Мәди Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі бойынша оқу-тәрбие жұмысының есебі І жарты жылдық 2016-2017 оқу жылы



бет11/11
Дата26.08.2017
өлшемі2,25 Mb.
#28357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.Отбасылық тәрбие

0- 4 сынып жетекшілері «Отбасы бақыт мекені» атты тренинг өткізді. Ата –аналарға сұрақтар ұсынылып «Өз балаңды тап»ойыны өтті. 2-7 сынып оқушылары арасында Нұрмағанбет С.Б. «Отбасы тәрбие бастауы», Токенова Б.К. «Отбасы тәрбие ұясы» тақырыптарында ата – аналар жиналыстарын өткізді.

Қазан айында Жас Ұлан ұйымы және Аға тәлімгердің ұйымдастыруымен «Қарттарым аман  сау жүрші!» мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді.Қарттарға шақыру қағаздары таратылып мұғалімдер көмегімен үстел дайындалды. Демеушілік қаржылық көмек арқасында қарттарға шағын сыйлықтар әзірленді. К/Х «Шоққарағай» және А/ф «Зеренді Астық» демеушілік көмек көрсетті.

5. Еңбек, экологиялық және экономика

Мектеп бойынша «Жас орманшылар» тобы ұйымдастырылды топқа 15 бала енді. Мектеп алаңына 10 жас шырша егіліп сырты қоршалды қадағалау жас орманшыларға жүктелді.Мектеп алдына таза сенбіліктер өткізілді. Кәсіптік бағыт – бағдар бағытында жұмыстар атқарылады. Мектебімізде берілген ұсыныстарды негізге ала отырып жоспар құрылып

бекітілді. Оқушылар бірнеше кәсіпорындарға саяхат жасап тұрады, балаларға арналған стенд жұмыс жасайды. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. «Біз таңдаған жол», «Мен құрылысшының мамандығын таңдаймын»атты сынып сағаттар өткізіліп тұрады. Ата аналармен «Менің балам кім болады» атты викториналық ойын ұйымдастырылды.

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Оқушыларға эстетикалық ұғыну мен күйзелісті, талғам құндылықтарды құруға бағытталған қабілеттіліктерін және әсемдік   туралы ғылым-талғам жөнінде түсініктерін қалыптастыру Мектепшілік оқушыларға  эстетикалық тәрбие беру мақсатында 316 атқыштар дивизиясының 75 жылдығына орай «Қазақстан кең далам!» атты патриоттық әндер сайысы өтті. 9 және бастауыш сынып оқушылары бірінші орын, екінші орын 5- 6,үшінші орын 7- 8 сынып оқушылары ие болды.



7.   Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Оқушыларға мектепшілік олимпиадалар ұйымдастырылды.



8. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жасөспірімдердің  салауатты   өмір  салтын  сақтай   қажеттігі,  жеке денсаулық  жағдайымен  ерекшелігі   туралы   білімдерін,  денсаулықтың  дене,  психологиялық, әлеуметтік  және  рухани  байлықтармен   біртұтастығы және денсаулықты сақтай әдістері туралы түсініктерін  қалыптастыру мақсатында «Волейбол » жарысы өтті. 10.11.16 күні оқушылармен «Дене шынықтыру және спорт оқушы өмірінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларға спорт туралы ақпарат беріліп қойылған сұрақтарға жауап берді. Спорттың адам өміріндегі пайдасы,түрлері? Қалай салауатты өмір салтын ұстанамыз? Мұғалім «СТО» технологиясын пайдаланды.






05.12.16 – 10.12.16 күні аралығында оқушылармен «Спорт жетістіктері» атты ұранын ұстана отырып онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндік суреттер көрмесінен басталды. 06.12.16 күні «Гимнастика тарихы». Оқушыларға гимнастика, спорт туралы ақпарат беріліп қойылған сұрақтарға жауап берді. Спорттың адам өміріндегі пайдасы,түрлері? Қалай салауатты өмір салтын ұстанамыз? 07.12.16 күні «Қазақстан елінің үздік спортшылары» атты викториналық ойындар өтті. 08.12.16 күні таңымыз таңғы жаттығулардан басталды. Оқушылар «Қане оян» атты әуеніне жаттығулар жасады. 09.12.16 күні гимнастикалық элементтерді пайдаланып «қызықты ойындар» өткізілді. Барлық мектеп оқушылары қатысты бастауыш сыныптардан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін. Оқушылар қатарға саналып екі топқа бөлініп ойнады. Онкүндігіміз қызықты флешмобпен аяқталды. «Еліміздің болашағы, дені сау ұрпақ» демекші мектебімізде эстафеталық жарыстар өтті.

Мақсаты:

1. Оқушыларды салауатты өмір салтына беімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру патриоттық сезімдерін ояту.

2. Эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету.

3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.

Қызықты эстафета бастауыш сынып және жоғары сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сыныпқа Балтағарин Ы.Қ. және Жылқыбаев Т.Қ. жауапты болып тағайындалды. Қызықты эстафетаӘр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.Доппен жарыс бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.Сыңар аяқ ойыны екі команда ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.Таяқща және секіртпемен секіру ойыны бірінші ойыншы қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойып, секіртпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай жалғаса береді.Бір-бірінің үстінен секіру ойыны сапта тұрған балалардың барлығы еңкейіп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

2. Қорытынды: Жеңіске жеткен «Ұландар» тобы марапаттауларға ие болды.





Мақала жазған мұғалімдер



Сынып жетекшілер




1

Солтанбек Ж

-

2

Баймаханова Г.Т.

+

3

Нұрмағанбет С.Б.

+

4

Токенова Б.К.

+

5

Балтағарин Ы.Қ.

-

6

Жанатаева А.Ж.

+

7

Садвокасова А.Н.

-

Сайыстарға қатысқан мұғалімдер



Сынып жетекшілер

Информзнайка

Адал еңбек

Алтын күз

1

Солтанбек Ж

-

-

-

2

Баймаханова Г.Т.

+

-

Досымбеков .М.С.

3

Нұрмағанбет С.Б.

-

-

Тасбергенова .Э.Б.

4

Токенова Б.К.

+

+ Досымбеков М

-

5

Балтағарин Ы.Қ.

-

-

-

6

Жанатаева А.Ж.

-

-

-

7

Садвокасова А.Н.

-

-

-

8

Жылқыбаева А.Т.







Қазезтай .Ж.Т.

1 орын






Оқу ісінің меңгерушісі: Калымжанова С.Т.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Баймаханова Г.Т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет