Мазмұны Кіріспе Палуанның жалпы дене дайындығының құралдары мен әдістерін зерттеу


Спортттағы қимылды жетілдірудің психологиялық негіздері



бет33/36
Дата07.02.2022
өлшемі440,5 Kb.
#87380
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
2 Сәрсет Мұхамеджан Орынбасарұлы палуан Күрес 5
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Спортттағы қимылды жетілдірудің психологиялық негіздері. Қимылды үйрету мен жетілдірудің психикалық негіздері. Спортшыны дайындау процесі көп қырлы. Шартты оны үйрету және жаттығу кезеңі деп екіге бөледі, дегенмен, ол бірегей және үзіліссіз педагогикалық процесс. Өйткені, біз күрес спорт айла-тәсілдерін үйрете отырып, жаттықтырамыз, өздерінің мақсаты мен әдістері, тәсілдері жағынан ұқсас емес.
Ал жаттығу деп-осы меңгерілген дағдылар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті-әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, дене шынықтыру дағдыларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.
Үйрету мен жаттықтыру процесінің тәрбиелік мәні де бар. Ол спортшылар бойында-талпынушылық, көшбасшылық, шешім қабылдағыштық, батылдық, жігерлік, достық, жолдастық, ұжымдық сезімдерді тәрбиелеуге қажетті мотивация қызығушылықтың идеалдық өмірлік көзқарастың пайда болуына жағдай жасайтындай құрылуы керек. Уйрету, жаттығу және тәрбиелеу процесінде спортшының өсуі, жетілуі іске асады.
Спорттық жетілу-бұл психологиялық дағдылар мен дене қабілеттерінің барынша дамуы және спортшы жеке басының жағымды қасиеттері арқылы спорттық шеберліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін педагогикалық процесс.
Спорттық жетілу процесі кезінде мына төмендегідей психологиялық талаптарды сақтау міндетті: барлық нанымдық және басқа процестердің (сезіну, түйсіну, жады, ойлау т.б.) белсенділігін арттыру; назардың қажетті қасиеттерін (интенсивті, тұрақтылық және т.б.) күшейту, назарды бір нысанада екіншісіне тез аудару қабілетіне үйрету, оның тұрақтылығын арттыру әдістерін пайдалану; ерік-жігер күштеріне ынталандыру қабілетін дамыту; спортқа, оқу-жаттығу процесіне тұрақты қызығушылықты арттыру; жоғары адамгершілік, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу; спортшы жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға көмектесетін (спорттық іс-әрекеттің түрлерін қалыптастыру; ағымдағы нәтижелердің есебі мен бақылау сынақтарын кеңінен қолдану.
Кедергілер мен қиындықтар. Кедергілер-деп мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы орта мен қызметтің обективті жағдайлары аталады. Анығырақ айтсақ, оларға: жеңіл атлет жүгірудегі барьер, шаңғы жарысындағы көтерілу, слалом трассасындағы «жабық қақпалар» және т.б. дене жаттығуларын орындау кезінде жүріп өтетін әр түрлі кедергілер жатады. Шындығында адам қандай да бір дене жаттығуын орындағанда, кеңістік, уақыттық, күштік сияқты қозғалыстың сыртқы құрылымдық категорияларынан көрінетін белгілі бір кедергілерінен жүріп өтеді. Сондықтан кедергілерге қашықтық ұзындығы, оны өту ұзақтығы, көтеретін немесе лақтыратын құралдың ауырлығы, қарсыластың белдесу кезіндегі және спорт ойындарындағы шабуыл қимылдары да жатады, және де оларға қоршаған ортаның-метерологиялық, спорт ғимараттарының, құрал-жабдықтарының, инвентарьдің сапасыз жағдайы т.б.-дене жаттығуын орындауда қиындататын қосымша кедергілер кіреді.
Кедергілер көлемімен күрделілігіне қарай ажыратылады. Кедергі көлемі деп мысалы, қашықтық ұзақтығы, секіруге арналған құралдың биіктігі, штанганың салмағы т.с.с. өлшеуге болатын тұстарын айтамыз. Кедергі күрделілігі дене жаттығулары құрылымының ерекшеліктеріне қарай жасалады оның ішінде: қозғалыс кординациясына, қозғалыстар дәлдігіне қойылатын талаптар, жер бедеріне тәуелділік, қарсыластың қимылы т.с.с.
Қиындық-әдетте, керекті мүмкіндіктердің қажетті резервтері жетіспегенде спортшыда пайда болатын ішкі қиналыс. Спортшының мүмкіндіктері деп оның дене, техникалық, тактикалық, психологиялық, моральдық және идеялық дайындығы және де денсаулығы білім мен әдістердің, қасиет пен дағдылардың, әдет пен нанымдардың деңгейі аталады. Қиындық спорттық қызметтің сыртқы және ішкі жағдайларынан туындайтын, олардың белгілі бір ара қатынасын айқындайтын ұғымды білдіреді. Сөйтіп, осы ара қатынастың сандық және сапалық мінездемесі бойынша қиындықтар деңгейі мен мазмұнына қарай ажыратылады. Қиындықтың биодинамикалық түріне: денелік техникалық және тактикалық түрлері кіреді. Биодинамикалық қиындықтар кедергілерді жүріп өтерде спортшыға қай нәрсенің қиын, ауыр соғатындығын көрсетеді. Психологиялық қиындықтар спортшының қауіпсіздігіне, беделіне және алға қойған мақсатына жетуді қиындататын қауіп ретінде қаралады. Әсіресе, психологиялық қиындықтар нашар басталған жарыстарда, қарсыластың өзінен басым екендігін білгенде, төрешілер әділетсіздігін білгенде байқалады.
Ұйымдастырушы еріктік күштер кедергілерді жеңудің психикалық қиындықтары байқалғанда, психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің басқа тобын пайдаланғанда білінеді. Олар: бейтаныс, бірақ эмоциональды тартымды объектіге қарау; қосымша қимылдарға, енді болатын қозғалыстарға назар аудару; видеомоторлық дайындық, әдісті, тәсілді бақылау, тыныс алуды реттеу, қарсыласын бақылау, тактикалық мәселелерді шешу т.с.с. жатады. Бұл өзін-өзі ұйымдастыру тәсілдерінің негізгі мақсаты-психикалық жағдайды оптимизациялау, қиындармен қозғалыстардың координациясы, күшті тиімді жұмсау.
Сонымен, спорттағы еріктік күш-бұл кедергілерді жеңуде адамның күшін және қызметін ұйымдастырушы және жұмылдырушы психикалық және дене мүмкіндіктерінің сапалы ширығуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет