Парыздың негізгі принципі, ол барлық науқастарға жынысына, ұлтына, діңге қарамастан көмек көрсету. «Әріптестер» деген сөз бар, бұл жұмыстағы немесе оқудағы жолдастары, ал «сыйлау» -бұл басқаның ойымен санасу деген сөз, сыйласу, сыпайы сөйлесуден байқалады. Қорытынды - Мейірбике ісі философиялылығының маңыздылығы – мейірбикенің кәсіби шеберлігінде. Ең бастысы – жұмыста науқастармен қарым-қатынас кезінде мейірбикенің дүниетанымы әрдайым жоғарыдан көрініп отыруы тиіс. Мейірбике өзінің философиялық көзқарасын нығайта отырып, өзіне мынадай этикалық міндеттерді, этикалық байлықты (бағалануы), мейірбикелік адамгершілік қасиеттерін қабылдауы тиіс. Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте. Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн. Олар ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс. Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән беріледі.
- С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері» 47-48 бет
- С.А.Мухина,И.И.Тарновская «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела» www.brkmed.ru
- https://prezi.com/lqfboanlsfbr/presentation/
- http://refleader.ru/polqasotrjge.html
- shava.kz Қайыргалиев Ж.Б.
- http://www.studmed.ru/krasnova-af-sestrinskoe-delo-v-2-h-tomah-tom-1_46b587871da.html
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |