қалдықтарды шығарғаннан кейін қолды жуу алгоритміне сәйкес өңдеңіз.
"Б", "В", "Г" сыныбының қалдықтары түзілген жері бойынша бір тәуліктен асырмай; қалдықтары бар сыйымдылықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырмай сақталады.
медициналық қалдықтарды шығарғаннан кейін медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жай, пайдаланылған мүкәммал мен жабдық дезинфекцияланады.
әкетуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға лицензиясы бар ұйым жүзеге асырады.
әкету еселігі кестеге сәйкес жүргізіледі.
түзілген қалдықтарды күнделікті есепке алуды орталықтың жауапты тұлғасы нысан бойынша "медициналық қалдықтарды күнделікті есепке алу журналында" жүргізеді.
"Б" және "В" сыныпты қауіпті медициналық қалдықтарды тасымалдау, залалсыздандыру және жою нормалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.