Меббм қазақстан-ресей



Дата06.02.2022
өлшемі118,5 Kb.
#80645
Байланысты:
8 вар Цереброваскулярлық аурулар 6 курс
8 вар Цереброваскулярлық аурулар 6 курс, Документ

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ



НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ







Кафедра психиатрии, наркологии и неврологии
ЦЕРЕБРОВАСКУЛЯРЛЫҚ АУРУЛАР




ВАРИАНТ 8

1. Науқас А, 60 жаста, шағымдары: бас ауру, оң қол-аяқтың ұюы мен ауру сезімі, аталған белгілер кенеттен таңертең АҚ-ң 190 /110 мм. сын.бағ. жоғарылау фонында дамыды. Объективті: есі анық, менингеальді белгілері. Көз алмасының қозғалысы толық көлемде, нистагм, оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, оң жақтан гемигипестезия, координаторлы сынаманы орындағанда оң жақтан атаксия анықталады. Ликворы: түссіз, мөлдір, қысымы – 200 мм.су.бағ., белок қалыпты деңгейде, лимфоциттер – 5 клетка. ЭКГ да – жыпылықтаушы аритмия. Бас миының МРТнда – активтілігі төмен ошақ анықталды. Берілгендердің ішіндегі ең тән диагнозын атаңыз?



  1. париенхиматозды – вентрикулярлы қан құйылу

  2. ми инфаркты, гемодинамиялық подтип

  3. субарахноидальді қан құйылу

  4. ми инфаркты, атеротромботикалық подтип

  5. ми инфаркты, кардиоэмболиялық подтип

2. Науқас 15 жаста кенеттен есін жоғалтты. Объективті: АҚ - 120/80 мм. сын. бағ. Шүйде бұлшықеттерінің ригиттілігі, рефлекстері біркелкі жанданған, Бабинский симптомы 2- жақтан оң. Ликворлық қысымы 300 мм.су. бағ., түсі «ет жуындысы түрінде». Қандай ауру ең бірінші кезекте инсульттің дамуына себепші болуы мүмкін?



  1. артерио –венозды мальформация

  2. васкулит

  3. тұмау

  4. артериальді гипертензия

  5. васкулит

3. Қандай дәрілік зат субарахноидальді қан құйылуында қолданылады?



  1. гепарин

  2. нимотоп

  3. фраксипарин

  4. тромбоАСC

  5. синкумар

4. Геморагиялық инсульт кезіндегі ликвор түсі:



  1. қан аралас

  2. бозғылт

  3. түссіз

  4. мөлдір

  5. лайлы

5. Сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінің ишемиялық инсультінде байқалады?



  1. сіреспелі тетраплегия

  2. сіреспелі гемиплегия оң жақта

  3. сіреспелі гемиплегия сол жақта

  4. түбіршектік синдром

  5. қолдардың шеткі парезі және аяқтардың орталық парезі

6. Тамырлық конус синдромына тән:



  1. несептің жүрмей қалуы, сіреспелі парапарез

  2. аногенитальдық аймақта анестезия, жамбас қуысы ағзаларының бұзылысы

  3. төменгі сіреспелі парапарез

  4. ахилл рефлексініің болмауы

  5. өткізгіштік типтегі сезімталдық бұзылысы

7. Сырқатта АҚ 210/130 мм.сын. бағ. көтерілгенде бас айналу, жүрісінің бұзылысы байқалды. Объективті: нистагм, координаторлық сынақты орындауда атаксия байқалды. 3 сағаттан соң аталған симптомдар жойылды.


Болжамалы диагноз қойыңыз?

  1. ми қан айналысының өткінші бұзылыстары

  2. кіші инсульт

  3. ишемиялық инсульт

  4. тор қабық астына қан құйылу

  5. паренхиматоздық қан құйылу

8. 65 жастағы сырқатта АҚ 210/ 130 мм.сын. бағ. көтерілгенде бас айналу, жүрісінің бұзылысы байқалды. Объективті: нистагм, Ромберг кейпінде теңселу, саусақ-мұрын және өкше-тізе координаторлық сынақты орындауда атаксия байқалды. 1 сағаттан соң аталған симптомдар жойылды.


Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым ақпаратты?

  1. краниограмма

  2. электроэнцефалография

  3. эхо-энцефалография

  4. ультрадыбыстық допплерография

  5. электромиография

9. Науқастың оң жақ гемисферасының ішкі капсула аймағында геморрагиялық инсульт болды. Салдану түрін анықтаңыз.



  1. сол жақтық сіреспелі гемипарез

  2. спастикалық тетрапарез

  3. оң жақтық гемипарез

  4. оң аяқ монопарезі

  5. прозоплегия

10. Субарахноидалды қан құйылуға тән симптом



  1. Фуа-Тевенар

  2. менингеалды

  3. Вестфаль

  4. созу симптомдары

  5. Маринеску-Радович

11. Науқас, 35 жаста, эмоциональді стресстен кейін есін жоғалтты. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, кома, беті гиперемияланған. АҚ - 170/100 мм.сын.бағ., пульсі – 90 соққы минутына, шүйде бұлшықеттерінің 4 көлденең саусаққа ригиттілігі анықталады. Қарашықтары біркелкі, жарыққа реакциясы анықталмайды. Беті симметриялы. Рефлекстері біркелкі 2-жақты жоғарылаған. Бабинский симптомы оң. Ликвор қысыммен шығады, түсі тұнық «ет шайындысы» түрінде, «сылынған» эритроциттер көп мөлшерде. Неғұрлым тән диагнозды атаңыз?



  1. серозды менингит

  2. субарахноидальді қан құйылу

  3. іріңді менингит

  4. ишемиялық инсульт

  5. гипертониялық энцефалопатия

12. Науқас 57 жаста, инсультті өткерген, өзі салақтау, сұрақтарға жауап береді. Объективті: оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, күлгенде оң ерін бұрышы қалаңқы, тілі ортаңғы сызықпен. Янышевский симптомы анықталады. Сол аяқта тонус пен рефлекстері жоғарылаған. Сол аяқтың сезімталдығы төмендеген. Қандай тамырлық бассейн зақымданды?



  1. ортаңғы ми артериясы

  2. алдыңғы ми артериясы

  3. артқы ми артериясы

  4. мишықтық артерия

  5. омыртқалық артерия

13. Науқас 70 жаста атеросклерозбен ауырады, оң қол-аяқта әлсіздік, ұю сезімі дамыды. Объективті: АҚ-170/90 мм.сын.бағ. Есі анық. Оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа ығысқан. Оң қол-аяқтың күші 3 баллға дейін төмендеген. Оң жақтан тонусы мен рефлекстері жоғарылаған. Берілгендердің ішінен ең бірінші кезекте тағайындаған жөн?



  1. антикоагулянттар

  2. коагулянттар

  3. антисеротонинді дәрілік заттар

  4. антигистаминді дәрілік заттар

  5. антиконвульсанттар

14. Мидың қандануын тұрақты қамтамасыз етеді:



  1. мидың қандану жүйесінің ауторегуляциясы

  2. сипатикалық нерв жүйесі

  3. ми бағаны

  4. парасипатикалық нерв жүйесі

  5. бүйрек үсті безі

15. Субарахноидальды қан құйылу кезінде байқалады:



  1. менингеалдық белгілер

  2. ошақтық симптомдар

  3. ликвор түссіз

  4. ликворда ақуыз-клеткалық диссоциация

  5. біртіндеп дамуы

16. Сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейніндегі инсультке анағұрлым тән белгі:



  1. сол жақ мимикалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі

  2. сол жақ мимикалық бұлшық еттердің шеткі парезі

  3. моторлық және сенсорлық афазия

  4. жоғарғы квадрантты гемианопсия

  5. сол жақтан тілдің шеткі парезі және оң жақтық гемипарез

17. 35 жастағы науқастың аяғында кенеттен әлсіздік пайда болды. Объективті: аяғында гипертонус, гиперрефлексия, зәрін ұстамайды. Ликворда: цитоз 3 клетка, белок 0, 033 г/л.


Анағұрлым болжам диагноз қойыңыз?

  1. жұлын инсульті

  2. гематомиелия

  3. торқабық астына қан құйылу

  4. паренхиматозды геморрагиялық инсульт

  5. менингомиелит

18. 60 жастағы науқаста таңертең оң жақ аяқ – қолында әлсіздік пайда болды. Объективті: Беттің мимкалық бұлшық еттерінің, тілдің оң жақтық орталық парезі. Оң жақтық спастикалық гемипарез және гемигипестезия. ЭКГ – ритмі ырғақсыз, жүрек соғу жиілігі 140 рет минутына .


Ми қан айналымы бұзылысының анағұрлым мүмкін болатын себебі:

  1. қант диабеті

  2. гипертониялық ауру

  3. васкулит

  4. жыпылықтағыш аритмия

  5. өкпе жеткіліксіздігі

19. Науқас 50 жаста, оң аяқ-қолының уюы мен әлсіздігіне шағымданып жүйке аурулары клиникасына түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, АҚ 170/90 мм с.б.б. Керниг симптомы оң. Оң жақтық гемипарез, Бабинский симптомы оң. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы оң.


Ликворда ксантохромия, КТ: жоғары тығыздалған ошақ.
Болжамалы диагноз қандай болуы мүмкін?

  1. геморрагиялық инсульт

  2. ми ісігі

  3. ишемиялық инсульт

  4. энцефалит

  5. менингоэнцефалит

20. Клиникаға 80 жастағы сырқат оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне, сөйлеу мен жүрісінің бұзылысына, бас айналуына, бас аурына шағымданып түсті. Аталған симптомдар екі күн бұрын түнгі ұйқыдан кейін пайда болған. Объективті: АҚ 145/95 мм. сын. бағ., менингиалдық симтомдар теріс, оң жақтық гемипарез.


Қандай тексеру әдісін қолданған анағұрлым дұрыс?

  1. краниограмма

  2. электроэнцефалограмма

  3. эхо-энцефалография

  4. мидың МРТ

  5. электромиография


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет