Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері


Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде



бет4/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан
қызылша, Лекцияны жоспары ндірістік мазм нды есептер ндіріс материалы, электр тгы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасының көркемдік сипатын мәнмәтіндегі вербалды және бейвербалды ақпарат негізінде анықтау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар – лексикология, тілдік қатынас, коммуникативтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика салаларынан және арнаулы курстарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І МӘТІННІҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ СӨЙЛЕУ ТҮРЛЕРІ

    1. Мәтін-қазіргі лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны

Мәтін теориясы XX ғасырдың екінші жартысында лингвистика, психология, шешендік өнер, прогматика, семиотика, герменевтика, әлеуметтану сияқты түрлі ғылымдардың зерттеу нысанына айналды. Бұл – мәтіннің көп қырлы құбылыс, әрі оны зерттеудің көпаспектілігін танытатынын белгісі. Тіл білімінде сөйлеудегі «жанды тіл» ретіндегі мәтінге қызығушылық ХХ ғасырдың 20-30 жылдары басталып, 50 жылдары мәтін лингвистикасына қатысты кейбір иеориялық мәселелер айқындала басталды. Мәтін туралы түрлі пікірлер А.Байтұрсынұлы, В.В.Виноградов, В.В.Одинцов, И.Р.Гальперин, Г.Я.Солганик, О.А.Нечаева, И.О.Москальская, Г.А,.Золотова, Л.С.Выготский, М.М.Мұқанов, М.Жинкин, А.Р.Лурия, Е.А.Реферовская, И.Я.Чернухина, М.П.Брандес, О.Н.Гришина, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Т.Қордабаев, Е.Н. Жанпейісов т.б.ғалымдардың зерттеулерінде сөз болып, көркем әдебиеттің тілдік фактілері сараланып, көркем шығарма мәтініндегі лексикалық және грамматикалық элементтерді автордың қолдану шеберлігі тұрғысынан қарастырды.


Қазақ тіл білімінде мәтін туралы алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы көркем мәтіннің өзіне ерекшеліктерін басты назарға ала отырып, «ақын тілі» мен «әншейін тілдің» айырмашылығын, сөздің ажарлы, келісті де қисынды болуының талғамдық шарттарын ұсынды. Ол тілді зерттеудің функционалдық, қатысымдық қырын басшылыққа ала отырып, көркем мәтінді өзге мәтіндерден ажыратудың басты белгісі ретінде эстетикалық кретийриді алады. Ғалымның әуезе түрлерін анықтауда мазмұндық – құрылымдық емес, жанрлық ұстанымды басшылыққа алатыны байқалады. Ол осы ұстанымға сүйене отырып, әуезенің шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме деген түрлерін көрсетеді [1,208].
Қазіргі тіл білімінде мәтін теориясына қатысты шешімін таппаған мәселелер баршылық. Мысалы, мәтінді зерттеу мәселесінде «мәтін теориясы» терминінен басқа, «мәтін ленгвистикасы», «мәтін құрылымы», «герменевтика», «мәтін грамматикасы», «мәтін стилистикасы» сияқты терминдер жарыса қолданылуы мен «мәтін» ұғымын анықтауда бүгінгі тіл білімінде тілдік құбылыс табиғатын толық ашатын нақты анықтаманың берілмеуі мәтін теориясына қатысты мәселелердің қазіргі тіл біліміндегі өзектілігінің айғағы болып табылады.
Бір ұғымның түрлы атаумен аталып, терминдердің тұрақталмауының өзі мәтін табиғатының ерекшелігімен зерттеу нысанының көпаспектілігін аңғартады. Бұл ретте, А.Р.Лурияның пікірі өте орынды: «Необходимость комплексного изучения текста не есть методическое требование, оно есть выражение существа самого объекта» [2,17].
Мәтін мәселесі лингвистикада тілдің функционалды – коммуникативтік сипаты: негізінде қарастырылып жүр, дегенмен бүгінгі таңда мәтінің тілдік табиғаты толық айқындалмай отыр. Оған көз жеткізу үшін лингвистикада мәтінге берілген анықтамаларды саралайық.
Коммуникативті лингвистиканың көрнекті өкілдерінің бірі Г.В.Колшанский: «Текст – это связь по меньшей мере двух высказываний, в которых может завершаться минимальный акт обшения – передача информации или обмен мыслями между партнерами», - деп мәтін табиғатын тілдік қатынас тұрғысында тұжырымдаса [3,14], тілші Н.Д.Зарубина: «Текст – это письменное по форме речевое произведение, принадлежащее одному участнику коммуникации, законченное и правильно оформленное», - деп мәтінді тудырушы автордың болуы және жазбаша түрде жүзеге асу ерекшелігін негізге алып, өз көзқарасын білдіреді [4,113].
Мәтін табиғатын зерттеуші В.А.Лукин: «Текст – это сообщение, существующее в виде такой последовательности знаков, которая обладает формальной связностью, содержательной цельностью и возникающей на основе их взаимодействия формально – семантической структурой», -деп тұрпаттық, мазмұндық, құрылымдық, байланыстылық сияқты мәтін белгілері негізінде анықтама берсе [5,11], Г.Я.Солганик: «Текст (от латинского textus – ткань, сплетние, соединение ) можно определить как объединенную смысловой и грамматической связью последовательность речевых единиц: вычказываний, сверхфразовых единиц (прозаических строф), фрагментов, разделов и т.д.», -деп мәтінге тән бөлшектенушілік пен мағыналық және грамматикалық байланыстылыққа негізделуін басты белгісі ретінде қарастырады [6,16].
Қазақ көркем проза мәтінін прагматикалық аспект тұрғысынан қарастырған Г.Әзімжанованың тұжырымы көңіл аударарлық: «Көркем мәтін – тілден тыс жағдаяттың күрделі белгісі, ол коммуникация бірлігі, сондықтан да оны семантикалық, синтаксистік және прагматикалық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет», - деп мәтін құрушы бірліктердің прагматикалық ерекшеліктерін басшылыққа алу қажеттілігін атап көрсетеді [7,18].
Мәтін әр түрлі тілдік элементтер мен олардың арасындағы қатынастардың аса күрделі және көп деңгейлі құрылымы болғандықтан, көптеген зерттеушілер оны бірізді түсіне бермейді.
Мәтінге берілген анықтамаларға шолу жасау барысында әр тілші әр қырын, әр белгісін негізге алғанын аңғарамыз. Тілшілер мәтінді бірде ақпараттық кеңістік деп, бірде сөйлеу әрекетінің нәтижесі деп т.т.қарастырады. «Мәтін» (лат. textus ) мата, тоқылу, байланысу дегенді білдіреді, сондықтан да зерттеу барысында не байланысады, не мақсатпен және қалай байланысады деген мәселелерді шешу де маңызды.
Қазіргі тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалардың арасында, біздің ойымызша, ең толыққандысы – лингвистика саласының белгілі ғалымы И.Р.Гальпериннің анықтамасы. Мәтін лингвистикасы жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастаған кезде ұсынылған бұл пікір әлі де маңыздылығын жойған жоқ: «Мәтін – аяқталған, жазба құжат түрінде объектіленген, құжаттың типіне қарай әдеби түрде өңделген сөйлеу әрекетінің шығармашылық нәтижесі. Оның құрамында әртүрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыста тұратын, бірнеше ерекше бірліктері белгілі мақсат пен прагматикалық ұстанымға бағытталған», - деп тұжырымдай отырып, ғалым мәтінді ақиқат шындықтың шағын бөлігінің графикалық көрінісі немесе тілдің жазба вариантының туындауы деп те түсіндіріп, ғалым мәтіннің жазба түрде берілуіне бпса назар аударады. («Текст – произведение речетворческого процесса, обладающее завершенностью, объективированное в виде письменного документа, литературно обработанное в соответствии с типом этого документа, произведение, состоящее из названия (заголовок) и ряда особых единиц (сверхфразовых единств), объединенных разными типами лексической, грамматической, логической, стилистической связи, имеющее определенную целенаправленност и прагматическую установку» [8,4-5].
Мәтін лингвистикасы туралы сөз болғанда, бір зерттеулерде мәтіннің жазба нұсқаға түскен сөйлеу құрылымы екендігі баса айтылса, кейбір зерттеушілер мәтінді ауызша да, жазбаша да сөйлеу құрылымында кездесетін жүйе ретінде қарастырады. Мәтін қандай формада көрініс берсе де (ауыша, жазбаша, мономәтін түрінде, поэзиялық, прозалық сипатта) белгілі бір дәуір туысқан мәдениетін, шығармашылықтың, рухани қызметтің жемісі әрі осындай рухани байлықты ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші феномен болып табылады.
Көркем мәтіңннің басты белгілері ретінде оның біртұтастығы, белгілі бір ойды жеткізудегі жүйелілігі, басталуымен аяқталуының болуы, тақырып таңдаламы, мәтін арқылы белгілі бір ақпараттың берілуі (информативтік қызметі) және мәтіннің қарым-қатынас құралы (коммуникациялық қызметі) бола білуі, сондай-ақ ең маңыздысы мәтін арқылы адам дүниетанымының, ұлттық рухани мәдениетінің көрініс беруі (мәтіннің коммуникативтік қызметі) сол арқылы жеке адам тұлғасының дүниенің тілдік бейнесінің жасалуы (мәтіннің консиптуалдық-тілдік қасиеті) туралы мәселелер талданады…[ ].
Мәтінге мынадай сипат тән:

  1. мәтінде адамның қызығушылығы, өмірлік мақсаты мен, мотиві, талап-тілегі көрініс береді;

  2. мәтін дегеніміз-белгілі бір ұлтты айырып танытатын, білімдер мен пайымдаулар, ақыл мен құлшыныс, ақиқатты қабылдау мен таразылау әлемі;

  3. мәтін бізге барынша байланысты түрде ақпарат беретін бірыңғай, біртұтас жүйе, қатынасты түрде жабық құрылым.

Мәтін мынадай басты категорияларға ие:

  1. ақпарат (мазмұнды концептуалды, мазмұнды фактуалды, мазмұнды астарлы);

  2. когезия (мәтін ішілік байланыстар);

  3. континиум (уақыт пен кеңістікте дамитын мәліметтер мен оқиғалардың бірізділігі);

  4. мәтін үздіктерінің автосемантикасы (тұтас мәтін немесе оның бөліктерінің мағыналық қарым -қатынас);

  5. мәтіннің модальділігі (ой-предметтің субъективті бағалауыштық сипаттамасы);

  6. ретроспекция (оқырманды бұрынғы мазмұнды-фактуальді ақпаратқа апаратын тілдік өрнектердің грамматикасы);

  7. проспекция (мәтіннің келесі бөліктерінде хабарланатын мазмұнды-фактуалды ақпараттарды білдіру үшін түрлі тілдік формаларды байланыстаратын мәтіннің грамматикалық формасы);

  8. интеграция (мәтіннің тұтастымдылығына қол жеткізу мақсатында оның барлық бөліктерін бір-бірімен ұластыру);

  9. аяқталғандық (аяқаталғандық ұғымы мәтін бөліктеріне емес, тек қана тұтас мәтінге байланысты).

Мәтін тақырыбының дұрыс таңдалуын мәтіннің толыққандылығының бір белгісі ретінде танимыз. Жалпы, аталым – мәтін мазмұнының көрсеткіші, мәтін арқылы берілетін коммуникацияның жинақталған, сығандалған атауы баламасы деуге болады. Аталалым арқылы мәтіннің не туралы екенін аңдауға мүмкіндік туады. Мәселен, бізге ауызша айтылу арқылы жеткен жыраулар шығармашылығының бір ерекшелігі – мәтінде жыршы не жырау арнайы тақырып қойып, ат беріп, айдар тағуды мақсат санамаған, жырға атауды тыңдаушылардың өзі қойып алатын кездері көптеп ұшырасқан. Бұған бір шығарманың бірнеше атпен сақталуы немесе жырлардың көпшілігінің алғашқы сөйлемдермен аталып кетуі дәлел болады. Осындай фактілер мәтін табиғатына талдау жүргізуде тыңдаушы мен жаттап айтушының қабылдау, түйсіну деңгейі мен ерекшелігін де ескерту қажеттігін талап етеді…[ ].
Бір мазмұнға құрылған өлеңнің түрлі тақырыппен қағазға түсіп, таралуы оның мазмұнын жырлаушы (жеткізуші) мен тыңдаушы (қабылдаушы) жақтың түрліше қабылдауына байланысты. Себебі мәтін теориясына қатысты еңбектерде тыңдаушының мәтінді түрліше қабылдауы мағыналық жатқан таратуы (интерпритациялау) реципиенттің таным аясымен эмотивтілік деңгейіне байланысты болатыны жазылып жүр. В.П.Беляниннің пайымдауына сүйенсек, мәтінді қабылдау бірнеше сатыда жүзеге асырылады: реципиент, алдымен, мәтіннің таңбалық түрін қабылдап, одан айтылымның мағынасын қабылдау сатысына өтіп, соңында мәтінді тұтас құрылым ретінде қабылдауы тиіс. Мәтіннің толыққандылығы оның көлемділігінен ғана емес, мазмұндық құрылымынан, мағыналық жүйелілігі мен тұтастығынан, сондай –ақ мәтіннің басталуы мен аяқталу жүйелілігінен көрінетіні белгілі.
И.Р.Гальперин мәтінді талдауда оның жеке бөлімдерінің жекеленген және өзара байланыстылықта қаралуын дұрыс деп есептейді. Мұндай талдау әдісін синтездеу немесе интеграциялау деп атайды. Интеграция термині энциклопедиялық сөздіктің түсіндіруінде мәтіннің жеке бөлімдерін жекелеп, және тұтастай қарастыратын жүйе теориясының ұғымы болып табылады. Мәтіндегі интеграциялау нтижесі оның аяқталу категориясымен байланысты. Интеграция ғылыми, публицистикалық іскерлік мәтіндерге бір басқа, көркем шығарма мәтінінде басқаша сипат береді. Мәтіндегі когезия құбылысы мен интеграцияның аражігін ажырата білу керек. Когезия мәтіннің жеке бөліктерін байланыстыратын грамматикалық , семантикалық, лексикалық формалар, ол бір контекстік-вариативтік мүшеленуден екіншісіне өтуді көрсетеді. Интеграция мәтіннің тұтастығын сақтау мақсатында оның барлық бөліктерін біріктіретін құбылыс…[ ].
Мәтін мазмұнындағы жүйелікпен ондағы ақпараттардың бір-бірімен байланыс түзеп, тізбектеле келіп, толық ойды білдіруі оның тұтасымдылық белгісінен көрінеді. Мәтіннің мұндай табиғаты оны тыңдаушының тез қабылдауына (мазмұндық ұғынылуына) ықпал етіп қана қоймай, мәтіннің эстетикалық бояуын да артыра түседі.
Көркем автор мен оқырманның қарым-қатынасын жүзеге асыратын тілдесім деңгейінде қарастыру туралы идея М.Бахтиннің еңбектерінде жан-жақты баяндалды.
«Тілдесімнің болмысында тән қасиет – оның қандай да бір жақ, адресатқа арналуы болып табылады. Тілдің ешкімге арнайы қаратылып айтылайтын мағына тудырушы бірліктері – сөз бен сөйлемге қарағанда тілдесімнің тағы бір ерекшелігі онда авторы және адресант міндетті түрде болады. Бұл адресант күнделікті пікірлесу, сөйлесуге жай ғана қатысушы, мәдени байланысты белгілі бір саласы бойынша айрықшаланатын ұжым немесе өкілі немесе публикадан, халықтан, замандастарынан, әріптестерінен, жауларынан, пікірлестерінен, бастықтарынан, бағыныштыларынан аз не көп деңгейде айрықшаланатын, тіпті басқалар үшін анықталмаған, бейтаныс болуы да ғажап емес, - осы аталған белгілер, адресат концепциясын осы тілдесімге қатысты болатын адам тұрғысынан сипаттайды. Тілдесім кімге бағытталған, сөйлеуші өзінің адресатын қалай елестетеді, автордың адресатқа әсер ету мүмкіндігі қаншалықты – оның стилі, композициясы соған байланысты құрылады. Әрбір мәтін жанры тілдесімнің кез келген жанрын айқындап беруге қатысатын адресаттың типтік концепциясына ие болады…[ ].
Тілдесім адресаты қатысты болып жауап ретінде кімге немесе кімдерге арналса, соған сәйкесуі мүмкін. Сөз болып отырған дербес сәйкестіктер негізінде бір ғана жақ түрлі рөлді орындай алады. Осы түрлілік тілдесім үшін маңызды. Менің қарсы жаққа жауабым (келіскенім, қарсы болғаным, қатерге алғаным т.б.) қолма-қол айтылып кетті де, қарсы жақтың жауабы әлі айтыла қойған жоқ. Сөйлеу барысында мен тыңдаушы тарапынан менің сөзімнің қабылдануының апперцивті қорын (сөз болып отырған мәселеге қатысты бүрынан қалыптасқан түсініктің бар-жоғын): ситуацияны қаншалықты меңгергенін, берілген саладағы мәдени қарым-қатынасты бейнелейтін арнайы білімді қаншалықты меңгергенін, оның көзқарастары мен сенімдерін, оның симпатиясы мен антипатиясын – жалпы менің сөзімнің оған қаншалықты әсер етіп жатқанын есепке алу мен боламын, себебі менің сөзімді оның белсенді түсінуіне ықпал ететіні сөзсіз» …[ ] .
Мәтін – белгілі бір құрылымдық заңдылықпен жинақталған, фразадан жоғары тұтастық құрап, өзара қатынаста тұратын сөйлемдер жиынтығының іріленген бірлігі (абзац, параграфтар, бөлімдер, тараулар және т.б.). Бұл бірліктер коммуникация мақсатына орай белгілі бір мазмұнды жеткізу үшін қызмет етеді де оларды қабылдап, түсінуге лайықты ішкі құрылымы болады, яғни мәтіннің әрбір элементі белгілі бір байланыста болып, мәтін тұтастығын қамтамасыз етеді.
Мәтінді құрайтын барлық бөліктер өзара бірімен – бірі лексикалық, логикалық, грамматикалық, ассоциативтік байланыс негізінде біртұтас жүйе жасайды. Шығарма семантикасын оның вербалды қабатында көрінетін горизонтал және вертикал контекст түзетіндіктен, көркем мәтінде тілдік құралдар күрделі ойды ашатын тақырыпқа сай таңдалып, іріктеліп алыналды. Олар негізгі ойды беретін бір немесе бірнеше сөздің лексика – семантикалық парадигматикасы, синтагматикасы арқылы мәтіндегі ойды жылжытып, оқиғаны сипаттап, дамытып отырады. Туындының тілдік қабатын ұйымдастырушы автор мұндай сөздермен өзінің субъективті көзқарасын білдіріп, яғни мәтін модальділігін түзеді.
Кез келген көркем шығарма белгілі бір оқырмандар тобына арналады да уақытқа тәуелсіз болады. Жарық көрген кезде ү.лкен қызығушылық тудырып, таласа оқылатын туынды араға көп уақыт салмай естен шығуы, ал әуелде елеусіз қалған мәтін жылдар өте үлкен қажеттілікке айналуы да мүмкін. Демек әрбір көркем туынды – қажеттілікке қарай өзектелетін, әр ұрпақ өз бетінше дербес ақпарат ала алатын, жаңа мән – мағына таба алатын ашық жүйе. Көркем мәтінді оқыған әрбір адамның когнитивтік базасы, кеңістігі, тілдік – мәдени құзіреті әр түрлі болуына орай оны қабылдап, түсіну де әр қилы, ал мұның өзі көркем шығарма семантикасының түрліше интерпретациялануына әкеледі. Осы ретте белгілі ғалым Н.Уәли: «Көркем шығарма дискурсының оқырманға тигізер ықпалы, оқырман реакциясы, оқырманның зерделеу әрекеті тұрғысынан зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі сөз мәдениеті ғылымының, стилистика ғылымының имманентті жүйеден антропоцентристік бағытқа бет бұруы үшін аса маңызды, аса өзекті болып отыр. Белгілі бір коммуникативтік бірліктің немесе сөз актісінің (мәтіннің, дискурстың) адресант+мәтін жағы зерттеліп, тілдік, тілдік емес құрылымы талданып, ал мәтін+оқырман (адресат) жағының қалып қоюы коммуникативтік біртұтас жағдаяттың табиғатын объективті түрде айқындауға мүмкіндік бере қоймайды», - деген пікірі орынды [10,195]
Мәтін кез – келген тілдік бірлік сияқты өзіне тән белгілерімен ерекшеленеді. Мәтінтанушы ғалымдар мәтінге тән белгілерге ақпараттық, тұтастық пен байланыстылық (И.Р.Гальперин), аяқталғандық (И.Р.Гальперин, Г.В.Колшанский), бөлшектену (Т.В.Трошина), прагматикалықты (И.Р.Гальперин) көрсетеді [11,19].
Кез – клген мәтін белгілі бір мазмұнда құралып, белгілі бір көлемдегі ақпаратты жеткізеді. И.Р.Гальперин көркем мәтін ішінде берілетін ақпараттың үш түрін көрсетеді: мазмұндық – нақты (содержательно-фактуальную (СФИ)), мазмұндық – концептуалды (сожержательно- концептуальную (СКИ)), мазмұндық – астарлы (содержательно-подтекстовую (СПИ)).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет