Мектеп: Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп- балабақша кешені



бет1/4
Дата15.02.2023
өлшемі448,76 Kb.
#168860
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Келтіру ф
дәрістер



Авторы: Охас Назгүл Беркінғалиқызы


Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қособа «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, математика пәні мұғалімі



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.3А. Тригонометрия

Мектеп: Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп- балабақша кешені

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Охас Назгүл Беркінғалиқызы

Сынып:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы:

Келтіру формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.4. келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • келтіру формулаларын үшін қорытып шығарады;

  • келтіру формулаларын қолдану ережесін біледі;

  • келтіру формулаларын есептерді шығаруда қолданады.

Бағалау критерийлері

  • келтіру формулаларын қорытып шығарады;

  • келтіру формулаларын қолдануда функция атауының өзгеру тәуелділігін анықтайды;

  • келтіру формулаларын қолдануда функция таңбасын анықтайды;

  • келтіру формулаларына есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар келтіру формулаларын қорытып шығаруда, ережесін айтуда және есептерді талқылағанда таза академиялық тілде сойлей алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • бірлік шеңбер

  • радиан

  • бұру бұрышы

  • синус

  • косинус

  • тангенс

  • котангенс

Диалогқа:

  • cos\sin\tg\ctg функциясы үшін бұрыш 1\2\3\4 ширекте жатса, таңбасы оң\теріс болады

  • егер бұрышы берілсе, онда функцияны кофункцияға өзгертеміз/өзгертпейміз




Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, физика

АКТ қолдану дағдылары

Графикалық органайзермен, түрлі оқу платформаларымен жұмыстану дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын, қасиеттерін біледі



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурс

Сабақтың басы
2 мин
3 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Жағымды атмосфера орнату.
Ұжымдық жұмыс
Сергіту сәті: « Функциялар қара жорғасы»
Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстап қара жорға биін тригонометриялық функция қисықтарын жасау арқылы, яғни толқын жасау арқылы билейді.


Білімді өзектілеу және топқа бөлу
Жеке жұмыс
Белсенді оқыту әдісі: «Доп лақтыру»
Саралау тәсілі: «Жіктеу» (аралас гендерлік топ)

Алдын ала дайындалған тақтада тақтаны 4 ширекке бөліп тұратындай етіліп координаталық жүйедегі тригонометриялық шеңбер салынған. Доп лақтыру арқылы оқушыны таңдап, төрт тригонометриялық функцияның біреуін атаймын. Оқушы допты тақтаға лақтырып қай ширекке тиген болса сол ширектегі өзіне айтылған функцияның таңбасын айтады. Осылайша барлық оқушылар өздеріне айтылған функцияның кез келген ширектегі таңбасын еске түсіреді. Оқушылар cos\sin және tg\ctgболып екі топқа бөлінеді.




ҚБ: «шапалақтау» әдісі арқылы өзара бағалау











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет