Мектепалды даярлықТАҒы арт-технологиялар



бет1/3
Дата08.03.2023
өлшемі30,62 Kb.
#171454
  1   2   3
Байланысты:
20-26.02.2023ж Мектепалды даярл.Арт-технологиялар. 6тапс
13-19.02.2023ж Дефектология және логопедия негіздері.5 тапс

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Пән: “МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТАҒЫ АРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР”


Тапсырма: Әртүрлі ойын түрлерінің тәрбиелік мәнін анықтау
Орындаған:Байбағысова Алмагүл Абайқызы
Тексерген: Байназарова Турсынай Бейсембековна

2022-2023 оқу жылы
Әр түрлі ойын түрлерінің тәрбиелік мәнін анықтау (компьютерлік, спорттық, көркемдік-дидактикалық)
Тәрбие– баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың қөзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын – негізінен, балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ, балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншлік сезіміне тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.
Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жок, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрін де өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибеснің молдығында ғана.
Мамандардың пікірі бойынша, компьютерлік ойындардың жағымсыз салдарының біріне жасөспірімдердің бойында оқшаулану рухының нығаюы жатады.

Компьютерлік ойындарды ойнаған кезде адамдар уақыттың қалай өткенін сезбейді. Естерін жинаған кезде уақытарының көптеген сағаттарының осы ойындарды ойнауға кеткенін түсінеді. Компьютерлік ойындардың тартымдылығы жасөспірімді еліктіреді. Жасөспірім әдетте сергітетін қоғамдық іс-әрекеттердің орнына компьютерлік ойын мен оның ой-қиял әлемін артығырақ көреді. Сондықтан үнемі осы ойындармен уақытын өткізетін жасөспірімдер өзімен-өзі болып, қоғамда оқшауланып, басқа адамдармен қатынас орнатуда осалдық танытып, оқшаулану рухы жасөспірімнің өз құрдастарынан бөлектенуіне себеп болады. Ал бұл мәселе басқа да ауытқушылықтардың пайда болуына әкеп соқтырады.

Бирмингем қаласы кеңесінің психологы профессор Пирсонның пікірі бойынша, жасөспірімдердің оқшаулануының алдын алудың ең жақсы жолы – компьютерді жасөспірімнің бөлмесінен шығару. Шын мәнінде бұл тәсіл жасөспірімді бөлменің жабық әрі шектеулі кеңістігінен шығарып, оның ойынын бақылау үшін жағдай жасайды.

Компьютер мен интернет жасөспірімдерге ашатын виртуалды кеңістікте әсірешілдіктің болуы кейде балалардың шығармашылық қабілетін әлсіретеді. Бұл ойындарда балалар мен жасөспірімдер басқалардың ойлап тапқан бағдарламаларымен ойнағандықтан, өздерінің шығармашылық қабілеттерін аз қолданып, нәтижесінде, олардың өз-өзіне деген сенімділіктері де әлсірейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет