«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет133/254
Дата13.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#100027
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   254
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла
Әлеуметтану пр 5 презантация, Әлеуметтану пр 5 презантация, коууууууч, 00031f94-1ff4cfbc, ББЦ СРСП-1 Ерікқызы Мадина, 5 сынып әдебиет 3-тоқсан, «Ì?ë³ìåòòåð ?îðûíû? òåîðèÿñû» ï?í³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Ì?ë³ìåò, Ұстаздар -ұлы тұлғалар, СӨЖ 1
Тері астына инъекцияны орындау
Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәрілерді қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетініңжоғары бөлігі, санның алдыңғы бетініңортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

  4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

  5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

  6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

  7. Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).

  8. Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз.

  10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

  11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдыңсұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

  12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Тері антисептигімен суландырғанмақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  14. Иненің канюлясынан ұстап отырып,жылдам қимылмен шығарыңыз.

  15. Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз.

  16. Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  18. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   254




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет