Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу



бет35/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Қорытынды

Дипломдық жұмыста жалпы жасалған зерттеу жұмыстары палуандар бойынша спорттық жаттығу сабақтарының оқу-жаттығу топтамалары, күреспен айналысушылардың жас ерекшелік негізі, физиологиялық-психологиялық әсері толықтай топтастырылды.


Күресшілер дайындауда жас ерекшелік негізі - машықтандыру сабақтары күрес спорт үйірмесімен айналысушы жаттығушыларда жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөліп жүргізіледі. Олар: кіші топ 14-15 жас, үлкен (жоғары) топ 16-17 жас, жас өспірімдер тобы 18-19 жас және ересектер тобы 20 жас және одан жоғары жастағы жаттығушыларды топтастырады.
Бұр әрбір топ өз жас ерекшелігіне қарай, жарыс ережесіне сай бір-бірінен ажыратылып топтастырылады. Әрбір жаттықтырушы жаттығушылардың жас ерекшеліктеріне сай жаттығу мөлшерінің салмақ түсіруін көтеріп немесе бәсеңдетіп отырады. Жаттығудың артық салмақ түсіруі ағзаның қажуына әкеліп соғады. Сондықтан күрестің жалпы дене дайындығын арттыру мақсатында жекелей, жалпы, арнайы жаттығуларды өз деңгейінде қолдана отырып, негізгі мақсат жарыс сатыларында жоғарғы нәтижелер көрсетуге тұлға белсенділігін дамыту.
Физиологиялық әсері - жас ерекшелігіне қарай кіші топ 14-15 жас аралығындағылар ағзасының күш жинауда қарқынды дамыған, мүлтіксіз епті, төзімділігі артқан, барлық мүшелер жұмысы белсендіріліп, жас ерекшелігін қарай жүйке жүйесінің қалпы өзгеріске ұшырауы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысы, тұлғаны бойы, жайына қарай өзгеріске ұшырайды. Сондықтан 14-15 жас кезінде бұлшықет жұмыстарына көптеп жаттығулар жұмысының қарқындылығын күшейту қажет, соңынан тынығу керек.
Ал 16-17 жас үлкен топ бұлшықет ұлпасында күш қуаты артады, жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі әлдеқайда дамыған, тамыр соғысы жоғарылайды, қан қысымы төмендейді, жүрек көлемінің соққысы, ересектердің жүрек көлемінің соққысына тең келеді.
Күресші машықтануда жаттығудың техникасы мен тактикасын меңгеруде тұлғаның денелік және психологиялық жағдайына күш салады.
Сондықтан жаттығумен айналысуда оларға оқыту қажет, олар неғұрлым жас кезде, белсенділікті жете қарқынды жүреді. Кездейсоқ алған соққылар жүйке жүйесінің қалпын тежеуге ұзақ күш салады. Сондықтан жаттығуларды бөліп, ұзақтығын бақылап, тынығу ұзақтығын ескеріп отырған жөн. Сондай-ақ күштілік соққыларын толық қолданып отыру қажет. Жасқа қарай белсенділік қарқындылығын ерекшелігіне сай мөлшерін, салмағын, жүйелермен мүшелер белсенділігін, әсіресе жүйке жүйесін бақылауға ұстау қажет.
16-18 жаста өкпе массасының көлемі күшейеді, өмір сүрумен байланысын арттырады.
Бізге белгілі бұлшық ет қызметінің белсенділігі ондағы қан мөлшерінің жұмыс қабілетіне байланысты, бұлшық ет қызметін арттырады. Сондықтан алдымен бұлшық еттің қанмен қамтамасыз етілуін бақылап, соңынан бұлшық ет қызметінің белсенділігін арттыру қажет. Яғни күрес жаттығу сабағының алдын-ала, немесе оқу жекпе-жек сәтінде, жаттығушы тым шаршағыш келеді, өйткені тыныс алу дұрыс қойылмаған, бұлшық ет шынығуы жеткіліксіз, .нағыз жекпе-жек сәтінде белсенділік көрсете алмайды. Жас өспірім жаста ересектерге қарағанда палуан жекпе-жек сәтінде ерте шаршайды. Сондықтан ересектерге қарағанда жасөспірім жастағылардың жаттығу сабақтарын таза ауада, сыртқа алаңда өткізген жөн, өйткені тыныс алу оттегімен толық қамтамасыз етілуін ескеру қажет.
Психологиялық әсері- палуанды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке жаттығушы психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағдайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер күш жұмсау және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктеріне және қуаттылығына қатысты болады.
Күресшіні дайындауда: Іс-әрекетке психологиялық дайындық және жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындықтар қажет.
Сонымен қатар- тәсілдік дайындық қажет.
Күресшінің тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін
мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.
Қимылды үйрету мен жетілдірудің психикалық негіздері.
Спортшыны дайындау процесі көп қырлы. Шартты оны үйрету және жаттығу кезеңі деп екіге бөледі, дегенмен, ол бірегей және үзіліссіз педагогикалық процесс. Өйткені, біз күрес спорт айла-тәсілдерін үйрете отырып, жаттықтырамыз, өздерінің мақсаты мен әдістері, тәсілдері жағынан ұқсас емес.
Ал жаттығу деп-осы меңгерілген дағдылар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті-әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, дене шынықтыру дағдыларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.
Жарыс жағдайындағы психикалық қалыптарды реттеу мен өзін-өзі реттеу тәсілдері.
Спортшыны жарысқа психологиялық дайындау жүйесі оның психикалық қалыптарының реттеу мен өзін-өзі реттеудің алуан түрлі тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәрсілдердің көп түрлілігін төмендегідей топтастыруға болады.

  • мақсаты жүйкені шаршатпай, бұлшық еттер ширығуын әлсірететін жаттығулар жиынтығы;

  • жарыс алдындағы қолайсыз қалыптарды, көңіл-күйді жоятын сергіту және де сергіту жаттығуларының ырғағын, ұзақтығын спортшы көңіл-күйіне қарай таңдалады;

  • жаттықтырушы беделінің әсерлі күші. Спортшының әсіресе жас спортшының спорттық жарыстарға қатысу тәжірибесі болмағандықтан, бұл фактордың маңызы ерекше болады.

Сонымен жарыс жағдайындағы спортшының психикалық қалпын реттеу спортшының жеке басындағы ерекшеліктеріне тікелей тәуелді болады.
Зерттеу жұмысының міндетін жүзеге асыру.
1. Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;
2. спорттық ұйірмелердегі оқушылардың жас ерекшелігіне сай дене тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау;
3. спорт мектептерінде жаттығатын балалар мен жасөспірімдердің дене сапаларын күрес спорт түрі бойынша жан-жақты дамыту;
4. күрес спорт түрі бойынша жаттығушылардың физиологиялық және психологиялық жағдайын анықтау;
5. жаттығушылардың күрес спорт түріне байланысты жас ерекшеліктерін анықтау, жаттығу сабақтарын жүйелеу әдістерін енгізу;
6. жеке тұлғаға спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгертіп, салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру негізінде дипломдық жұмыстың мақсатықазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі дене тәрбиесі мен спорт тұжырымдамасын әдістемелік тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақұлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет