Мазмұны кіріспе мұнай-газ материалдары аудармасы мұнай-газ терминдері бар мәтіндерін аударудың ерекшеліктері Мұнай-газ мәтіндерінің грамматикалық ерекшеліктері «алтиус петролеум интернэшнл»



бет8/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#79583
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
мұнай және газ терминдерін аудару ерекшеліктері
    Бұл бет үшін навигация:
  • Hot spots
Process water is used to dissolve the salts not already in solution. To assure good contact between the water and the crude, they are passed through a mixing valve to form an emulsion. In some cases the water is added upstream from the charge pump so that the emulsion is formed by the pump impellers.
The process is carried out at elevated temperatures. The temperatures varied from 1500 to 3500F depending upon the type of crude being processed. The heat lowers the surface tension of the oil, allowing water particles to coagulate easier. The heat also reduces the viscosity of the oil, giving less resistance to separation of the salt laden water.
A settler provides a quieting zone following the heat exchanger. The settler is often designed to allow settling times from 20 to 60 minutes. It may be equipped with baffles to reduce flow turbulence and channeling. Crude oil leaves the top of the settler while salts are withdrawn as a solution with the drain water.

ХИМИЯЛЫҚ ТҰШЫТУ


Қолданылуы: Жылуалмастырғыш бітеліп, пештер кокстеліп және тотықпас үшін шикі мұнайдан органикалық емес тұздарды шығару керек. Аталған процесс катализатор крекингіне у сияқты әсер ететін күшән мен өзге де ілеспелі металлдарды шығаруды қамтамасыз етеді.
Тиеу: шикі мұнай.
Өнім: 5-10 фунттан тұратын немесе 1 мың баррелге тұздан кіші шикізат.
Процестің сипаттамасы: Шикі мұнай құрамында болатын тұздар кристалл суспензия түрінде және су ерітіндісіне батырылған күйінде мұнай тазалау шихтасында сақталуы мүмкін. Бұл тұздар өңдеу барысында бөлшектеніп, тотығу процесін күшейтетін қышқылдарды түзеді. Сонымен қатар олар жылуалмастырғыш пен дистиллятор құбырда шөгіп, сұйықтың енуін азайтады да тат дақтарын құрайды. Тұздардың құрамындағы кейбір металлдар қопсыту қызметін атқарады. Тұздар мұнай құрамындағы тұздармен қатар шикі мұнайға да үйлесетін арнайы химикат қолданған кезде сумен шайылып кетуден сақталып, шикі мұнайда қалып қояды..
Химикаттар тұшыту процесінде поршень типтес сорғы көмегімен қосылады. Олар толтыру сорғысы арқылы ағысқа қарсы қосылады, сөйтіп олар мұнаймен әбден араласады.
Каустикалық сода немесе қышқыл химиялық қоспаның бір бөлігі болуы мүмкін, сондай-ақ рН ерітіндісіндегі деңгейді теңдестіру үшін соңынан қосылуы да мүмкін.
Тұздарды тұшыту үшін ерітіндіден тыс технологиялық су қолданылады. Су мен мұнайдың өзара жақсы әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында тұздар эмульсия түзу үшін қоспатүзу клапаны арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда суды ағысқа қарсы толтыру сорғысынан құяды, яғни эмульсия сорғы қанатшасынан құралады.
Бұл процесс жоғары қызуда жүзеге асырылады. Қызу өңделетін /мұнайға байланысты 150-тен 350о- ға дейінгі аралықтағы Фаренгейт шкаласы бойынша өзгеріп тұрады. Жылу мұнайдың үстіңгі жағындағы қысымды азайтып, су бөлшектерінің оңай қоюлануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге жылу мұнайдың жабысқақтығын азайту арқылы суды тұздан тазарту кезінде аз кедергі келтіреді.
Тұндырғыш жылуалмастырғыштың соңынан жүретін еркін аймақты қамтиды. Тұндырғыш судың тұру ұзақтығы 20 минуттан 60 минутқа дейін созылатын етіп құрастырылады. Ол турболеттік ағын мен арналардың құрылуын азайту үшін қоршаулармен жабдықталуы мүмкін. Шикі мұнай айырғыштың жоғарғы жағы арқылы өтеді де тұздар дренажды сумен бірге кетіп қалады.
Аударма бойынша түсіндірме

«Chemical desalting» мәтінін аудару барысында рецептор түсіну үшін мәтін қарапайым, сонымен бірге түпнұсқа мәтінінің дәл баламалы тең аудармасы болып табылатын техникалық аударманың қатаң стилін ұстану қажет. Бұл мәтін мұнай және газ бұрғылау технологиясы саласындағы білімді меңгерген рецепторға арналған. Адам қызметінің аталған саласы туралы еш түсінігі жоқ адамдарға химиялық тұшыту процесі тұрғысындағы күрделі операцияны баяндайтын мәтін 80-90%-ға түсінксіз болады. Сонымен қатар бұл материалда мұнайгаз саласындағы лексика мен техникалық сөздер өте көп. Жалпы сөздіктерден іздеп,табуға болатын, бірақ үйлесімді мағынасы тек арнайы техникалық және мұнайгаз саласындағы сөздіктерде болатын сөздер мәтінде көптеп кездеседі (түпнұсқа мәтініндегі аударуға ең қиын жерлер, сонымен қатар аудармада да қалық шрифтпен жазылған, сондықтан аударма барысында біз оларға баса назар аударуымыз тиіс). Осындай сөздер мен сөз тіркестерін аудару аудармаға қиындық туғызуы мүмкін.


Мысалы, exchanger сөзін бұл мәтінде біз, мәнмәтінді ескеріп және білім қорын пайдалана отырып, жылуалмастырғыш деп аудардық. Тұшыту процесі жоғары температурада жүзеге асырылатынын, аталған салада қызмет ететін кез-келген маман біледі. Екінші сөйлемде біз trace metals тіресін кездестірдік. Ағылшынша - қазақша политехникалық сөздіктен trace сөзінің мынадай аудармаларын таптық : 1) із; 2) қиылыс нүктесі; 3) белгілеу, жарқырау; 4) айқастыру. Мәнмәтінді білмеген жағдайда бұл сөзге қазақ тілінде балама сөз табу қиын. Алайда мәтінді зер салып оқығаннан соң әңгіме «айқасушы» емес ілеспелі металлдар туралы екендігі түсінікті болады. Refinery charge тіркесін біз мұнай тазартқыш құйма немесе толтырма емес, мұнайтазартқыш шихта деп аудардық, себебі бұл тіркес техникалық мәтін стиліне сәйкестеу нұсқа болып табылады.. Hot spots тіркесін «ыстық дақтар» деп аударған кезде сөздің мағынасы бұрмаланып, әңгіме не туралы екендігі түсініксіз болады, сондықтан бұл тіркестің дұрыс аудармасы тат дақтары. Осы абзацтағы келесі сөйлемде catalyst poisons тіркесі кездеседі, бұны сөзбе-сөз аударғанда «катализаторлық у» деген тіркес шығады. Алайда Атырау облысындағы Теңіз кен орнының мамандары аталған уды бір сөзбен – қопсытқыш деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет