Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері



бет1/8
Дата06.12.2022
өлшемі103 Kb.
#161599
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Механика - каз (1)


Бағдарлама «Механика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: ф.-м.ғ.д, проф.Г.Б. Шерьязданов; ф.-м.ғ.к, проф. З.Б. Ракишева.

Бағдарлама механика кафедрасының мәжілісінде қарастырылған


2019 ж. 21 мамыр № 40 Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________Ракишева З.Б.


Механика-математика факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­
2019 ж. 22 мамыр № 8 Хаттама
Әдістемелік бюро төрайымы _________________ Кушербаева У.Р.
Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген
2019 ж. 28 мамыр № 9 Хаттама
Ғылыми кеңес төрағасы,
факультет деканы __________________ Жакебаев Д.Б.

Ғылыми хатшы __________________ Мамаева В.А.



МАЗМҰНЫ



  1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері

    1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты

«Механика» мамандығы бойынша оқуға түсудің біліктілік емтиханы PhD- докторантураға түсу кезіндегі бақылаудың бір түрі болып табылады. Түсу кезіндегі бақылаудың мақсаты мамандардың кәсіптік дайындықтарының сапасын бағалау және «Механика» мамандығы бойынша докторантураға түсушілердің механика саласы (ғылыми-зерттеу және ғылыми-ізденуші; жобалау-конструкторлық; өндірістік-технологиялық;), білім беру бойынша ғылыми және кәсіптік білімдері мен бейімділік деңгейлерін, магистрдің кәсіптік құзырлығын меңгеру және әрі қарай кәсіптік тұрғыдан өсу дәрежесін анықтау болып табылады.

    1. Мамандық бойынша түсу емтиханының міндеті

Емтихан барысында:

  • Абитуриенттердің механиканың іргелік пәндерінің негізін, қазіргі механиканың даму тенденциясы мен жетістіктерінің негізін, кәсіптік және ғылыми қызметінің технологияларын білуі;

  • Ғылыми және кәсіптік стандартты есептерді шешуге дағдылануы; механика және қолданбалы математикаға қатысты есептерді зерттеу әдістерін меңгергендіктері; компьютерлік әдіспен есептерді шеше білуді меңгере алуы, қолданбалы программа пакеттерін білуі;

  • Өз ойларын жазбаша және ауызша нақты, айқын және логикалы түрде жеткізе білулері; алынған білімдерін практикалық есептерді шешуге қаншалықты қолдана және жеткізе білетіндіктері тексеріледі.

Түсу емтиханы жазбаша түрде өтеді. Емтихан тапсырушылар емтихан билетіндегі сұрақтардың жауаптарын жауап парақтарына жазады. Аппелляциялық комиссияға шағымданған жағдайда жауап парағындағы жазбаша жауаптары шағымды қарастыруға негіз болып табылады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет