Мазмұны кіріспе



Дата04.11.2016
өлшемі94,92 Kb.
#275
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Оразбек Сәрсенбайдың шығармашылық өмір жолы.............................5
2. 2 Қарымды қаламгер, шынайы суреткер...................................................7
2. 3 Көк сандық үстінде киелі Шамшырақ..................................................12
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................23

Аңдатпа

№214 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Әлденова Әнельдің «Оразбек Сәрсенбай – көркемсөз шебері» атты ғылыми жобасы Сыр бойының саңлақ азаматы, туған топырағының танымал түлегі, бүкіл саналы ғұмырын өскен өлкесінің сән-салтанатын өз шығармаларына арқау еткен жаны жайсаң жан, халқының құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген қаламгер Оразбек Сәрсенбайдың тау тұлғасын танып-білу, зерттеп-зерделеуге арналған.



Жұмыстың мақсаты: Жерлесіміз қарымды қаламгер Оразбек Сәрсенбайдың шығармашылық өмір жолын баяндай отырып, оның көркемсөз шебері ретінде қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындау, туған жерін, оның тарихын арқау еткен шығармаларына, ондағы суреткерлік даралығына, өзіндік ерекшеліктеріне терең талдау жасау. Ауданымыздың елге сыйлы, парасатты азаматының шығармашылық өмір жолындағы өнегелі істерін көпшілікке таныту.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Оразбек Сәрсенбайдың әдебиетіміз бен мәдениетімізге қосқан орасан зор үлесін айқындалып, оның көркем әдебиет жасаудағы еңбектері өз дәрежесінде танытыла білсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне, әдебиетіміз бен мәдениетімізге деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Оразбек Сәрсенбай еңбектерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің әдебиеттану пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

  • Жазушы Оразбек Сәрсенбайдың шығармашылық өмір жолы кеңінен танытылды;

  • Қарымды қаламгер, шынайы суреткер ретіндегі бет-бейнесі ашылып, оның имандылық, адамгершілік тақырыбындағы шығармалары айқындалды;

  • Жазушының Сыр өлкесіне, ондағы өнер адамдарын арқау еткен шығармаларына терең талдау жасалынды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Қарымды қаламгер, көркемсөз шебері өмірімен танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, тарихи деректер жинау.
Кіріспе

Ең қиын нәрсе өзіңнің заманың туралы жазу

Оразбек Сәрсенбай.


Жер бетінде бір мекен бар киелі,

Деп айтады ән менен жыр, күй елі.

Сұлу Сырдың бойындағы Иранбақ,

Атың қандай сүйкімді еді Шиелі.

Қазақтың ұлы өзендері – Сыр, Жайық, Іле, Шу, Ертіс бастары әлдеқайда жатқанмен тұла бойы, тұтас денесі ұлы жазыққа орналасып, еркелеп, еркін бұраңдап осынау кеңістіктің кербез арулары даланың көркін келтіріп қана қоймай, сол ұланғайыр өлкенің иесі – қазақ халқының тарихына ғажайып үлес қосқан дариялар. Бұларсыз біздің тарихымыз жоқ. Әсіресе, Сыр-Ана, Қаратау – біздің алтын бесігіміз. Арғы көне түріктен бергі қазаққа дейінгі тарих осылардың құндағында жатыр.

Кешегісіз бүгін жоқ. Аудан тарихы – халық тарихы. Әулие мекеннің әмбия дәстүрінің арасында қол бастаудың да, жол бастаудың да асыл тумасынан арыла сусындаған шиеліліктер уақыт ағымына сай өз бастауын қалыптастыра отырып, күні бүгінгі тәуелсіз кезеңге келісті келбетпен келіп жетті.

Шиеліде бүгінгі тарих парағына есімдері алтын әріппен жазылған тумысы бөлек тұлғалар, ұлтымыздың мақтан тұтар ұлылары мен ұлықтары жетерлік. Аттары аңызға айналған жеті әулие – Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып әулие, Бала би, Досбол би, Қыш ата осы Шиелінің киелі топырағында жатыр. Мұнан берірекке көз жіберер болсақ, алты алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, атақты әнші-балуан Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсұр мен Нартай Бекежановтар, қазақ ғылымы мен әдебиетінің көрнекті өкілдері Әуелбек пен Қалжан Қоңыратбаевтар, Әбділда Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Қалмақан Әбдіқадыров, Мырзабек Дүйсенов, Мүсілім Базарбаев, тағы басқалар және екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері бұл аймақтың құнарлы да киелі аймақ екендігін білдірсе керек.

“Ардақтаған азаматын Шиелі, неткен ғажап атың” деп айдар таққан, даласы дархан, қойнауы қазына, тарихы телегей теңіз бұл өлке тұрғындары тумысы бөлек тұлғаларының өнегелі өмір жолдарын ұрпақтарына ұлағат етуге барынша көңіл бөлумен келеді.



Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сыр өңірі қашаннан-ақ ақын, жыраулар мен шайырлардан, данышпан би-шешендерден қалған асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Расында да, біз өткенімізді елемесек, болашақтан күтеріміз қайсы? «Тұлпарда да тұлпар бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек», демекші, барымызды бағалап, азаматтарымызды ағалай біру, қазақы қалпымызды сақтап, мұсылманшылық парызымызды мейлінше ақтап жүру кісілік міндет саналады.

Осындай айтулы ел ағасының бірегейі, қазақ әдебиетіне 60-жылдары келіп, оның көрігін қыздыра түскен белгілі жазушы, жерлесіміз – Оразбек Сәрсенбай.



Зерттеудің мақсаты: Жерлесіміз қарымды қаламгер Оразбек Сәрсенбайдың шығармашылық өмір жолын баяндай отырып, оның көркемсөз шебері ретінде қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындау, туған жерін, оның тарихын арқау еткен шығармаларына, ондағы суреткерлік даралығына, өзіндік ерекшеліктеріне терең талдау жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Жазушы Оразбек Сәрсенбайдың шығармашылық өмір жолына тоқталу;

  • Қарымды қаламгер, шынайы суреткер ретіндегі бет-бейнесін ашу, имандылық, адамгершілік тақырыбындағы шығармаларын айқындау;

  • Жазушының Сыр өлкесіне, ондағы өнер адамдарын арқау еткен шығармаларына терең талдау жасау.

Негізгі бөлім
2. 1 Әдебиеттің ауыр жүгін көтерген нар тұлға
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында: Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады» – дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: – өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау», – деп тұжырымдайды.

Сәрсенбаев Оразбек 1938 жылдың 20 тамыз айында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Жаңатұрмыс» ауылында дүниеге келген. Ол 1945 жылдың күзінде «Жансейіт» бөлімшесіндегі 3 кластық мектепке оқуға түседі. Одан соң «Ақтоған» жеті жылдық мектебін бітіріп, Шиелі ауданы орталығындағы №45 қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырады. 1957 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби) Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға кірген.

Оразбек Сәрсенбаев – қазақ әдебиетіне 60-жылдары келген қаламы ұшқыр жазушылардың бірі, оның әңгімесі негізінде «Долана» (1981) көркем фильмі түсірілген.

Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң О.Сәрсенбай туған жеріне қайтып оралып, Шиелідегі М.В.Ломоносов атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасады. Ал 1966 жылы Алматыға, жастар газеті «Лениншіл жасқа» қызметке шақырылады. Бұдан кейін «Жұлдыз» журналында (1968-1973), «Қазақ әдебиеті» газетінде (1974-1982) бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағында (1982-1986) әдеби кеңесші қызметін атқарған. 1987-1993 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Өнер» баспасының директоры (1993-1995) болады. 1996 жылдың басынан күні бүгінге шейін О.Сәрсенбай «Қайнар» баспасының бас директоры.

О.Сәрсенбайдың творчестволық өмірбаяны орта мектепте, университетте оқып жүрген шәкірттік жылдарда басталды. Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында аудандық «Стахановшы», облыстық «Ленин жолы», республикалық «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде оның алғашкы өлеңдері мен әңгімелері жарияланады.

Жазушы О.Сәрсенбай осы уақытқа шейін 20-дан астам жеке кітаптар бастырған. Оның әдеби сын, көркем публицистика, тарих, мәдениет, философия саласындағы жарияланымдары оқырманға кеңінен таныс. Сондай-ақ ол баспагер және аудармашы ретінде Ислам әдебиетін қалың оқырмандар арасында тарату ісінде елеулі еңбек етіп келеді. «Құран Кәрім», «Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері», «Шайтаннан сактану жолдары», «Сыйқырдан сақтану және емделу жолдары», «Адал мен арам», «Мұсылмандық әдеп сабағы», т.б. ондаған кітаптарды қазақшаға аудару ісіне тікелей қатысты. Жазушының жеке шығармалары украин, орыс, эстон, якут, марий, тува, венгер, қытай, корей, ағылшын, өзбек, қырғыз, татар т.б. тілдерге аударылған.

Оразбек Сәрсенбай негізінен бүгінгі заман тақырыбына қалам тартып келе жатқан суреткерлеріміздің бірі. «Шамшырақ» (1990), «Шеңбер» (1998) романдары кешегі социализм заманында өмір сүрген ұрпақтың басынан өткерген қилы-қилы тағдырын сөз еткен нағыз көркем, кестелі туындылар ретінде әдебиетіміздің алтың қорына қосылған дүниелер болды.

Оның «Уәде» атты повестер мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы (1987), «Шамшырақ» романына халықаралық «Алаш» сыйлығы (1994) берілген. Ал «Шеңбер» романы үшін О.Сәрсенбай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын (2000) алған. ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен (2000) марапатталған. «Қазақстан Республикасы баспа және полиграфия ісінің қайраткері» (2004) атағы бар.

Тәжірибелі баспагер ретінде О.Сәрсенбай «Қайнар» баспасына қызметке келгелі бері нарықтық заманның талаптарына лайық жаңа сериялар аштыруға, басылымдардың тақырыптық өрісін кеңейтуге басшылық жасауда.

Әкесі – Байкенжеұлы Сәрсенбай (1909-1992), Анасы – Төлепбайқызы Бибіайша (1917-1993) шаруа кісілер болған.

О.Сәрсенбай С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1964), қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болған.
2. 2 Қарымды қаламгер, шынайы суреткер
Сыр бойының Шиелісі қазақ жері­нің ғана емес, қазақ көңілінің де төрінде болуға тиісті еді. Ол, ең алдымен, қазақ әде­биетінің мойнындағы парыз еді. Сол парызды абырой­мен атқару Оразбек Сәрсен­баевтың маңдайына бұйырыпты.

Кім біліпті, Орта Азияның қос емшегінің біреуі – Сырдарияны шөпітіп еміп жатқан егінжай өлке, расында да, пейіш тақылеттес шығар. Ал оның ешкімнің ала жібін аттамай, қорадағысын шауып барып айдап кетпей, үйіндегісін терезеден түсіп үптеп кетпей, қал­та­сындағысын қан қақсатып тонап алмай, бі­реу­дікіне көзін сатпай, күні-түні тырбаң-тырбаң өз қарекетінен басқа ештеңеге сенбей, өз маңдай те­рінен басқа ештеңеден дәметпейтін диқангер­ші­лік, расында да, тек періштелерге ғана тән кәсіп шығар. Ендеше, сондай бейнетқор жандардың басынан өтешекті қапысыз түсініп, қанық жеткізу үшін де бір тәңір мен бір басынан басқадан медет



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!




Каталог: uploads -> doc -> 06cb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06cb -> Тақырыбы: Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік
06cb -> Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет