Мектеп жасына дейінгі балалар даму деңгейі



бет1/8
Дата03.01.2022
өлшемі60,47 Kb.
#108461
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-21873

Жоспар


Кіріспе...................................................................................................................3-4

1 Мектеп жасына дейінгі балалар даму деңгейі
1.1 Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі..............................................5-7
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту.... 7-12

2 Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың даму шарттары..............................13-14
2.2 Балалардың жеке басының дамуы мен тәрбиеленуі...............................14-21

Қорытынды ......................................................................................................22-23

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................24

Кіріспе

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді , деген екен.

Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.

12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.


Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Курыстық жұмыстың міндеті. Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.

Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.

Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.

Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.

Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.

Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Курстық жұмыстың зерттелу әдістері. Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Озат тәжірибелі педагогтардың білім беру үрдістері жайлы түсіндіру.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін мамандық іс-тәжірибе барысында студенттер, сынып жетекшілері бастауыш сынып оқушыларына тәрбие жұмыстарын жүргізгенде пайдалануына болады.

Курстық жұмысты зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: бастауыш мектепте мұғалімдердің педагогикалық білім беру жүйесінде жүргізіледі.

Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет