«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет24/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

АПАТТЫҚ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ
Апаттық жағдайда апаттық дәрі қобдишасы құрамына кіреді:




Крафт пакетіндегі таңғыш материал

Саны, мөлшері



Крафт пакетіндегі көз тамызғыштары

4 дана



Аспадан ерітіндіні езуге арналған ыдыс

3дана залалсыздандырылған



Ундинка (көзді жууға арналған кішкене ыдыс)

2дана залалсыздандырылған



70% этил спирті

100мл



5% йод ерітіндісі

10 мл



0,05% калий перманганат ерітіндісі,

10 мл



1% протаргол ерітіндісі

10 мл



6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі

100 мл



саусаққа киетін резеңке

2-3 дана



Бактериацидті жабысқыш пластырь

2-3 дана



Қайшы

1 дана



Кейбір антисептикалық заттар аспамен сақталады және қолданар алдында даярланады, оған жататындар:

13

Протаргол

0,1г-орау

14

калий перманганат

0,005г-5 орау

15

Залалсыздандырылған дистилденген су 10 мл-ден

6 ампула


ВИЧ-КЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ
Адам вирус иммунитеті тапшылығына қарсы арналған жабдықтар

  • 70% этил спирті

  • 5% йод ерітіндісі

  • жабысқыш пластырь

  • марганец қышқыл калий аспасы

  • марганец қышқыл калийді езуге арналған дистилденген су 1:10 000 (0,05%)

  • 1% бор қышқылы ерітіндісі

  • 1% протаргол ерітіндісі


НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

БЕТ ТЕРІСІНЕ, ЕРІНДЕРІНЕ ЖӘНЕ АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ

СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

  2. Дәрі қобдишасынан 70% спиртті немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

  3. Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және еріндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысымен кетіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

  4. 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз.

  5. ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншаққа суды түсірмеуге тырысыңыз).

  6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   254




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет