«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы



бет249/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

  1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

  2. Вентиляцияныңадекваттылығынтұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпедендем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.

  3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.


Өкпенің жасанды вентиляциясын

«ауыздан - ауызға» жасау әдісі
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:


  • бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

  • осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

  • екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

  • терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   254




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет