Мектеп өмірінде мұғалім басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі64,5 Kb.
#117523
1   2   3   4   5
Байланысты:
сынып

Тәрбие жұмысын жоспарлауда
қойылатын мақсаттар
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.
Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады.
Тәрбие міндеттерінің кезеңдері
Міне осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын, әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал тигізеді.
Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білуі
Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, соның негізіндс тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның, құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет