Мектепішілік олимпиада- 2022. Химия . 7 сынып .
№ 1. (5 балл) Берілген заттардың үшеуі де суда жақсы ериді:
А. Тұз, қант, бор.
Б. Ас содасы, спирт, сірке қышқылы (уксусная кислота).
В. Ас содасы, крахмал, парафин.
Г. Тұз, парафин, темір.
Д. Күміс, оттегі, көмірқышқыл газы.
Дұрыс жауабын таңдап, белгіле.
№ 2. (5 балл) Жасыл өсімдіктердің жасушаларында фотосинтез процессі кезінде қай заттардың негізінде глюкоза түзіледі?
А. Оттегі мен су;
Б. Сутегі мен оттегі ;
В. Көмірқышқылгазы мен оттегі;
Г. Сутегі мен көмірқышқылгазы;
Д. Көмірқышқылгазы мен су;
Е. Көмірқышқылгазы, сутегі және оттегі;
Ж. Көмірқышқылгазы, су және оттегі;
З. Азот және су;
И. Озон мен көмірқышқылгазы.
Дұрыс жауабын таңдап, белгіле.
№ 3. (6 балл) Ас тұзы, күкірт ұнтағы, темір ұнтағы және йод кристалдары бар қоспаны тазарту үшін не амалдар және қандай ретімен жасаған дұрыс?
1) суда еріту, фильтрлеу (сүзу), магнитпен бөлу, буландыру (қайнату), бетінде қалқыған заттан тазатру;
2) магнитпен бөлу, суда еріту, бетінде қалқыған заттан тазатру, фильтрлеу (сүзу), буландыру (қайнату);
3) суда еріту, бетінде қалқыған заттан тазатру, магнитпен бөлу, , фильтрлеу (сүзу), буландыру (қайнату).
Дұрыс жауабын таңдап, белгіле.
№ 4. (5 балл) 100 мл. таза күкірт қышқылын 100 мл. суда еріткендегі ерітіндінің көлемі қанша болады?
А. 200 мл.;
Б. 210 мл.;
В. 220 мл.;
Г. 150 мл.;
Д. 300 мл.
Дұрыс жауабын таңдап, белгіле.
№ 5. (5 балл) Берілген тек бір заттың қайсысы арқылы сода ма әлде сірке қышқылы ма (уксусная кислота) қалай ажыратып білуге болады?
А. Ас тұзы;
Б. Алтын;
В. Құм;
Г. Бор;
Д. Күміс;
Е. Қант;
Ж. Көмір;
З. Спирт;
Дұрыс жауабын таңдап, белгіле.
№ 6. (7 балл) Тыныс алу процессінде жүретін реакция:
C6H12O6 + 6 O2 → 6 CO2 + 6 H2O
глюкоза оттегі = көмірқыщқыл газы + су
Егер тыныс алу реакциясына 6 молекула глюкоза жұмсалған болса, онда неше молекула көмірқышқыл газы мен су пайда болады және қанша молекула оттегі жұмсалады ?
№ 7. (7 балл) Озонның түзілуі: 3 О2 = 2 О3 Қайтымды процесс!
оттегі озон
Қандай жағдайда оттегі мен озонның қоспасы пайда болады?
Қоспаның құрамы қалай өзгереді ?
Барлығы- 40 балл
Достарыңызбен бөлісу: |