Мектеп алды топтың балаларына арналған «Жол тәртібін білейік»



Дата24.01.2022
өлшемі14,01 Kb.
#129674
Байланысты:
«Жол тәртібін білейік»
2 сараң қонжық

Мектеп алды топтың балаларына арналған «Жол тәртібін білейік»

вариативтік компоненттің тақырыптық жоспары. 2021-2022 оқу жылы



Оқу қызметінің тақырыптары

Оқу қызметінің мақсаты мен мазмұны

Сағат саны

1

«Абайла, жол!»

Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.

1

2

Бағдаршам және біз.

Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыруды жалғастыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Ұқыптылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

1

3

Сіріңке кішкентай, от үлкен.

Өрт кезіндегі қауіпсіз мінез құлық ережелерімен таныстыру. Өрт болған жерден қалай шығу керектігін үйрету. Сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

4

Көлік түрлері


Қоғамдық көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Қоғамдық көлік түрлерін танып атай білуге үйрету. Жүргізуші мамандығына құрметпен қарау. Ұқыптылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.


1

5

Мен жаяу жүргіншімін

Бейтаныс адамдармен подъезге немесе лифтіге кіруге болмайтындығын түсіндіру. Бейтаныс адамды байқаса қандай әрекет жасауға болатындығын үйрету. Сақтыққа, сабырлы болуға тәрбиелеу.

1

6

Мен жаяу жүргіншімін

Жаяу жүргіншілер өткелінен қалай өту керектігі туралы түсініктерін кеңейту. Жаяу жүргінші және жаяу жүргіншілер өткелі сөзінің мағынасын түсіндіру. Баланың зейінін, қабылдауын жетілдіру. Жолдан өту барысында бір-біріне көмек көрсетуге көңіл, ықылас білдіруге тәрбиелеу. Сақтыққа, сабырлы болуға тәрбиелеу.

1

7

Бөтен автокөлік



Балаға бейтаныс адамның автокөлігіне отырмау керектігі, жүргізушімен сөйлеспеу керектігін түсіндіру. Егерде күштеп автокөлікке отырғызғысы келсе қандай әрекет жасауға болатындығын үйрету. Сақтыққа, сабырлы болуға тәрбиелеу.

1

8

Мен және көше

Көше,жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру. Жол тәртібін сақтай білуге үйрету. Сақтыққа, сабырлы болуға тәрбиелеу.



1

9

Су қауіп-қатер,су тасқыны

Су тасқыныны кезіндегі қауіпсіз мінез құлық ережелерімен таныстыру. Су тасқынының салдарынан болатын қауіпті жағдайлар туралы түсінік беру. Жағдайдан шығудың, қорғанудың қарапайым түрлерін үйрету. Сабырлылыққа тәрбиелеу.

1

10

Жол тәртібін жадыңда ұста


Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін түсіндіру. Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру. Балаларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.


1

11

Есік қоңырауы соғылды


Егер үйде үлкендер болмаса бейтаныс немесе аз танитын адамдар келіп есіктің қоңырауын соқса немесе есікті күшпен ашып кірмек болса қандай әрекет жасауға болатындығын үйрету.

1

12

Біз жолаушымыз



Автобус пен трамвайды танып ажырата білуді бекіту. Қоғамдық көлік ішінде қауіпсіздік сақтау ережесімен және жолаушылардың міндеттерімен таныстыра отырып,. қоғамдық жерлерде, балабақшада, траснпортта қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру. Сақтыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

1

13

Қысқы қауіп-қатерлер



Аязды күндері мен тайғақ болған кезде қандай әрекет керектігі туралы түсінік беру. Үсік шалмау үшін не істеу керектігін үйрету.


1

14

Аялдамада



Аялдама және жаяу адамның көлікті аялдамада күтетіндігі туралы түсінік беру. Аялдама туралы мағлұмат беру. Тәртіптілікке тәрбиелеу.

1

15

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік


Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз мінез құлық ережелерімен таныстыру. Үйде, көшеде жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету: -қауіпсіз орын табу; -ғимараттан шығудың жолдары

1

16

Жаяу жүргіншілер жолы және өткелі



Жаяу жүргіншілер жолы және өткелі туралы түсініктерін бекіту. Балалардың ой-қиялын дамыту. Тілдерінің байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

17

Ауладағы ойын


Балаларды ойын кезінде болатын түрлі қауіпті жағдайлар туралы түсінік беру. Қауіпсіздік ескеруге, қауіпті жағдайлардың алдын-алуға, жағдайдан шыға білуге үйрету.

1

18

Қай жерде ойнауға болады?


Көшеде ойнауға болмайтындығын түсіндіру. Балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа тәрбиелеу.


1

19

Қонжыққа топта өзін қалай ұстау керектігін үйретеміз



Топта өзін ұстау мінез-құлық ережелерімен таныстыруды жалғастыру. Топта қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Тәртіптілікке тәрбиелеу.



1

20

Біздің айналамыздағы жол белгілері



Бағдаршам сигналы туралы түсініктерін бекіту

Тамақтанатын пункт пен дәрігерлік көмек көрсету пунктінің белгісімен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.





1

21

Жер сілкінісі кезіндегі қауіп-қатер



Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз мінез құлық ережелерімен таныстыруды жалғастыру. Жер сілкінісінің салдарынан болатын қауіп-қатерлер туралы түсіндіру


1

22

Абайла, жол қиылысы!



Жол қиылысы туралы түсінік бере отырып, жол қиылысында болатын келеңсіз жағдайларды болдырмау жолдарымен таныстыру. Көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп айта білу, есте сақтауын, ойын, көше қиылысы туралы ұғымын арттыру.

1

23

Саябақта



Ересек адамдарсыз жалғыз үйден алыстап кетпеу керектігін түсіндіру. Балалардың ой өрісін дамыту. Сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

24

Абайла....!


Көлік түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып, көшеде жүрудің қарапайым ережесін сақтауға дағдыландыру. Балалардың ой қиялын дамыту.


1

25

Ит пен мысық- біздің кішкентай достарымыз



Жануарлармен дұрыс қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейту. Қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Ұқыптылыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

1

26

Қауіпсіз жол


Сурет қарау арқылы бала өміріне қауіпсіз жолмен таныстыру. Жол тәртібін сақтауға үйрету. Сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

27

Найзағай



Балаларға найзағай туралы түсінік беру. Найзағай жарқылы кезінде қандай әрекет жасауға болатындығын үйрету. Сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

1



Дымбілмес балаларда қонақта





Қала көліктері, жолда жүру ережелері, бағдаршамның сигналдық белгісі, туралы білімдерін бекіту. Кейбір жол белгілерін ажырата білу іскерліктерін жетілдіру. Көшеде қауіпсіздік ережелерін тұрақты түрде қолдана білуін дамыту.

1

29

Тұрмыстық заттар бізге дос па әлде жау ма?



Өміріне қауіп төндіруі мүмкін кейбір тұрмыстық заттар туралы түсінік беруді жалғастыру. Тұрмыста қолданатын кейбір заттарды ересек адамдардың катысуымен ғана қолдану керектігін түсіндіру. Қауіпсіздік ережесін сақтау туралы білімдерін кеңейту.«Өмірге қауіпті» сөзінің мағынасын түсіндіру.

1

30

Жол белгілері әлемінде



Жол белгілері туралы алған білімдерін пысықтау. Жол белгілерін айыра білу дағыдысын қалыптастыру, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру. Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

1

31

Жәндіктер



Әртүрлі жәндіктерді бақылау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Балалардың ақыл ойын дамыту. Тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

32

Жол белгілері сөйлейді


Сілтеуші және тыйым салушы жол белгілерімен таныстыру. Суретіне қарап және жол бойында тұрған белгілерді танып айтып беру дағдыларын жетілдіру. Тәртіптілікке тәрбиелеу.

1

33

Жеуге жарамды, жарамсыз


Жеуге жарамды және улы жемістер, саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру. Оларды түріне қарап ажырата білуге үйрету.

1

34

Егер де көше қиылысында бағдаршам болмаса....



Бағдаршамы жоқ көше қиылыстарынан қалай өту керектігі туралы түсінік беру. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік сақтау ережесі туралы түсініктерін бекіту. Үнемі жол белгілеріне көңіл бөлу керектігін дағдыға айналдыру. Тәртіптілікке тәрбиелеу.

1

35

Электро заттар



Тұрмыста қолданатын кейбір электрозаттарды ересек адамдардың катысуымен ғана қолдану керектігін түсіндіру.

Қосылулы тұрған электр құралына тиіспеу және электр вилкасын су қолымен ұстамау, даладағы трансформаторлық үйшіктерге жақындау керектігін айту. Қауіпсіздік ережесін сақтау туралы білімдерін кеңейту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.



1

36

Бәрін білгім келеді



Қала және ауыл көшелерінде қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту. Көшеде көліктер қозғалысын реттеуші туралы түсініктерін нақтылау. Жол белгілері туралы білімдерін бекіту.


1







Сағат саны

36


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет