«мектеп жасына дейінгі балаларды элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» ПӘнінен дәрістер кешені дәріс №1 Тақырып: «мждб қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»


Математика сабағында ойын әдістер пайдалану



бет50/58
Дата27.04.2022
өлшемі149,51 Kb.
#141085
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер

Математика сабағында ойын әдістер пайдалану

Жас деңгейі

Ойынның басты түрлері

Сабақта қолдану

Бірінші кіші топ

Заттық-қимылдық ойын

Дидактикалық ойыншықтарды енгізу.

Екінші кіші топ

Ойындық әрекет деңгейіндегі оқиғалы-рөлдік ойындар

Дидактикалық ойыншықтарды пайдалану. Ойын арқылы дағдыны бекіту.




Жас ерекшелігі тобы

Ойынның басты түрлері

Сабақта қолдану

Ортаңғы топ

Ойындық әрекет және деңгейіндегі оқиғалы-рөлдік ойындар

Сандарға жан бітіру және оларды сюжетті оқиғалардың кейіпкерлеріне айналдыру

Ересектер тобы және дайындық топ

Күрделі оқиға деңгейіндегі оқиғалы-рөлдік ойындар. Ережесі бар ойындар

Есеп құрастыру және шығару. Ережелері бар дидактикалық ойындар: үстел үстінде ойналатын ойындар мен қимыл-қозғалыс ойындары.

Сонымен, ойындық және қызықты мотивтер бұл жүйеде бір сарында көп рет қайталауды талап ететін қандай да бір дағдыны қалыптастыру үшін ғана пайдаланылатынын естеріңізге саламыз. Үлкен топта дағдарларды қалыптастыруға арналған жұмыстық дәптерлер, тапсырмалары біртіндеп күрделеніп отыратын кітаптар, сондай-ақ оқу мультфильмдері мен бейне бағдарламалар, мәселен, компьютерлік сыныптарға бейімделген «Сезам көшелері» хабарларының үзінділері мен мектепке дейінгі мекемелердің компьютерлік бағдарламалары кең түрде пайдаланалады.


Тәжірибелік ізденістердің арқасында балалардың материалды меңгерту кезеңінде математика мазмұнды шығармашылық өнімді әрекетіне енгізу тәсілі табылады. Қазір педагогтар математикалық тақырыптарға арналған жапсыру, құрақтау сурет салу, құрастыру түрлерін кеңінен падаланылып жүр. Олар барлық жас ерекшелігі топтарында падаланылады.
Келесі тәсіл – математикалық мазмұнды сюжеттен беру. Ол орта топта қолданылады және жан бітіру тәсілі арқылы іске асады, мәселен, онға дейінгі сандар мифтік оқиғалардың кейіпкерлері ретінде балалардың көз алдына келтіріледі.
Сабақты тыңдауды қамтамасыз ететін маңызды тәсілдер тобы мыналар:

  • балалардың жұмыс істеуіне қажетті көрнекі құрал және дидатикалық материал түріндегі заттардың сенсорлық тартымдылығы. Мысалы, әр балада өз санау материалы болады, ол оны өз талғамы бойынша таңдап алады. Цифрлары бар қиықшаларды әркім өз қалауынша бояйды;

  • өзіндік жұмыс. Сбақта әр бала өзінше табысқа жеткісі келеді. Мұндай сабақ келесі жолы жақсы әсер тудыратын болады. Сондықтан артта қалған балалар жаңа материалмен топтағы басқа балаларға қарағанда ерте таныстырылады. Бұл сабақта олардың белсенділігін арттырады, материалды меңгеруге және өзіне деген сенімін арттырады және өзіндік тұлғасын балайды.

  • Үстелдерді балалар бір-біріне қарсы қарап отыратындай етіп орналастыру;

  • Ұсынылатын тапсырмалар жарысу мен бір-бірінің кемшілігін іздеуді емес, шешімді бірігіп іздестіруді, ұжымдық ойлауды, бірлесіп ойластыруды ұйғарды;

  • Баға берудің көңілге алмайтындай түрін пайдалану. Кіші топтағы балалардың бір нәрсені істеуге, бір нәрсені білуге деген оң талпыныстары ғана бағаланады. Орта және үлкен топта бала әрекетінің нәтижесі басқа балалардың жеткен нәтижелерімен емес, өзінің осының алдындағы нәтижесімен салыстырылып беріледі. Бағалау топтық түрде емес, әркіммен жеке қатынас жасау арқылы іске асады. әділетті сын элементтері енгізіледі. Жыл аяғында дайындық тобындағы баланың әрекеті қалыптасқан үлгімен салыстырылуы мүмкін. Алайда, педагог баланың нақты жұмысына баға беру мен оның жеке басына баға беруді ажырата білуінің маңызы зор. әдістемелік тәсіл-баламен қарым-қатынас жасауды білім беру міндетімен біріктіре шешетін педагогикалық процестің «құраушысы» болып табылатынын көрсетіп берді.

Балдырғандарға білім берудің маңызды құралы – балаларды дамытатын ортаның, олардың жас ерекгеліктеріне сәйкес келуін ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама әр түрлі құралдарды барынша тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынғанымен, ол ерекше материалдық базаны балап етпейді.
Сөзімізді қысқа қайырып айтсақ, ұсынылған жұмыс жүйесінің бұрыңғы дәстүрлі жүйеден айырмашылығы:

  • баланы математика әлеміне әрекет арқылы емес, сөз, тіл арқылы енгізу:

  • балдырғадардың өз бетінше қабылдауын, назарын, есін, есепке алып, аффект пен интеллект бірдігі принципіне сүйену;
    вербальдық ойлауға емес, бейнелі түрде ойлауға сүйену;

  • бағдарламаның мазмұны бастауыш, сондай-ақ орта мектеп бағдарламаларымен үйлестірілген;
    бағдарламаны деңгейлерге келтіру баламен жеке жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді;

  • сабақта сөзді жас ерекшеліктері бойынша әр деңгейлеп пайдаланудың сапалы тәсілін енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет