Медицина факультеті


Қолдану тәсілдері және дозасы



бет6/6
Дата13.11.2023
өлшемі5,09 Mb.
#191278
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
GVFVLKCYRONF02112023012144
Ата анаға сауалнама
Қолдану тәсілдері және дозасы Ересектер және 12 жастан асқан және одан үлкен балаларға: тәулігіне 1 рет 10 мг (1 таблетка) 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға: дене салмағы 30 кг үлкен болса - тәулігіне 1 рет 10 мг (1 таблетка), дене салмағы 30 кг кіші болса - тәулігіне 1 рет 5 мг (1/2 та6летка).
Жағымсыз әсерлері:Сирек - бас ауыру, қатты қажығыштық - үйкышылдық - ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, гастрит - аллергиялық бөртпе Жекелеген жағдайларда: - алопеция - анафилактикалық реакциялар - бауыр қызметінің бүзылуы - тахикардия, жүрек лүпілі.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-препараттың қандай да бір компонентіне асқын сезімталдықта - емшек емізу кезеңінде - 2 жасқа дейінгі балаларға.
Жүктілік және лактация
Кларитинді оның ана үшін пайдасы ұрық үшін болуы мүмкін зияннан басым болған кезде ғана қолданған жөн. Ана сутіне өтеді, сондықтан препаратты қабылдауды тоқтатудың немесе бала емізуді тоқтатудың біреуіне таңдау жасаған жөн.
Автокөлікті басқару және күрделі техниканы пайдалану қабілеті: Дәрілік заттың жағымсыз әсерін (үйқышылдық) ескере отырып, автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.
Артық дозаланғанда Белгілері: Үйқышылдық, тахикардия және бас ауыру. Препараттың 160 мг-ын бір рет қабылдаған кезде қандай да бір, электрокардиограммадағы өзгерістерді қосқанда, жағымсыз әсерлер болған жоқ.
Глюкокортикойдтар: иммунды жасушалардың (лимфоцит, плазмоцит) дамуын және антидене өнімін төмендетіп, мес жасушаларының бұзылуын және олардан аллергия медиаторларының шығарылуын алдын алып, аллергия медиаторларына қарама қарсы әсер көрсетеді: қан тамыр өткізгіштігін төмендетіп, АҚ жогарлатады және т,б. Ауыр және орта дәрежелі аллергиялық реакцияларда, асқынған аллергиялық ауруларда (бронх демікпесі, коллагеноз және т.б,); жергілікті экземада, дерматитте қолданылады
Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) сондай-ақ, шокқа қарсы және антитоксикалық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады. Глюкокортикоидтарды шокты емдеу және алдын алу үшін белгілейді. Мүщелер мен ұлпалардын трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады.
Жанама әсері; кортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия, бүлшық ет әлсіздігі, ісінулер, гипертензия, гипергликемия, остеопороз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бүзылыстар (үйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін.
Гипертониялық ауруларда, қан айналымның жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен үлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікге және ИценкоКушинга ауруында колдануға болмайды.
Мес жасушалары мембраналарының тұракгатқыштары: кромолин-натрий (интал), недокромил - натрий (тайлёд), - мес жасушаларынан аллергия медиаторларының шығуын алдын алады. Тек бронх демікпесі ұстамасын алдын алу үшін қолданылады. Үйренгіштік тудырмайды, улылығы төмен.
Симптоматикалық дәрілер. Бронхспазмда аллергиялық реакциялардың байқалуында бронхолитиктер, АҚ-ң төмендеуінде адреналин, анафилактикалық шокта - преднизолон, ал тыныс алу бүзылуында - өкпеге жасанды дем беру қажет. Мұрын ауруларын емдеу үшін (деконгестанттар) мұрын жолдарын уақытша қалпына келтіруге арналған (мысалы, топикалық стероидтарды қабылдау алдында), сондай-ақ аллергиялық риниттің жеңіл ағымында тек симптоматикалық құралдар ретінде қолданылады. 6 жастан бастап балаларға және ересектерге, 5-7 күн ішінде тәулігіне 4 дозадан көп емес тағайындалады, өйткені тахифилаксияға және басқа да жағымсыз әсерлердің даму қаупі бар [9].
· нафазолин 0,05%, 0,1%;
· оксиметазолин 0,05, 0,1%;
· ксилометазолин 0,05, 0,1%;
· тетризолин 0,05%, 0,1%.

Қолданылған әдебиеттер:

Қолданылған әдебиеттер:

  • Фармакология Сұлтанов М.Ә., Ербасова А.А.,
  • Фармакология Д.А. Харкевич 2014
  • Клиникалық_фармакология_В_Г_Кукес,_Д_А_Сычев 2020
  • Интернет желісі https://studfile.net/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет