Мектеп және студенттік пікірсайыс қОЗҒалысының даму стратегиясы


Пікірсайыс клубтары жетекшілерінің біліктілігін арттыру



бет4/4
Дата25.10.2022
өлшемі24,89 Kb.
#154849
1   2   3   4
Байланысты:
2 Мектеп және студенттік дебат қозғалысының даму стратегиясы
10 сынып Химия КМЖ, Урок №9
3. Пікірсайыс клубтары жетекшілерінің біліктілігін арттыру:
1) Біліктілікті арттыру курстары - пікірсайыс бойынша 80 немесе 40 сағаттық курс. Курсты аяқтағаннан кейін тест арқылы сертификаттау жүргізіледі.
Пікірсайыс академиясы - дебат дағдыларын жақсарту үшін ұзақтығы 1-2 апталыө қысқа мерзімді курс (тренингтер, дәрістер, практикалық жаттығулар және практикалық пікірсайыс раундтары).
Облыстық (қалалық) пікірсайыс академиялары жылына кемінде бір рет, аудандық дебат академиялары – жылына төрт рет, мектеп академиялары – жарты жылдыққа кемінде бір рет өткізіледі.
Біліктілікті арттыру курстары мен пікірсайыс академияларының дәріскерлері - студенттер лигасының тәжірибелі пікірсайысшылары, мектеп пікірсайыс клубтарының жетекшілері.
2) республиканың тәжірибелі пікірсайысшыларымен бірлесіп, әдіснамалық құралды дайындау.


4. Пікірсайыс қозғалысына қатысушылар үшін ынталандыру шараларын арттыру
1) пікірсайыс клубтарының жетекшілері үшін қосымша жалақы бөлу
2) елдің үздік пікірсайысышылары үшін ректорлық гранттар санын ұлғайту
3) пікірсайысшы-оқушылар үшін балалар лагерлерінің ауысымдарын өткізу
4) республикалық турнирлердің санын ұлғайту
5) Қазақстан Республикасынан пікірсайыс бойынша әлем чемпионатына қатысушыларға қаржылық көмек көрсету
5. Пікірсайыс қозғалысын насихаттау
1) Теледебаттар, марафондар, телекөпірлер, челлендждер өткізу;
2) әлеуметтік желілерде, газеттерде, журналдарда, интернет алаңдарында жариялау;
3) «Пікірсайыс қозғалысы / дебатное движение» телеграмм арнасының ресурстарын пайдалану;
4) пікірсайыс қозғалысының қатысушылары үшін бірыңғай платформа құру.
Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Пікірсайыс клубтары жұмыс істейтін оқу орындарының саны артады;


Пікірсайыс клубтарында оқушылар мен студенттерді қамту артады;
Пікірсайыс қозғалысының әдістемелік қамтамасыз етілу сапасы артады;
Пікірсайыс қозғалысының барлық қатысушылары үшін бірыңғай платформа құрылады;
Пікірсайысшыларды дайындау сапасы жақсарады;
Қоғамдағы пікірсайысшылардың әлеуметтік мәртебесі артады;
Халықаралық аренада пікірсайысшылардың бәсекеге қабілеттілігі артады;
Қоғамдағы пікірсайыс қозғалысы туралы хабардар болу артады;
Жастар арасында азаматтық белсенділік артады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет