Мектеп жасындағы балаларда толеранттық мінез құлықты қалыптастырудың негіздері



Дата07.02.2022
өлшемі28,51 Kb.
#89717
Байланысты:
Толеранттық мінез құлықты қалыптастыру негіздері
Толеранттық мінез құлықты қалыптастыру негіздері


Мектеп жасындағы балаларда толеранттық мінез құлықты қалыптастырудың негіздері

Толеранттықтың табиғатының күрделілігі сондай, бұл оның әртүрлі


көріністері болатынын ескеруді қажет етеді. Ол қоғамдық қарымқатынастардың барлық салаларына – жеке адамдар арасындағы қарымқатынастан бастап мемлекетаралық қарым-қатынасқа дейінгі деңгейде орын
алады. Толеранттық проблемасы негізінен әлеуметтік құрылымдары этникалық
мәдениет пен діни конфессиялардың көптүрлілігімен сипатталатын
қоғамдастықтарда көрініс табады.
Заманауи қазақстандық қоғам – көпұлтты және көпконфессиялы социум.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жергілікті этноспен қатар 140-тан
астам этностар мен этностық топтар, 40-тан астам түрлі діни конфессия
өкілдері тұрып жатыр. Республика территориясында тарихи қалыптасқан
ұлттар мен конфессиялардың барлығына лайықты түрде құрметпен
қарамайынша мұндай қоғамның тиімді дамуы тіпті мүмкін емес, ол ҚР
Конституциясымен бекітілген. Бұл құқықты сақтау, яғни заң алдында діни
нанымдар мен ұлттардың барлығының құқық теңдігін қамтамасыз ету –
өскелең ұрпақ бойында конфессияаралық және ұлтаралық толеранттықты
қалыптастыру міндетін шешумен тығыз байланысты. Оны шешу сапасы тұтас
алғанда қазақстандық қоғамның таяу арадағы жай-күйін анықтайтын болады,
сол себепті қазіргі көпұлтты қазақстандық қоғам елдегі оқу орындарының
алдына басым міндеттердің бірі ретінде өскелең ұрпақта конфессияаралық және
ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Этносаралық толеранттықты қамтамасыз етуге бағытталған осындай
ұлттық саясатты іске асыру үшін 1995 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен мемлекеттік саясат жүйесінің сәйкес элементі ретінде Қазақстан
халқы Ассамблеясы құрылды (бұдан әрі – Ассамблея).
Толерантты тұлғаны қалыптастырудың және дамытудың өзектілігі қазіргі
кезде арта түсуде, себебі қазіргі мектеп оқушыға көпұлтты әлемде оңды бағдар
береді және оларда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытады.
Осыған орай әдістемелік ұсыныстардың бірінші тарауында, қоғамның
біртұтастығын арттырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
көрсетілген, екінші тарауында, толеранттық ұғымының мәні ашылып,
оқушыларда толеранттықты қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздері
айқындалған, үшінші тарауында, мектептің тәрбие жүйесінде оқушыларда
толеранттықты қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін жүзеге
асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
XX және XXI ғасырлар тоғысында қазақстандық қоғам өзі үшін жаңа
феномен – этникалық жаңару немесе қазіргі заманның этникалық парадоксын
ашты. Бұл құбылыстың мәні экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірдің
интернационалдандырылуы аясында қоғамдық процестердегі этникалықтың
рөлін барынша арттыруда, азаматтардың өз этникалық бірдейлігіне, тіліне,
мәдениетіне, дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылық тудыруында
жатыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда этносаралық қатынастар тұрақтылықпен және
ұлтаралық қатты қақтығыстардың жоқтығымен сипатталады, бұл ел аумағын
бірге мекендеген түрлі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан салтдәстүрлерімен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев сөйлеген
сөздерінде мемлекетті әлеуметтік жаңғырту үшін әрбір қазақстандық
отбасының және әрбір қазақстандық азаматтың барлығының өмірінде оң
өзгерістерді жасауға бағытталған нақты көзқарастар, қатынастар мен мінезқұлықтың белгілі бір этносаралық нормаларын сақтаудың қажет екенін үнемі
атап көрсетеді .
Осыған байланысты қазақстандық мемлекеттің саяси стратегиясы әрбір
адам этникалық қатынасына және діни нанымына қарамастан өзін жайлы,
қауіпсіз сезінетіндей, мәдени, этносаралық өзара түсінушіліктің қолайлы
ахуалын жасауға ықпал етуі тиіс.
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің осындай моделін іске асыруда
Ассамблея елеулі рөл атқаруда, оның қызметі мемлекеттік ұлтаралық, ұлттық
саясатты жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси
орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
1995 жылғы 1-наурызда Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған
Ассамблея Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды элементіне айналды, ол
Қазақстанда тұратын этностардың мүдделерін нығайтады, ұлтына қарамастан
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталуын
қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Ассамблея ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жетекшілік ететін
конституциялық орган болып табылады. Мұнан басқа, Ассамблеяның құқықтық
мәртебесі ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңымен анықталған.
Оның қызметіне байланысты: құру тәртібі, құрылымы және басқару органдары
сияқты мәселелер, негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, өкілеттілігі,
басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара қарымқатынасының ерекшеліктері «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ереже»
нормативтік құжатымен регламенттелген.
Ассамблеяның жоғары органы – Қазақстан Республикасы Президентінің
төрағалығымен өтетін сессия болып табылады, оның шешімі мемлекеттік
органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер үшін қарастыру міндетті болып
табылады.
Ассамблеяның айрықша ерекшелігі – елдегі көптеген этностар
мүдделерінің жоғары заң шығару органы – ел Парламентіндегі оның өкілдігінің
болуы. Ассамблея ҚР Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлайды.
Ассамблеяның мемлекеттік басқаруға қатысудағы және тұтас алғанда қоғамдық
қатынастардағы ықпалдылығы мен тиімділігі осымен анықталады.
Ассамблея қоғам өмірінде этносаралық толеранттықтың қазақстандық
моделін практикада жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көпдеңгейлі және
көпфункциялы ұйым болып табылады.
Ассамблеяның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында этносаралық
келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Педагогтерге әдістемелік ұсыныстар
Оқушыларды толеранттық құндылықтарын ұғындыра отырып
Ассамблеяның қазақстандық қоғамды этносаралық толеранттық пен қоғамдық
келісім арқылы бірлестіруге бағытталған қызметінің мән-мағнасын ұғындыру
орынды. Әртүрлі іс-шаралар өткізу кезінде «ұлтаралық және конфессияаралық
диалог институты» есебінде (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы 12
қыркүйекте болған Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезінде
Ассамблеяға осындай баға берді) Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа
елдерде жоқ айрықша орган екеніне баса назар аударған жөн.
Жоғары сынып оқушыларына Ассамблея сайтындағы материалдарды
ұсына отырып, мұғалім бұл институттың әлемдік деңгейде «мәдениетаралық
диалогтың еуропалық үлгісі» ретінде мойындалып отырғанын атап
өткені дұрыс.
Педагогтер Ассамблеяның біздің көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен
келісімнің, мәдениет пен дінаралық диалогтың әлемдік эталон есебінде
мойындалған жетекші факторы екенін түсіндірулері керек.
Ғылыми жобалар орындаған кезде оның ішінде кіші жобалар әзірлегенде
мектеп оқушыларын Казақстандағы ұлттар мен ұлыстардың бірлігін арттыру,
ұлттық ерекшеліктеріне қарамай ҚР азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын сақтауға бағдарланған Ассамблеяның негізгі міндеттерін
зерделеу және талдауға үйрету керек.
Жас зерттеушілердің назарын Ассамблея қызметінің нәтижесінде
қазақстандық әлеуметте толеранттық сана-сезімнің кездейсоқ емес, мақсатты
түрде, біртіндеп орнығып жатқанына аудару керек.
Ассамблеяның айрықша үлгіде болуы нәтижесінде Қазақстан
конфессияаралық диалогтың ғаламдық орталығына айналғанын атап өту керек.
Қазақстан Республикасында этникалық және дінаралық толеранттықты
қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық база бар. Олар: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Ұлттық бірлік доктринасы, Қазақстан
Республикасында этномәдени білім беру Тұжырымдамасы.
Біздің ойымызша, әрбір мектепте облыстық Ассамблея жанындағы мәдени
орталықтарға баратын оқушы немесе оның ата-анасы бар. Сынып сағаттары,
мектептен тыс шаралар кезінде олардың әңгіме-пікірлерін тыңдауды ұсынамыз.
Әрбір мектеп пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері бар екені де белгілі.
Демек, ауық-ауық өткізілетін бірлі-жарым іс-шаралармен шектелмей, оқу
пәндерінің (қоғамдық-гуманиталық цикл пәндері ғана болуы міндетті емес)
дидактикалық кеңістігіне тиісті ақпараттарды біртіндеп ендіру қажет және
мұны жүйелі түрде жүргізу керек.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы білім беру стратегиясы этникалық
мәселелерге оңды көзқарас қалыптастыруға, шовинизмнің, діни экстремизмнің,
ксенофобияның әртүрлі көріністеріне полимәдениетті толерантты сана-сезім
мен мінез құлық қалыптастыру арқылы қарсылық көрсетуге негізделуі тиіс.
Білім алушыларда толеранттықты қалыптастырудағы білім беру
ұйымдары қызметінің инновациялық тәжірибесі
Толеранттықты қалыптастыру проблемасы ХХ ғасырдың соңында ерекше
өзекті болып, біздің елімізде және әлемде айтарлықтай әлеуметтік
трансформациялармен келісілді. Қазіргі кезде толеранттық адам
қауымдастығының тұтастығы мен көптүрлілігін дамыту мен нығайтудағы
адамгершілікті және рухани бағдары болуы мүмкін.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына
арнаған жолдауларында қоғам назарын үнемі артықшылығы көпұлттылық пен
көптілділік болып табылатын, елдегі барлық оқу орындарында
қалыптастырылуы тиіс патриотизм, мораль нормалары мен адамгершілік,
ұлтаралық келісім мен толеранттық қалыптастыруға бағытталған белгілі бір
қадамдарға аударды.
Қазақстандық мемлекеттің көпмәдениетті қоғам құру саласындағы
заманауи өзгерісі білім беру жүйесіне оқушылардың пәндік құзыреттілігін
кеңейтуге ғана емес сондай-ақ басқа ұлттық мәдениет өкілдеріне олардың
әлеуметтікмәдени құзыреттіліктері аясында толерантты қатынас орнатуға
бағдарланған педагогикалық инновациялар енгізу қажеттілігін туғызды.
Жалпы алғанда «толеранттық» түсінігін қарастырмайынша оқушыларда
этносаралық толеранттық, көпмәдениетті тәрбиенің инновациялық формалары
мен әдістерін қалыптастыру бойынша іс-қимылдың жаңа бағыттарын іздестіру
мүмкін емес. «Толеранттық» түсінігі ғылыми категория ретінде ұзақ уақыт
бойы эволюция жолымен дамуда және оның мазмұны әлі де болса нақтылануда.
Жалпы толеранттықтың философиялық, әлеуметтік, психологиялық және
мәдени аспектілері С.К. Бондырева, Р.Р. Валитова, В.М. Золотухин, З.Б.
Қабылбекова, Н.В. Круглова, В.А. Лекторский, А.Н. Нысанбаев, Т.Г.
Стефаненко, Г.Т. Телебаев, Х.Т. Шерьязданова және т.б. еңбектерінде
қарастырылды.
Педагогикалық ғылымның және қазақстандық қоғамның қазіргі даму
кезеңінде білім беру процесін бір біріне ұқсамайтын әлеуметтік этникалық
топтардың қатар өмір сүру қажеттілігін түсінуге бағдарланған жаңа мазмұнмен
толтыру қажеттілігі туындады. Бұл қажеттілік этносаралық аядағы қазіргі
тұрақсыздық, жас ұрпақтың адамгершілік деңгейінің төмендеуі және бүкіл
әлемдік кеңістікте зорлық-зомбылық пен төзімсіздіктің күшеюуіне байланысты
ерекше өзекті болып отыр.
Толеранттық – философиялық, мәдени, әлеуметтік, психологиялықпедагогикалық элементтер үйлестірілген көпаспектілі түсінік. Толеранттық
ұғымының мазмұнына осындай қатынаста оны ең алдымен диалогқа және ой
еркіндігіне ашықтық ретінде, бір мезгілде тұлғалық және қоғамдық санатты,
негізсіз әлеуметтік ортаның және тұтас алғанда әлемнің көпполярлылығын
сендіретін, әлемге деген көзқарастар мен қоғамның даму жолдары біркелкі емес
немесе қандай да бір адам басым емес деп түсіндіруге болады [5].
М.А. Орлованың ұйғаруынша, толеранттық – бұл ең алдымен адамның
басқа мәдениеттерге және ұлттарға белсенді қатынасы, бірақ қалай болғанда да
оларға қатысты аяушылық немесе салғырттық емес.
Біздің пікірімізше, қазіргі педагогикада «толеранттық» ұғымына барынша
нақты түсінік берген Б.З. Вульфовтың пікірінше «толеранттық – адамның
(немесе топтың) басқа менталитет және өмір салты тән адамдармен қатар өмір
сүру қабілеті» .
Алайда, осы әдістемелік ұсыныстар аясында толеранттық тұлғаның
дербес-психологиялық ерекшеліктері кеңістігінде қарастырылады, біздің
ойымызша, «толеранттық» түсінігіне М.С. Мацковский ұсынған анықтаманы
қарастырған дұрыс сияқты. Оның пікірінше, толеранттық толеранттықтың
субъектісі және объектісі арасындағы өзара әрекеттің белгілі сапасы, объектінің
сыртқы белгілер, пікірлер, мінез-құлық ережелері және т.б. тұратын
әлеуметтікмәдени айырмашылықтарын субъектінің қабылдауға даярлығымен
сипатталады .
Психологияда «қалыптасу» термині әлеуметтік өздерінің белсенді тіршілік
әрекеті үшін субъектілердің қажет тұтас, орнықты сипаттар мен қасиеттерге
мақсатты және ұйымдасқан түрде ие болу процесі ретінде түсіндіріледі [9].
Б.С. Гершунскийдің пікірінше, ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру
қазіргі кезде шешімі бүгінгі күнде де өзекті болып отырған негізгі
педагогикалық проблемалардың бірі болып қала береді.
Б.З. Вульфов толеранттық тәрбиелеу тәртібін көзқарастары мен өмірлік
құндылықтары әртүрлі адамдар арасындағы қарым-қатынас үшін қандай да бір
платформа қалыптастыру ретінде қарастырады .
Г.У. Солдатованың ойынша, толеранттық тәрбиелеу процесін тиімді және
жүйелі жүзеге асыру үшін бірқатар аспектілерді қарастыру қажет:
- психологиялық орнықтылық аспектісі; позитивті мақсаттар жүйесі
аспектісі;
- жеке қасиеттер жиынтығы аспектісі; тұлғалық және топтық құндылықтар
жүйесі аспектісі.
Сонымен, толеранттықты қалыптастыру процесі педагогика, психология,
философия, социология категорияларына жатады және бірнеше аспектіде
қарастырылады. Толеранттықты қалыптастыру, соның ішінде басқа этникалық
топ өкілдеріне қатысты қалыптастырудың мақсаты олармен басқа мәдениет
және көзқарастағы адамдар ретінде позитивті әрекеттесу болып табылады.
Бүгін Қазақстан Республикасындағы білім беру стратегиясы білім берудің
барлық деңгейлерінде білім алушылардың толеранттығын дамытуға
бағдарланған, себебі қазақстандық сарапшылар жүргізілген социологиялық
сауалнамалардың қорытындысына сүйене отырып, Қазақстан Республикасында
этносаралық қақтығыстар туындау қаупін жоққа шығармайды.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда сұралған респонденттердің 25,1%
күнделікті өмір жағдайында (дүкенде, қоғамдық көлікті пайдалануда)
этносаралық шиеленіске тап болады.
Мысалы, Қарағанды облысында жүргізілген заманауи оқушы тұлғасын
көпұлтты ортада қалыптастыру проблемасын зерттеу көрсеткендей, балалардың
10,4% - кей этнос өкілдеріне сенімсіздік танытатынын, сонымен қатар,
респонденттер этномәдени айырмашылықтар кейде олардың наразылықтарын
туғызатынын көрсеткен. Басқа ұлт өкілдеріне осындай қатынас және
мәдени айырмашылықтарды қабылдамау алдағы кезде маңызды әлеуметтік
зардаптарға, қылмысқа, ұлттық негізде жаппай тәртіпсіздікке әкеліп
соқтыруы мүмкін.
ҚР «Білім туралы» заңында адам құқығын және бостандығын құрметтеу
принципі анықталған, оқушыларда ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру,
түрлі этнос өкілдері арасында диалог орнату үшін қажет жағдайлар тудыру
міндеттері қойылған. Этникалық толеранттықты қалыптастыру міндеттерін
жүзеге асыруға бағытталған, 1996 жылы қабылданған «Қазақстан
Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында» этномәдени
білім берудің бағыттылығы ҚР этностарын біріктіруге ықпал етеді деп
көрсетілген, эгоцентризм, ұлтшылдық және нәсілшілдік көріністерінің алдын
алуға көмектеседі.
Қазақстандық мектептерде этносаралық толеранттықты қалыптастыру
проблемасының қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып біз төмендегі қарамақайшылықтарды анықтадық:
- әлемдік жаһандану процесі жағдайында оқушылардың ұлтаралық
толеранттығын қалыптастыру маңыздылығы мен білім беру мекемелерінің осы
қажеттіліктерді іске асыру дайындық деңгейі арасындағы;
- оқушылардың этносаралық толеранттығын қалыптастыру тәсілдерін
және технологияларын жаңарту қажеттілігі мен осы жұмысқа мұғалімдердің
жеткіліксіз психологиялық-педагогикалық даярлығы арасындағы;
- Қазақстан этностарының өмірді жаңаша көрудегі шынайы қажеттілігі
және позитивті этносаралық өзара әрекеті мен білім беру саласындағы
этнопедагогикалық көзқарастың пайдаланылмаған педагогикалық әлеуеті
арасындағы.
Сонымен, жүргізілген талдау қазақстандық қоғам дамудың қазіргі
кезеңінде көпмәдениетті тәрбиенің маңызды құрамдасы ретінде жастардың
этникалық және конфессияаралық толеранттығын қалыптастыру процесін
арттыруда арнайы педагогикалық жағдайлар туғызу үшін жеткілікті негіз бар
деп айтуға мүмкіндік береді.
З.Б. Қабылбекова және М.Б. Мансурова жалпы білім беретін мектептері
оқушыларында этникалық толеранттылық қалыптастырудың теориялық,
әдіснамалық негіздеріне іргелі зерттеу жүргізді.
Бұл зерттеулер нәтижелерінің бірі – педагогикалық қызметтіңнегізгі
бағыты оқушыларды қоғамдық және мәдениеттанулық ұйымдармен
этносаралық қатынасқа, серіктестікке тарту болып табылатын ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде этнопедагогикалық көзқарастарды іске
асырудың тұжырымдамалық моделі.
Мотивациялық-құндылықты компонент
Мақсаты: Оқушыларда ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру
Міндеті: Түрлі ұлт өкілдерімен қатынас процесінде құндылықтар жүйесін және
әрекеттер мен іс-қимылдың жоғары адамгершілікті мотивациясын, ұлтаралық
қатынасқа қызығушылық қалыптастыру, мектептің білім беру процесінде
ұлтаралық қатынастың позитивті тәжірибесін ұйымдастыру
Тәсілдер:мәтіндік--диалогтық, мәдениеттанушылық, интегративтік, мәнмәтіндік
Принциптер: маңыздылық, қолжетімдік, сендірерлік, түсіуну, мәтіндегі мазмұныды баяндау құрылымының адамның
танымдық қызметінің психологиялық құрылымына сәйкестігі;тарихи және мәдени мұра басымдылығы; руханилық және
мәденисәйкестік, жеделдету, ғылымилық, қолжетімдік, өзін-өзі шығармашылық іске асыру, дербес және ұжымдық
көзқарастар бірлігінің принципі ческая самореализация, принцип единства индивидуального и коллективного подходов
МАЗМҰНДЫ- ОПЕРАЦИ
ЯЛЫҚ БЛОК
Когнитивті компонент
Пәндердің оқу бағдарламалары; оқушылар үшін «Ұлтаралық қатынас мәдениетінің
негіздері» және мұғалімдер үшін «Ұлтаралық қатынас мәдениеті» арнайы
курстары
Әдістер:
Мәдени-кросс,
проблемалық,
эмпатия әдісі,
ойынтерапия әдісі
Формалар:
проблемалық пікірталастар, сынып сағаттары,
дәстүрлі емес сабақтар
(саяхат-сабақ, зерттеусабақ, театрландырылған сабақ), тренингтер,
ойындар
Құралдар:
мультимедиялық
проектор, интерактивті
тақталар, кинофильмдер,
Интернет ресурстар,
ұлтаралық қатынастың
түрлі жағдайы сипатталған карточкалар.
Іс-әрекеттік компонент
Түрлі ұлт өкілдерімен ұлтаралық қатынас тәжірибесін кеңейтуге және қатынастың
практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар
өткізу: ұлттық дәстүрлер, облыстық балалар фестивалі, діни мейрамдар (Ораза,
Құрбан-айт, Пасха, Рождество және т.б.), көркем-эстетикалық, туристік-өлкетану
бағыттары бойынша үйірме жұмысы, «Қазақстан халқы: тарих, білім беру,
мәдениет» аймақтық ғылыми-практикалық конференция, қазақ тілі және әдебиеті
бойынша облыстық олимпиада.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БЛОК
Критерийлер:
когнитивті
мотивациялыққұндылықты
іс-әрекеттік
Көрсеткіштер:
өз халқының және өзге халықтардың тарихы мен
мәдениетін, басқа ұлттардың ерекшеліктерін білу (тарихы,
тілі, діні, салт-дәстүрі, түрлі ұлт адамдарының өзара
әрекетіндегі жалпыға қабылданған нормалар мен мінезқұлық ережелері)
оқушылардың басқа ұлт адамдарымен әрекеті мен
қатынасының мотивациясы; ұлттық айырмашылығына
қарамастан әрбір адамды құрметтеу; жалпыадамзаттық
құндылықтарға бағдарлану; эмпатия
басқа ұлт өкілдерімен позитивті қатынас жасауға даяр болу,
этникалық толеранттық көрінісі
Деңгейлер: төмен, орта, жоғары
Нәтиже: этносаралық қатынастың жоғары деңгейінде оқушылардың ұлтаралық
толеранттығының қалыптасқандығы
Педагогикалық шарттар
оқушыларда ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда білім беру процесінің бағыттылығын
қамтамасыз ету; оқу (оқу пәндері бағдарламаларының мазмұнын өңдеу (оқу жоспарына оқушылар
үшін арнайы курстар кіргізу) және оқудан сыныптан тыс қызметті (ұлтаралық қатынас тәжірибесін
кеңейтуге бағытталған шаралар жүргізу) ұйымдастыруға өзгерістер енгізу, оқыту мен тәрбиенің
арнайы іріктелген әдістері, формалары мен құралдарын пайдалану
– Оқушыларда этносаралық толеранттық қалыптастыру моделі
Мәдениетаралық білім берудің әлемдік тәжірибесінің талдауы оны
балалық шақта жүзеге асырудың өзіндік құндылығын көрсетуге мүмкіндік
береді, ол балалықтың мәдениетаралық қатынаста позитивті көзқарас
қалыптастыру мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға жоғары
сензитивтілігімен келісілген.
Қазақстанда мектепке дейін білім беру мекемелерінің балалар топтары мен
орта мектептің сыныптары көп жағдайда көпэтникалы. Этносаралық қабылдау
ерекшеліктері жасына және дамудың әлеуметтік жағдайларымен келісілгендігі
дәлелденді. Бір жағынан, балаларда 6 жасқа дейін өз ұлты туралы түсінігі нақты
болмайды алайда, 4 жасар балада өзге ұлттың адамына қарама-қатынасы
қалыптаса бастайды. Психологиялық-педагогикалық ғылымның деректері
бойынша мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың
түсінігі көбінесе қате болмайды, бірақ 9 жасында эмоционалдық артықшылық
беру орнықты стереотипке ауысады, ал оны өзгерту қиын.
Қостанай мемлекеттік институтында Педагогика және бастауыш білім беру
әдістемесі кафедрасында Б.Б. Даумованың жетекшілігімен оқушыларда
этникалық толеранттық қалыптастыру бойынша Қазақстандағы білім беру
ұйымдарының тәжірибесі жинақталды. Оқушыларда этникалық толеранттық
қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қостанай қаласы
және Әулиекөл ауылындағы орта мектептер, Қостанай қаласы білім беру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты базасында іске асырылды.
Қалыптастырушы эксперимент №№ 1, 2, 10, 17-мектептерде жүргізілді,
экспериментке 10-сыныптардан 200-ге жуық оқушы қатысты. Осы зерттеулер
негізінде оқушыларда ұлтаралық толеранттығын қалыптастыру деңгейін
бағалаудың критериалдық-диагностикалық кешені құрастырылды.
«Қазақстан – барлық азаматтардың Отаны» курсын зерттеу оқушыларда
елімізде бейбіт, жасампаз, қақтығыссыз өмір үшін барлық жағдай жасалғанын
сезінуіне ықпал етеді [15; 16].
Білім беру ұйымдарының орта мектеп оқушыларында ұлтаралық
толеранттық қалыптастыру бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибесін
зерттеу нәтижесінде біз оқушының этникалық толеранттығы білім, мойындау,
олардың ұлттық ерекшеліктерін қабылдау және тұлғаның құқықтары мен
бостандығын құрметтеуі тұлғаның интегралды сипатын көрсетеді деген
қорытындыға келдік, ол индивидтің, басқа этнос өкілдерін өзара қабылдауын,
өзара әрекеттесуін болжайды.
Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру бойынша
әдістемелік ұсыныстар
Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымы білім беру мекемелерінде
білім алушының әрқайсысы ұлттық бірдейлігіне және діни нанымына
қарамастан өз конституциялық құқықтары үшін тең дәрежеде білім алуына, оқу
барысында өзінің әлеуеттік мүмкіндіктері мен әлеуметтік дамуын толық ашу
үшін барлығымен бірдей мүмкіндіктерге қол жеткізуі үшін қолайлы әлеуметтікпсихологиялық орта құруы қажет.
Оқушыда толеранттық сияқты қасиетті қалыптастыруда педагог
жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Көпұлтты және бірұлтты ұжымның педагогтары өз жұмыстарының жақсы
ойластырылуы, бар кезеңде бірізді болуы үшін қолдан келгеннің барлығын
жасауы тиіс.
Педагогтардың тәрбие қызметінің осы саладағы тәрбие әрекеті аясының
негізгі элементтері:
- түрлі ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін зерттеу, олардың әдет-ғұрпымен,
салтымен, дәстүрлерімен танысу, қандай да бір оқушыға қатысты белгілі бір
этнос өкілі болғандығы үшін ғана біржақты қатынас қалыптасуына жол бермеу;
- көпұлтты сынып ұжымындағы қарым-қатынас сипатын, моральдықпсихологиялық ахуалды сын тұрғысынан ұғынуы;
- соқыр нанымдарды, өзімшілдікті, ұлттық шектеулілікті жоюда
дамуының әр кезеңінде көпұлтты сынып ұжымын біріктіру бойынша
педагогтың қызметі;
- мектеп ұжымында ұлттық белгісі бойынша тартысты жағдайлардға жол
бермеу бойынша жағдай жасау;
- ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру (дөңгелек үстелдер, ұлттық мерекелер, түрлі діндер туралы әңгімелер, интернационалдық достық
клубтары).
Біздің пікірімізше, мектеп педагогикалық құрамының тәрбие жұмысының
тиімділігін арттыру үшін осы салада көпмәдениетті білім беру ортасында
толеранттық қалыптастырумен байланысты бірқатар ұсыныстар
қарастырған дұрыс:
- ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру курсын іске асыру аясында
білім беру ұйымының жұмыс жоспарына сабақта да, сыныптан тыс шараларда
да көрініс табатын толеранттық және этнотолеранттық мәселелері
кіргізілуі тиіс;
- педагогтер оқушылардың этникалық толеранттығының деңгейін
көтеруге, сондай-ақ олардың өз ұлттық бірдейлігінің позитивтілігін арттыруына
ықпал ететін кіріктірілген курстар бағдарламаларын әзірлеуі тиіс;
- зерттеушілік сипатындағы жұмыстардың тақырыптарын дайындауда ҚР
ұлтаралық келісімді сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажет;
- этникалық толеранттық деңгейіне ықпал ететін теріс ықпалдарды
төмендету үшін мәдениетаралық диалог дағдыларын әзірлеуге бағытталған
мәдениетаралық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерін
өткізу қажет;
- пән мұғалімдері гуманитарлық цикл пәндерінде түрлі халықтардың
фольклорлық және әдеби дереккөздерінің көмегімен Қазақстанның мәдени
мұрасын зерттеуді тәжірибеге енгізулері қажет.
Бастауыш мектептегі оқу кезеңі педагогтар тарапынан болатын тәрбие
ықпалына әлдеқайда сезімтал болғандықтан, осы әдістемелік ұсыныстар
аясында осы жас санатындағыларда этникалық толеранттық процесін
қалыптастырумен байланысты негізгі кезеңдерге нақты тоқталамыз.
Бастауыш мектеп балаларында көпмәдениетті білімді қалыптастыру үшін
әдебиетті келесі бағыттар бойынша: республикалар туралы танымдық
әңгімелер; түрлі ұлт адамдарының еңбегі және тұрмысы туралы әңгімелер;
халықтардың ұлттық мәдениетімен таныстыратын әңгімелер; халықтардың
ұлттық мәдениетімен таныстыратын әңгімелер; түрлі ұлт балаларының өмірі
туралы әңгімелерді таңдау қажет.
Бүгінгі таңда бір жағынан, жалпыадамзаттық адамгершілік
құндылықтарының призмасы арқылы іріктелген, түрлі ұлт өкілдеріне
сыйластық, қызығушылық және құрмет сезімін оятатын, басқа жағынан –
адамгершілік руханилықтың негізін қалайтын, балаларды көпұлтты көркем
әдебиетпен, үздік шығармалармен таныстыратын бастауыш сынып
оқушыларына арналған арнайы хрестоматия қажет. Оны ұлттық колоритті
шынайы және талантты түрде көрсететін суретшілердің ашық түсті ірі
иллюстрацияларымен безендіру маңызды.
Оқушыларға көпұлтты балалар бақшасында ҚР мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілін оқытудың маңызы зор, солай бола тұра, алғашқы білімді өз ұлтының
тілінде беру артық болмас еді, біздің ойымызша ол балалардың ұлттық өзіндік
ерекшелігіне және мәдениетіне қызығушылығын айтарлықтай арттырар еді, сол
сияқты ұлттық бірдейлікті қалыптастыру процесіне оң әсер етеді.
Ана тілін ерте жастан оқыту тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр, және
бала тілді неғұрлым ерте меңгере бастаса, соғұрлым тиімді, сол себепті оқытутәрбиелеу мекемесінің міндеттерінің бірі – көптілді білім беру процесіне
жағдай жасау әрі қамтамасыз ету болып табылады.
Көптілді қазақстандық қоғамда барлық педагогикалық іс-қимыл
гуманистік идеяларды көрсетуі тиіс және қазақстан халықтары мәдениетінде
бірегей этникалық, ұлттық, өзіндік сипатын сипаттауы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет