Мазмұны кіріспе туризм туралы түсінік



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі39,24 Kb.
#87842
1   2   3   4   5
Байланысты:
turizm tusinik
turizm tusinik
Қорытынды


Қазақстан Республикасында ішкі туризм әлі де болса бір тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Бірақ туризм саласына мемлекет белсене қатысатын болса, Қазақстан экономикасындағы үлкен табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Әрине 5 жыл өтсін, 10 жыл өтсін деген ой-пікір болмайды, бірақ осы салада оң өзгерістер қалыптасып келеді, әлемнің туризм саласы дамыған елдерден үйрену керек, өзіміздің мамандарды дайындау қажет және де өзіміздің үйімізге махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Толығымен айтсақ мынандай қорытынды шығаруға болады:
1. Қазақстанда ішкі туризмді дамыту бағытында аса ірі потенциалды мүмкіншіліктер бар, бірақ ішкі туризмнен түскен табыс ұлттық табыстың 0,1%-ын ғана құрайды. Республикамыз көп ғасырлық салт дәстүріне, ғажап архитектуралық құрылыстарына, қызықты мәдени ескерткіштерге, мұражай жүйелеріне, мәдени мекемелеріне және фальклорлық этнографиялық халықтар ассамблеяларына, өсімдіктер дүниесімен жануарлар дүниесіне, климаттық және туристік зоналарына, табиғи ландшафтыларға ие. Соңғы жылдары халықаралық туристік индустрияда көзқарастың оң өзгеру тенденциясы байқалып, яғни халқы тығыз емес және өзіндік мәдени ерекшеліктері бар елдерге ұызығушылық байқалып отыр.
2. Қазақстанның туристік дамыту бағыты маусымдық қана, сондықтан біздің туристік фирмалар көрсетіп отырған туристік қызметті диверсификациялау және туристік өнімді модернизациялау керек.
3. Туристік өнімнің жылдам қозғалуына жарнама үлкен әсерін тигізеді. Қазақстандық туристік фирмалар бұқаралық ақұпараттар құралдарындағы рекламаны жақсы қолдануда және де интернетте тиімді пайдалану қажет.
4. Туризмнің әлеуметтік мәдениетке әсері зор. Туризм индустиясын дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шетелдік валютаның мемлекетке түсуінің өсуіне, ірі және кіші мекемелердің дамуына, жергілікті транспорттық инфраструктураның жаңаруына, оның ішінде байланыс және сервистің дамуына алып келеді. Осы дамуымен жергілікті, аймақтық және халықаралық экономикалық, саяси байланыстарды жақсартады.
5. Туризм қоршаған ортаның едәуір жақсаруына эсерін тигізеді, себебі туризм қоршаған ортамен тығыз байланыста.
6. Фирмалардың көп бөлігі шығу туризміне жұмыс істесе, кейінгі кезде келу туризміне жұмыс істеуші фирмалар санының көбею тенденциясы байқалуда (90%және 10%).
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С.Р.Есімжанова «Туристік нарық»,

  2. Тойкин, Жайнақова, «Туризм дамуы»,

  3. Ілиясов Д.Қ. «Туризм статистикасы»,

  4. Котлер Ф. «Туризм негіздері».







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет