Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
Drilling and repair of oil-and-gas wells. -


Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және жөндеу.

Мұндағы Drilling сөзінің аудармасын сөздіктен қарайтын болсақ, сөздікте бұрғылау, тесу, жөндеу, қатарда жүру, жаттықтыру т.с.с бірнеше баламалары берілген. Сондықтан бұл жағдайда қолданылу саласына байланысты аударма тілге бұрғылау деп жеткізілген. Ал oil-and-gas терминдері мұнай және газ болып жеткізілген. Oil – мұнай болып дайын баламасы арқылы жеткізілсе, gas -газ болып транслитерация тәсілі көмегімен жеткізілген. Ал wells – ұңғымалар болып дайын баламасымен берілген.


Assembly and disassembly of control head with the main and auxiliary hoist. –


Негізгі және қосымша жүк шығырмен саға жабдығын жинақтау мен бөлшектеу.


Мұндағы hoist –жүк шығыры болып қазақ тіліндегі дайын баламамен жеткізілген, яғни аударма тілде бұл сөз кең қолданыста дегенді білдіреді, ал
control head тіркесі аудармасы түсінікті болу үшін саға жабдығы деп, яғни сол салада түсінікті болу үшін бас бақылау болып аударылмай, саға – жоғарғы шеті дегенді білдіретіндіктен жалпылап жабдық сөзін қосып аударған.


Fishing and other works – ловильді және басқа жұмыс түрлері

Мұндағы fishing сөзін аулау деп аударса да болады, бірақ аудармашы орыс тіліндегі баламасын транскрипция тәсілі арқылы қазақ тіліне жеткізген.




Flange for connection of drawworks is equipped with cable layer that provides uniform wire winding. –


Бұрғылау жүкшығыры арқанды біркелкі орауды қамтамасыз ететін арқанқаптағышпен жабдықталған.
cable layer – арқанқаптағыш деп калька арқылы аударған, яғни бірінші компонент бұрғылау саласына сәйкес арқан болып аударылса, екінші компонент арқанды ораумен байланыстырып, қаптағыш болып аударылған.
flange - бұрғылау жүкшығыры болып, қазақ тілінде тура баламасы болмағандықтан, суреттеу тәсілі көмегімен жеткізілген.

Device for fixing of hook block and protection of the derrick from damage when moving the rig.




Қондырғының жылжуы кезіндегі ілмекблокты фиксациялау және діңгекті бұзылудан қорғау құрылғысы.

Аудармашы hook block – ілмекблок деп калька арқылы, соның ішінде тіркестің бір компонентін транскрипция арқылы аударған. Ал derrick діңгек болып баламасы арқылы аударылса, rig – жәй ғана жалпылап, қондырғы деп аударылған, бұрғылау мұнарасы болып аударылуы тиіс еді.




Round trip with sucker rods, tubing and drill pipes. –


Сорғы штангаларымен, сорғы-компрессорлы және бұрғылау құбырларымен түсіріп-көтеру операциялары.

Бұл аудармада байқап отырғанымыздай мұнай-газ саласына қатысты лексика көп қолданылған, яғни sucker rods орыс тілінен калька арқылы қазақ тіліне аударылған, себебі ағылшынша-қазақша сөздік насосно-компрессорная штанга деп берген және аудармасы сорғы-компрессорлы штангалар, tubing and drill pipes- бұрғылау құбырлары болып калька көмегімен аударылған және аудармада тілдік нормаға сәйкес, яғни қайталану болмас үшін tubing түсірілген.


Mobile drilling complex MBK-125 “Ishim”


Жедел әрекетті МБК-125 бұрғылау комплексі


Mobile сөзі түсіндірме тәсілі арқылы Жедел әрекетті болып аударылған, ал drilling complex - бұрғылау комплексі болып калька көмегімен қазақ тіліне жеткізілген. MBK-125 - МБК-125 болып транслитерация көмегімен графикалық бейнелеу арқылы жеткізілген. Ал complex сөзі транскрипция көмегімен, яғни дыбысталуын аударма тіл әріптерінің көмегімен бейнелеу арқылы аударма тілге жеткізілген. Комплекс сөзі қазіргі кезде қазақ тілінде кешен болып көп қолданылуда, бірақ аудармашы транскрипцияны таңдаған.

Ability to clogging over the territory in patency operation during those wells sandy parts and crevices, paraffins and resins.


Ұңғыма эксплуатациясы кезінде түптік аумақ жынысының өткізгіштігі ондағы тесіктер мен жарықшақтардың құмды бөлшектермен, парафиндердің және смолалардың жиналуымен бітеліп, азаюы мүмкін.


Crevices – жарықшақтар аудармасында дайын балама алынған; Clogging – бітелу дайын балама арқылы аударылған; sandy parts - құмды бөлшектер калька көмегімен аударылған; paraffins – парафиндер транслитерация арқылы аударылған; resins – смола дайын балама арқылы аударылған.


Consisting of reduced mechanical mixtures at cross points and lights on wells.


Айдау ұңғымаларында түптік аумақтың өткізгіштігі жыныстағы тесіктер мен жарықтардың жиналуымен бітеліп, азаюы мүмкін.


Мұндағы cross points - түптік аумақтың өткізгіштігі болып суреттеу арқылы аударылған, ал reduced mechanical mixtures - тесіктер мен жарықтардың жиналуымен бітеліп, азаюы мүмкін болып түсіндірме арқылы аударылған, себебі әр бір сөз аудармасы жалпы сөйлем мазмұнын бермейді. Аудармашы процестің қалай орын алатындығынан хабардар болғандықтан, толық суреттеуге жол беріп отыр.


Осыдан келіп бұрғылау қондырғысы элементтерінің атауларының аудармасына назар аударалық.
Rig Design - бұрғылау қондырғысының құрылысы

  1. лақтырындыға қарсы превенторларды жабуға арналған жабдық-BOP closing system

  2. құбырға арналған көлбеу алаңды саты - staircase with a pipe ramp

  3. қозғалтқыштар мен ауа компрессорлары - engines and air compressors

  4. бұрғылау ерітіндісін ұңғымаға қайтару сызығы - mud return line

  5. қозғалтқыштар мен генераторлар - engines and generators

  6. превенторлар тобы - blowout preventor stack

  7. мұнара асты табаны - wellhead platform

  8. бұрғылауды басқару пульті - driller's console

  9. бұрғылау ерітіндісін бұру сызығы - mudline

  10. бұрғылау ерітіндісіне арналған ыдыс - mud tank

  11. дросселді манифольд - choke manifold

  12. түтікшелі шамдал - pipe racking board

  13. тербелмелі платформа - tilting platform

  14. бұрғылау жұмыс алаңы - rig floor

  15. бұрғылау ұршығы - drilling swivel

  16. таль блогы - travelling block

  17. бұрғылау жүкшығыры - drawworks

  18. бұрғылау сорғысы - mud pumps

  19. құбырларға арналған сөре - pipe rack

  20. кезекші рубка - doghouse

  21. бұрғылау ілмегі - drilling hook

  22. бұрғылау құбыры - drill pipe

  23. бұрғылау құбыршегі - mud hose

  24. бұрғылау белдігі - walkway

  25. бұрғылау тіреуі - standpipe

  26. дірілелек - shale shaker

  27. ротор үстелі - rotary table

  28. жүк көтергіш арқан - drill line

  29. кронблок - crownblock

  30. діңгек – mast

"PROGRESS" ЖӘНЕ ЖҰМЫС БАРЫСЫ»
Егер әңгіме жұмыстың жүруі мен жалғасуы жөнінде болса, онда work is underway / ongoing / progressing: тіркесін пайдалану дұрыс болады
Қазіргі уақытта дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. - The welding is currently underway.
Нысанды зерттеу жұмысы жалғасуда. - The investigation is ongoing.
№ 2.жүк көтергіш кранының сидағына жөндеу жұмысы жүргізілуде - Crane #2 boom repair is in progress.
Жұмыстың жоғары шапшаңдықпен жүруін айқындау қажет болған жағдайда төмендегі тіркестерді пайдалануға болады:
Ресейдегі бірінші СПГ зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр - Russia's first LNG plant is progressing at full speed.
Пригородныйдағы құрылыс жұмысы екпінді қарқынмен жүріп жатыр - Construction work at Prigorodnoye is currently proceeding at a fast pace.
Жұмыстың көбі істеліп болғанын көрсету керек болса, аударманың мынадай нұсқаларын қолданамыз:
Жетілдіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сондықтан 2008 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс. - The upgrading works are well underway and the completion is due in spring 2008.
Мұнай және газ терминдері бар келесі мысалдарды қарастырайық:
CHEMICAL DISALTING
Application: To remove inorganic salts from crude oil so that these will not be present to cause plugging of exchangers, coking of furnaces and corrosion. The processes also provide removal of arsenic and other trace metals which act as poisons to catalytic cracking catalysts.
Charge: Crude oil.
Product: Crude containing five to ten pounds or less of salts per thousands barrels.
Description: The salts normally present in a crude oil can be retained in a refinery charge as crystalline suspensions and as entrained solutions with water. These salts break down during processing to form acids which increase corrosion. They also deposit in exchangers and tube stills to limit flow and cause hot spots. Some of the metallic constituents of the salts act as catalyst poisons.
The salts are held in the crude oil by organic film. They can be separated from the oil by water washing in the presence of special chemicals tailored to suit the type of salts present and the nature of the crude oil.
The chemical are added to the process stream with a pump which is usually of the positive displacement type. They are added upstream from the charge pump so they will become thoroughly mixed with oil. Caustic or acid may be part of the chemical mixture or either may be added separately later to adjust the pH of the solution.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет