір сөз бар, ол – redesign. Техникада Design сөзі «ди­зайн», «есеп», «жоба», «жобалау», «құрылымдау» және «құрылым» мағынасын білдіреді. Ал, Redesign сөзі болса «реконструк­ция» емес «жаңадан жобалау» мағынасын білдіреді. Ал «реконструкция» сөзі төмендегі синонимдермен ағылшын тіліне аударылады:
modernization – модернизация: өнімділіктің артуына себепші, қондырғы жұмысының тиімділігін арттыратын; — модернизация, приводящая к росту произ­водительности, эффективности работы установки;
revamption = revamp – modernization мағынасындай (мұнай химиясында кең қолданады); — то же, что и modernization (широко употребляется в нефтехимии);
retrofit – жартылай реконструкция, бұл жағдайда кейбір түйін (түйіндер) толығымен алмастырылады, ал қалғандары өзгеріссіз болады; — частичная реконструкция, при которой целиком заменяется какой-либо узел (узлы), а остальные узлы остаются без изменений;
upgrade = upgrading – модернизациялау, ескі жабдықты толығымен немесе жартылай жаңасына алмастыру (мысалы, барлық ескі токарлық станоктар жаңа станоктармен алмастырылады); — модернизация, связанная с полной или частичной заменой старого оборудования на новое (напри­мер, все старые токарные станки заменяются на новые токарные);
modification - updating – түрлендіру, қайта қаруландыру, жаңарту, техниканың соңғы жетістіктерін қолданып жетілдіру; — модификация, перевооружение, обновление, усовершенствование с использованием последних достижений техники;
conversion – қайта жасау (мысалы, жаңа технологияға көшу мақсатында); конверсия (басқа өнімге көшу); — переделка (например, с целью перехода на но­вую технологию); конверсия (переход на другую продукцию);
extension – өндірісті, цехті, зауытты кеңейту (бұл ретте станоктардың саны арттырылады, мүмкін ескі тіпті станоктармен бірге); — расширение производства, цеха, завода (при этом увеличивается количество станков, возможно, и старого типа);
refurbishment = reinstatement – қалпына келтіру (мысалы, жарамсыз құбырларды қалпына келтіру); — восстановление (например, трубопроводов, пришедших в негодность);
recondition – бұл ұғым refurbishment сөзінің мағынасына жақын және «қалпына келтіру» мағынасын білдіреді. Оны «Қалпына келтіруші жөндеу» деп аударуға кеңес берілмейді. Осыған орай, reconditioned сөзін «жөнделген» емес, «қалпына келтірілген» деп аудару қажет; — это понятие близко к refurbishment и тоже оз­начает «восстановление». Переводить его как «восстановитель­ный ремонт» не рекомендуется. Соответственно, reconditioned следует переводить как «восстановленный», а не как «отремонти­рованный»;
turnaround – модернизациямен қатар күрделі жөндеу. Осындай жөндеу жұмысының нәтижесінде кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері жақсарады, ал пайдалануға жарамайтын мүліктер ұтымды түрде сатылуы мүмкін. Бұл терминнің жақын арада пайда болғандығына байланысты, оның мағынасын анықтау үшін екі мысал келтіреміз: — капитальный ремонт с модернизацией. В ре­зультате такого ремонта улучшаются экономические показатели предприятия, а пришедшее в негодность имущество становится возможным выгодно продать. Поскольку этот термин появился относительно недавно, приведем два подтверждающих его значе­ние определения:
Turnaround is the term used when the poor performance of a company or the business experiences a positive\eversal.
Turnaround property — a deteriorated property that can be restored and sold for a gain.
Мысалы, мұнай өңдеу зауыттарындағы (МӨЗ-дағы) қондырғылардың turnaround туралы жазылған контекстер модернизациялаудың бар болғандығына дәлел, себебі бұның барысында жанар-жағар майдың жаңа түрлеріне ауысу және пештерде азоттың тотықтарының пайда болуымен күресудің амалдары қолданылды. (екеуі де жаңа құрал-жабдықтарды талап етеді) [15; 91].
Техникалық мәтіндерде күрделі жөндеудің overhaul сөзімен біріккен «қосылуы» кездеседі. Бұл термин әдетте тек қана –құрал-жабдықтың күрделі жөнделуін білдіреді және осы аударма ағылшынша-орысша сөздіктерде көрсетіледі. Осымен қатар, оксфорд сөздігінде де: Overhaul - Thorough examination (with repairs if necessary) жазылған. Практика жүзінде дәл осыны Вебстер сөздігінде де кездестіреміз (тексеріп - қарау және жөндеу). Бірақ соңғы уақытта авторлар overhaul сөзін «күрделі жөндеу » емес «модификация» ретінде қолдануда. Атап айтқанда, жаңа автокөлік түрлерінің сипаттамасында complete over­haul термині жиі қолданады, яғни «толық модификация».
Екінші жағынан, ана тіліне аудару барысында синонимдерді талдау қиын емес, тек қана сөздіктердегі сөздің барлық баламаларын мұқият оқу қажет. Ал, төменде жазылған сөздер зұлымдыққа толы. Бұлар - «бөспе» сөздер, тұзақ сөздер және сүріндірме сөздер.
Америкалық математик Джон Кемени, өз кітабының кіріспе сөзінде қалжың-шыңы аралас келесі сөйлемді жазған: «Оқырмандардың көбі кітапта кездесетін «бөспе» сөздердің санына және қиын түсінетін орындардың молдығына қарай кітаптың тереңдігін талдайды». Қалай болғанда да, кейбір америкалық және ағылшын авторлары әдеттегі plan және design орындарына «маңызды» concept сөзін ұнатады. Ең ұнамды «бөспе» сөздер үшін бірнеше мысалдар: basis, capacity, configuration, environment, format, mode, pattern, response, technology, theory. Кейбір жағдайларда, сөздердің жанындағы осы сөздерді ауыстыра алатын «бөспе» сөздер қолданады, нәтижесінде мәтінде ақталмаған артықшылық пайда болады. Қазақшаға аударғанда мәтін мағынасын бұзбай-ақ, «бөспе» сөздерді қалдырып кетуге болады.
Мысалы:
A schematic drawing of the boiler configuration is shown in Fig. 1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет