Үмбетова Данна Ержанқызы



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі48,87 Kb.
#118067
  1   2   3
Байланысты:
12

… … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … …

Үмбетова Данна Ержанқызы
Орал қалалық №1 балалар өнер мектебінің оқытушысы
Қосымша білім берудің мән – мағанасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің қол бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай мақсатты айналысуына әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, сайып келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында. Дәстүрлі педагогика ілімі балаларға қарым-қатынас ортасы мен істің кең өрісі арқылы жасалған дамудың әлеуметтік жағдайын қандай да бір болмасын аса қызықты деген сабақтың өзімен де ауыстыру мүмкін еместігін терістемейді. Шындығында да, қосымша білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Бұл жағдайда жұмыссубьект, объектілер, яғни бала мен қосымша білім беру мекемесінің өзара ынтымастығы мен шығармашылық қарым-қатынасы арқылы іске асырылады. Мектептен тыс ұйымдағы жұмыс педагог пен оқушының ортақ іске деген әуестігіне негізделгендіктен, бала ортақ іс-шараның тұтынушысы ғана емес, жасаушысы да болып табылады. Осындай ерекшелікке сәйкес мектептен тыс ұйымдарда (қосымша білім беру ұйымдары) жалпы білім беретін мектептерде кездесетін детерминдендірушілікке жол берілмейді. Сондықтанда қосымша білім беру ұйымдарына оқытушы- педагогтарды іріктеу табиғи сипатта жүргізіледі, яғни оның балаға деген сүйіспеншілігіне, тәрбие ісіне деген ынта- ықыласына баса назар аударылады. Ендеше, мұнан қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуметінің айтарлықтай жоғары болуы керек екендігі де аңғарылады.
Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі мынада:
- Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагогпен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отрудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді;
- Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығарцмашылық тапсырмаларды шешу білім алу процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әрекеттесуі, қарым- қатынас жасуы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі стимуляциясының оянуына әкеледі;
- Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы білім беретін сонымен қатар қызметпен (іс-әрекетпен) қамтамасыз ететін және мекеменің дамуы болып екіге бөлінеді.
Елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:
- балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыратын;
- білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйрететін;
- балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйрететін;
- өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететін;
- жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйрететін;
- баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады.Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.
Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.
Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары:
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
Қосымша білім беру бағдарламасының қазіргі таңдағы басым түрі (кейбір деректерге қарағанда 70-80%) практикалық бағыттылық сипат алуымен даралануда. Мұндай жағдай қосымша білім беру ұйымдары объектілері әлеуметтік – мәдени қызмет пен құндылықтардың мехенизмін (тетігін) игерген тұлға, яғни жеке тұлға болуға қабілетті адам болып қалыптаса алатынын көрсетеді. Сонымен бірге, біз балаларды қосымша білім беру бағдарламасы мен тәрбиеленген түлектің жеткілікті нәтижесі ретінде емес, қазіргі мектеп білімінің сапасын арттыруға қызмет жасайтын үлес деп қарауды да дұрыс деп есептейміз.
Қорыта айтқанда балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады, өз шеберлігіне масаттанады, педагогына сенеді. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемелерін жетілдіре, дамыта түсу қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
5. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.

  … … … … … … .3
І Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы теориялық
негiздер
1. Дарындылық- қазiргi бiлiмнiң өзектi мәселесi
… … … … … … … … … … .7
1.2 Дарындылықты дамытудың психолого-педагогикалық негiзi және оқушының
тұлға ретiнде қалыптасуының маңыздылығы … … … … … … … …13
1.3 Дарынды балаларды ашу жұмыстарындағы теориялық және қолданбалы
аспектiлер
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … ..20
1.4 Дарынды балаларды оқытуға арналған негiзгi
амалдар … … … … … … 25
1.5 Қарағанды қаласының мектептерiнiң бастауыш сынып дарынды
оқушыларын дамыту жұмыстарына талдау
… … … … … … … … … … … … … ..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет