Механика зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар 1 бөлім



бет36/135
Дата28.01.2018
өлшемі12,41 Mb.
#34338
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135
, яғни (2)
Ішкі өлшемдерді, мысалы, цилиндрдің ішкі диаметрін, өлшеу үшін (3) сыртқы қырлары тегіс аяқтар қолданылады. Штангенциркуль әдетте (4) сызғышпен қамтылады, ол тереңдікті өлшеу үшін қажет болады.

Аса дәл өлшеу жүргізу үшін микрометр қолданылады (11.3 сурет).



11.3 сурет


Микрометр стерженьмен доғадан (11.3 сурет) тұрады. Дененің өлшемдерін алған кезде, оны (2) стержень мен қозғалмалы винттің (3) арасына орналастырылады. Винт (4) трещетканы бұрау арқылы қозғалысқа келеді. Трещетканың көмегімен винттің денемен жанасқанын аңғарады. Осымен қатар (1) барабанның корпусы айналады да, стерженьге қатысты ілгерімелі қозғалады. Есеп горизонталь және барабанның шкаласы бойынша жүргізіледі. Горизонталь шкала стержень бойымен жүргізілген түзу сызықтың екі жағында да болады. Әр шкаланың бөлік құны 1 мм. Жоғарғы шкала төменгіге қатысты 0,5 мм-ге ығысқан. Бұл бізге өлшеуді 0,5 мм дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Ал миллиметрдің жүздік бөлігі барабанның шкаласы бойынша есептеледі. Алдымен оның бөлік құнын анықтайық

(3)
мұндағы

h – микровинттің қадамы. Ол барабанның бір толық айналым жасағанда винт қанша бөлікке ілгерімелі қозғалғандығын көрсетеді.

n – барабандағы бөліктер саны.

Барабандағы шкала микрометрдің нониусы болып табылады. Жүздік бөлік саны стержень бойындағы сызыққа сәйкес келген цифрмен анықталады. Дененің өлшемдерін алу үшін горизонталь шкала бойыша алынған шамаға барабан шкаласында алынған шаманы қосу керек (11.4 сурет).



Мысалы, 4 суретте төменгі горизонталь шкала бойынша бүтін миллиметрдің санына (1), жоғары шкала бойынша 0,5 мм-ді қосамыз, ал жүздік бөлігіне барабаннан 41 бөлікті аламыз. Сонан соң 41-ді барабан шкаласының дәлдігіне (а=0,01мм) көбейтеміз.



Сөйтіп, дененің ұзындығы немесе диаметрі мынаған тең екен
11мм+0,5мм+0,41=11,91мм (4)
Өлшеудің алдында құралды тексеріп алу қажет. Яғни, нөлдік көрсету кезінде барабанның қыры горизонталь шкаланың нөліне сәйкес келе ме, жоқ па? Егер де дәл келмесе, онда өлшеу жүргізгенде оны ескеру қажет.
Жұмыс формуласы және қателіктер формуласы
Жұмыста цилиндр тәрізді дене зерттеледі. Оның көлемі формуламен анықталады. Жұмыста диаметр өлшенетіндіктен бұл формуланы былай жазамыз
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет