Мазмұны кіріспе туризм туралы түсінік


Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі39,24 Kb.
#87842
1   2   3   4   5
Байланысты:
turizm tusinik
turizm tusinik
2.Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әлемдік экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады, ал туриндустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істейді. Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің.
Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады. Алайда соңғы жылдары кіріс және ішкі туризмге деген сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген. Туристік агенттіктер туристерге қызмет көрсету арқылы мемлекеттік бюджеттің қірісін ұлғатып отырғандығын байқатуды. Туристік агенттіктері арқылы туристік қызмет көрген туристердің саны күні бүгінге өсіп келеді. Ішкі маршруттық көрсеткіштер 3,3 есе өсті.
Қала әкімшілігі туризм дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алматының туристік индустрия орталығына айналуы қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе.
Алматының әсемдігін біз басқа елден келген туристерге көрсетіп, оларды қонақ-жайлылықпен қарсалып, олардың көңілдеріне жақсы әсер қалдырып, Алматы жайында өз елдеріне жеткізіп, қайтадан келулеріне ықпал етуіміз қажет.
Туризм басқа экономикалық сектормен салыстырғанда мультиприкаторлықтың аса үлкен пәрменділігіне ие. Ол тікелей жене жанама түрде экономиканың 32 секторына есер етеді (бұл турфирмалар, көліктің барлық түрлері, қонақүй кешендері, тамақтандыру жүйесі, демалыс үйлері, санаториилер, ұлттық кәсіптер, парктер және тағы басқалары). Онымен қоса-бұл әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны.
Шетелдік туристерге қызмет ету бастапқыда азғана турфималарды қызықтырған еді. Туризмнің бұл саласын дамыту көп қаржылай салымды талап етті. Бұл жағдайдың теріс қыры Қазақстанның туризм обьектісі ретінде имиджінің қалыптасуының концепциясының жоқтығынан күшейе түсті. Квалификацияландырмаған басқару басқа проблемаларды тудырды; әкімшілік формальды істердің қиындауы (визалар, шетелдік азаматтарды тіркеу, кеден процедуралары), дамымаған инфрақұрылым, қатаң салықтық режим, тұрғылықты халықтың туристерді бейбітшілікпен қабылдамауы. Тіпті интернет жүйесінде Қазақстанды туристерге қауіпті елдердің тізіміне кіргізген мәліметтер де шыққан.
Елге келетін туристер санын көбейту мақсатында туристік ұйымның шетелге шығарған туристің саны елге келетін туристік азаматтар санымен теңесуі керек деген айла да қолданып көрді. Бұл іске тек қана жекеменшік турбизнес өкілдері ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де қарсы болды. Солардың біреуінің ойынша, "тек сауатты ойластырылған саясат қана жағдайды өзгерте алады және 25 пайызға емес, барлық 50 пайыз".
Қазақстанда әуе жолдары да жақсы дамыған, бірақ авиабилет бағасының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнім бағасын үлкейтеді, ол сәйкесінше халықаралық рынокта бәсекелестігін төмендетеді. "Мұнай өнімдерін өндірмейтін Қырғызстанда авиабилет құны мұнайлы ел Қазақстандікімен салыстырғанда екі есе арзан" деген болатын қазақстандық турфирмалар.
"Туризм" жайлы жаңа заңның шығуы туристтік салада көп өзгерістерге әкеледі деп сендіреді. Мамандардың ойынша, жаңа заңда негізінен ішкі және сыртқы туризмге көп көңіл бөлінген. Екінші баптың он бесінші тармағында кәсіпкерлер арасында түсінбеушілік пен аландаушылыққа әкелді, онда "құзырлы орган соттың араласуынсыз турфирманың лицензиясын алты айға дейін тоқтата алады" делінген. Құзырлы органдардың басқару тетіктерін өздеріне қалдыруға тырысуы түсінікті, бірақ бұл шенеуліктер тарапынан өз міндетін асыра пайдалануға әкелуі мүмкін. Алматы Туристік Фирмалар Ассосациясы " турфирмалар мен атқрушы билік арасындағы дауды тек қана сот шеше алады" деген ойда. Заң бәріне бірдей - атқарушы билік үшін де, кәсіпкерлер үшін де.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның үшінші мың жылдықта кеңестік республикаларға қатысты оптимистік болжамы бізді әлемдегі ең жемісті ел болуға сендіреді. Бірақ қазақстандық турөнім, елдің өзі тәрізді көпке белгісіз болып қалуда. Шетел сарапшылары айтқандай Қазақстан басқа елдерден ерекшеленіп тұратын "нақты" турөнім жасамағанша туристік қызметтер рыногында өз орнын таппайды деген. Кейбір ерекшеліктер қазірдің өзінде көрініп тұр. Біздің турөнімнің екі базалық компоненті бар: Жібек жолындағы мәдени туризм (дәстүрлі және сиынушылық) және сонымен тығыз байланысқан экооқйғалы туризм, (сафари, рафтинг, орниталогия, альпенизм, аң аулау, балық аулау). Ең жемісті облыстар - Алматы, Оңүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан.
XXI ғасырда ең бағалы болатын бес бағыт бар: круиздер,
Қазақстандық турбизнестің ерекшелігі оның әртектілігі. Бұл рыноктың тағы бір кемшілігі- кәсіподақтарда және мемлекеттік құрылымда ақпараттық-аналитикалық орталықтың жоқтығы. Туризмде жұмыс істейтін салалар арасында ақпараттық вакуум пайда болды. Турфималар жетістіктерге жету жолында бағыттарды ізденуде. Туризм құрылымдары мен түрлі ведомствалар жеке жоспары мен жарғыларын анықтайды. Қонақ-үй секторы өзінің баға саясатын орнатады. Ұлттық мемлекеттік парктер "делдалсыз" халықаралық рынокқа шығуға тырысады. Авиарынок өзінің заңдарымен өмір сүреді. Қазақстандық елшіліктер мен өкілеттіліктер өз істерімен айналысады.
Кәсіптік экскурсоводтар санаулы ғана қалды. Осы үлкен тізбекте байланыстырғыш звено жоқ. Одан басқа әлемдік туриндустрия үшін Қазақстан белгісіз тақырып болып тұр. Рыноктағы қатысушылар туралы, ұсыныстар мен
сұраныстар туралы шынайы жағдай көрсетілген мамандандырылған басылым жоқ. Тіпті туроператорға жарнамалық ақпаратты бастыруға басылым болмайды. Халықаралық көрмелерге қатысу үлкен өзгеріс әкеле қоймайды, ал ондай көрмелерге кез-келген турфирма қатыса алмайды. Обьективті ақпарат жоқ, сондықтан - маркетингтік зерттеулер жоқ. Осыдан барып мемлекеттік менеджмент дамымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет