Мектеп №267 орта мектеп Мерзiмі: №11 Тақырып



Дата21.01.2017
өлшемі66,01 Kb.
#7514
түріСабақ
Мектеп № 267 орта мектеп Мерзiмі: . №11

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік . Қасиеттер: бауырмалдық,татулық,сыйластық

Мұғалiм: Арихова Лайла Сынып: 5 «А» Оқушылар саны : 20


Сабақ мақсаты:Оқушыларға отбасы жарастығы туралы түсінік бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушылардың отбасы татулығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

-оқушылардың бойындағы бауырмалдық,татулық,сыйластық,қамқорлық қасиеттерін дамыту.

-оқушыларды риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық;

Дәптер;

Күнделік;

Қалам)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

 Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту. 5Тережесін еске түсіру

1.Тәртіп+сүйіспеншілік

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Жағымды күйге келу. «Теңізге саяхат »

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады.

Рахмет.

(Бірнеше оқушылардан алған әсерлері туралы сұрау)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

40- беттегі «Отбасы татулығы» аңыз әңгімені оқу.

Талқылау сұрақтары:

1.Өсиет әңгіменің мәні неде?

2.Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?

3.Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

5.Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?



Сабақ барысын талдау:



3.Дәйексөз:

«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» Халық мақалы

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер

(Дәйексөзді әуелі ұлдарға 2 рет,қыздарға 2 рет айтқызамын)

Оқушыларға хормен оқыту;

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады;

Дәптерге жаздырылады;






4.Әңгiмелеу

«Сүйіспеншілік» автор А.Асылбеков

Базарға барайын деп шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бармаймыз »,-дейді.Оң жақтағы досым-Байлық,сол жақтағы болса-Сәттілік. Менің атым-Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

-Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар.Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,-деді.

...Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы,-деп қайталай берді.

-Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін».Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,-деді.Екеуі ортақтасып , мынадай шешімге келеді : «Негізінде ең асылы ,Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?»

Төрлетіңіз.Сізді шақыруды ұйғардық»,-деді.Сүйіспеншілік орнынан тұрды да,үйге беттеді.Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:


  • Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек»,-дейді.

- «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз-Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».

Әңгіме бойынша сұрақтар:

1. Әңгімеден не түсіндіңдер?

2. Әңгімедегі кейіпкерлердің орынында болсаңдар сендер бірінші кімді шақырар едіңдер?

3.Шаңырақ жарастығының негізін не құрайды?

4.Бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса ол үйде не болады? Неліктен?





5. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Жоба қорғау.



Отбасы сөзінің ұғымын түсіндір

Оқушылар өз ойларын айтып,нақты бір сөзден тұратын ассоцияцияларын жобаға жазады.

Тапсырма (10 минут)

Онда балалар ең алдымен «Отбасы» деген сөзді естігенде ойларыңызда қандай ассоцияция туындайды? Жауаптарыңды нақтылай отыра өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.







6.Топпен ән айту. (Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)

. 

Әкем –әнім

Сөзі О.Сүттібаевтікі

Әні Ә.Сүлейменовтікі
Ұшырдың баптап ұядан

Кетпейсің ойдан,қиялдан.

Арманға биік қол созсам,

Тұрасың демеп жиі алдан.



Қайырмасы:
Көңілім бүгін алаң-ды,

Күттің бе,әке,балаңды?

Шаттық пен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді


Адалдық әркез көксеген,

Үйрендім,әке, тек сенен.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз жетсе дем.


Қайырмасы:

Жүректі тербеп күй сынды,

Биікке ұшсам, сүйсіндің.

Мойныңа көптен асылмай,

Мағындым,әке,иісіңді.

Қайырмасы:





7.Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 42 бетіндегі «Сыйластық» өлеңін жаттау.

2.№12 сабақ, Жұмыс дәптерінде  берілген 1,2-ші тапсырманы орындап келу.

3.Берілген мақалға сүйеніп, шағын әңгіме жазыңдар.

Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.






  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Біз бүгінгі сабағымызда отбасы жарастығы туралы әңгімеледік. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Бүгінгі керемет сабақ үшін рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Каталог: uploads -> doc -> 06b4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b4 -> Сабақ «Тәуелсіз Қазақстан» Қазақ тілі 4 сынып Мұғалім: Кудеренова А. А. «Макинск №5 орта мектебі»кмм пән: қазақ тілі Сынып: 4 Мерзімі: 24. 11. 15
06b4 -> Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша коучинг сабағының жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет