Мектеп директоры Балабаева С. А. 28. 01. 2015 жыл



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі276,72 Kb.
  1   2
«Бекітемін»

Мектеп директоры Балабаева С.А.

28.01.2015 жыл.

Астрахан №1 орта мектебінің әдістемелік кеңесі бекітуге ұсынған.
Рецензенттер:

Астрахан №1 орта мектебі директоры А.С.Балабаева

Әдістемелік бірлестік жетекшісі Өмірзақ А.Қ.

Рецензия


Қазіргі таңда мектептегі білім беруді қайта құрудың негізгі бағыты оқытудың дамытушылық функциясын басымдылыққа алу болып табылады. ЖББ мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Функция қасиеттері, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курс бағдарламасы оқушылардың есеп шығаруда өз білімдерін көтеру, тереңдету, тиімді жолдарын таба білу және білімдерін бекіту мақсатында есептердің шығару тәсілдерін үйренуде, іскерлік-дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор. Математикадан қолданбалы курс оқыту ең алдымен оқушылар білімін дамыту, жаттығулар орындауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, негізгі бағдарламалық материалдарды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, теориялық материалдарды талдап түсінуіне көмектеседі.

Курс бағдарламасы оқушылардың танымдылығына, мектептің материалдық базасына қарай сабақтың тақырыптары толықтырылып, бағдарламаға сай енгізілді.

Тақырыптық жоспар 34 сағатқа негізделген 9 бөлімнен тұрады.

Мазмұны:

Түсінік хат 3 бет

Оқу-әдістемелік жоспары 4 бет

Курс бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспары 5 бет

Курс бойынша қосымша материалдар 7 бет

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 10 бет

Пайдаланылған әдебиеттер 12 бет

Құрастырушы:Өмірзақ Алмагүл Қаршығақызы– математика пәнінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта математика пәнінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі таңдау курсының бағдарламасы мен сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты математика пәнінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



Түсінік хат

11-сыныптарға арналған « Функцияның қасиеттері, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» таңдау курсының бағдарламасын басшылыққа ала отырып математикадан алған білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрлымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.

-Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау бөлімінде берілетін курс материалдарының көлемі,реті мен тізбегі.Оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген.

-Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөлімінде оқушылардың математикалық дайындығының міндетті деңгейі сипатталады.


Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ,ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Сондықтан да оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту,ғылыми көзқарасы мен белсенділігін,өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру,математикалық білім деңгейін тереңдету және оларды болашақ маман ретінде даярлау үшін математика ғылымының салаларын тереңдетіп оқытудың жолы ерекше.

Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың проблемалық материалдарды оқып үйренуі олардың курсты оқып үйренгенде қабылдаған тереңде берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына сонымен бірге математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.
Курс бойынша мазмұны мен құрылымы :

I. Функция. ( 3 сағат)

Функцияның берілуі, анықталу облысын табу. Функцияның мәндерінің

облысын табу жолдары.

II. Сызықтық функция. (3 сағат)

Функция қасиеттері. Бір белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеу және

теңсіздіктерді шешу.

III. Квадраттық функция.(4 сағат)

Квадраттық теңдеу, теңсіздіктер. Виет теоремасы.



IV. Тригонометриялық функциялар.(5 сағат)

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері. Негізгі теңбе – теңдіктердің қолданылуы. Теңдеулер мен теңсіздіктер . Кері тригонометриялық функциялар.



V . Көрсеткіштік функция (3 сағат)

Функцияның қасиеттері. Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер.



. Логарифмдік функция (4 сағат)

Логарифмдік функция қасиеттері. Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйелері. Теңсіздіктерді шешу.



VІІ. Туынды (6 сағат)

Туынды және дифференциал.Функцияның өсуі мен кемуі. Функцияны зерттеу. Күрделі функцияның туындысы. Анықталмаған функция, кері функция және оларды дифференциалдау.



VІІІ. Интеграл (4 сағат)

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Функциялардың интегралы.

Тригонометриялық функциялардың интегралы. Анықталған интеграл және оның геометриялық мағынасы.

ІХ. Дифференциал теңдеу.( 2 сағат)

Дифференциал теңдеу туралытүсінік. Сынақ.



«Функция қасиеттері, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Сағат саны


Күні

Білім нәтижелігі

Әдіс-тәсілдері













1.1

Функцияның берілуі

1




Функцияның қасиеттері

Түсіндіру

Топпен жұмыс



1.2

Функцияның анықталу облысы

1




Есептер шығарту

Топпен жұмыс

1.3

Функцияның мәндерінің

облысын табу жолдары.




1




Функцияның анықталу және мәндерінің облысын табуға есептер шығару.

Жеке жұмыс.



2.1

Сызықтық функцияның қасиеттері

1




Түсіндіру.Есептер шығару.

Топпен жұмыс

2.2

Бір белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеу

1




Бір белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеу туралы түсінік беру есептер шығарту

Сұрақ-жауап

Топпен жұмыс



2.3

Бір белгісізі бар теңсіздік-терді шешу.

1




Теңсіздіктерді шешіп,

жауабын сан түзуінде дұрыс белгілеу



Сан түзуінің түрлерін білу

3.1

Квадраттық функция, қасиеттері.

1




Өз бетінше жұмыс

Жеке жұмыс

3.2

Квадраттық теңдеу . Виет теоремасы

2




Түбір табуға есептер шығару

Топпен жұмыс

3.3

Квадраттық теңсіздіктер

шешу.


1




Квадраттық теңсіздік-тер шешу әдістері.

Топпен жұмыс

4.1

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері

1




Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін меңгерту.

Топпен жұмыс

4.2

Негізгі тригонометриялық теңбе – теңдіктер

1




Негізгі тригонометрия-лық формулаларды еске түсіру.

Топпен жұмыс

4.3

Тригонометриялық теңдеулер

1




Тригонометриялық формулаларды тиімді қолдану. Есептер шығарту

Топпен жұмыс

4.4

Тригонометриялық теңсіздіктер

1




Тригонометриялық теңсіздіктердің формула-ларын тиімді қолдану.

Жеке жұмыс

4.5

Кері тригонометриялық функциялар.


1




Кері тригонометриялық функцияларды ажырата алады.



Топпен жұмыс

5.1

Көрсеткіштік функция, қасиет-тері.

1




Көрсеткіштік функция, қасиеттерін пайдаланып, есептер шығару..

Топпен жұмыс

5.2

Көрсеткіштік теңдеулер

1




Көрсеткіштік теңдеулердің шешу тәсілдерін қолданып есептер шығару.

Топпен жұмыс

5.3

Көрсеткіштік теңсіздіктер.

1




Көрсеткіштік теңсіздіктер шешу

Топпен жұмыс

6.1

Логарифмдік функция, қасиеттері


1




Логарифмдік функция туралы түсінік беру


Жеке жұмыс




6.2-6.3

Логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйелері.

2




логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелерін пайдаланып, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. 

Топпен жұмыс,

жеке жұмыс



6.4

Логарифмдік теңсіздіктерді шешу.









Логарифмдік теңсіздіктер ұғымымен және шешу жолдарымен таныстыру, практикада қолдана білуге машықтандыру.

Сұрақ-жауап
Топпен жұмыс

7.1

Туынды және дифференциал

1




Туындыны табу ережелері.

Жеке жұмыс

7.2-7.3

Функцияның өсуі мен кемуі. Функцияны зерттеу.

2




Функцияның өсуі мен кемуі туралы түсінік беру және есептер шығару.

Топпен жұмыс

7.4

Күрделі функцияның туындысы.

1




Формулаларды қайталау

Жеке жұмыс

7.5

Анықталмаған функция және оларды дифференциалдау.


1




Анықталмаған интегралдар кестесін қолданып, есептер шығару.

Топпен жұмыс

7.6

Кері функция және оларды дифференциалдау.


1




Кері функция және оларды дифференциалдау туралы түсінік беру.Есептер шығару.

Жеке жұмыс



8.1

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл.

1




Алғашқы функцияны табу ережелерін қолданып, есептер шығару.

Жеке жұмыс



8.2

Функциялардың интегралы.

1




Өз бетінше жұмыс

Жеке жұмыс

8.3

Тригонометриялық функциялардың интегралы.

1




Тригонометриялық функциялардың формулалары.

Топпен жұмыс

8.4

Анықталған интеграл және оның геометриялық мағынасы.


1




Ньютон-Лейбниц формуласын қолданып, есептер шығару.

Жеке жұмыс

9.1

Дифференциал теңдеу туралы түсінік.

1




Дифференциал теңдеу туралы мағлұмат беру.

Топпен жұмыс

9.2

Сынақ

1




Тест есептерін шығару

Жеке жұмыс


қосымша 1

Бір тригонометриялық функциямен берілген алгебралық теңдеулерге келетін тригонометриялық теңдеулер

Мысалы:


а)

Шешуі:cosx=y деп белгілеу енгіземіз.



.

Каталог: 887344EE9999D2F9
887344EE9999D2F9 -> «Менің тұңғыш Президентім» (1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық әңгіме) Мақсаты
887344EE9999D2F9 -> «математикалық сандық» ойыны
887344EE9999D2F9 -> Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы жазғы «Күншуақ» лагерінің II кезеңінің жұмыс жоспары 2014-2015 оқу жылы
887344EE9999D2F9 -> Сабақтың түрі: Сабақтың өту барысы: Аралас сабақ Оқушыларды ұйымдастыру
887344EE9999D2F9 -> Ата аналарға арналған сауалнама
887344EE9999D2F9 -> Орта мерзімді сабақ жоспары
887344EE9999D2F9 -> Педагогтың шығармашылық Өсу картасы
887344EE9999D2F9 -> 7 модуль бойынша білім беруді көздейді
887344EE9999D2F9 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет