Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму. Сөйлеу


Эмоция, мотив және өзіндік сана-сезімнің дамуы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,66 Kb.
#83105
1   2   3   4
Байланысты:
Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму
Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму, Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму, Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму, Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму, Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму, Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақта қойылатын талаптар (1)
Эмоция, мотив және өзіндік сана-сезімнің дамуы
А.Н.Леонтьевтің айтуынша мектепке дейінгі кезең «тұлғаның алғашқы қырларының қалыптасу кезеңі », дәл осы кезде негізгі тұлғалық механизмдер мен құрылымдар қалыптасады. Бір-бірімен тығыз байланысты эмоционалды және мотивациялық сфералар дамиды, өзіндік сана-сезім қалыптасады.
Эмоция. Мектепке дейінгі жастағы балаға сабырлы эмоционалдылық тән, күшті аффективтілік және мәнсіз конфликтілер болмайды. Эмоционалды процестер теңдестірілген. Мектеп жасына дейінгі бала қалай әрекет ете бастайды, оның болашақ нәтижесін бейнелейтін эмоционалды бейне қалыптасады. Егер ол үлкендер қолдау көрсетпейтін немесе көңілінен шықпайтын нәтижені көрсе, балада мазасыздану пайда болады. Осы кезеңде эмоционалды процестердің құрылымы өзгереді. Аффектінің мазмұны өзгереді- эмоциялардың шеңбері ұлғаяды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда көптеп кездесеін эмоциялар- басқаға жаны ашу, бірге күйзелу - онсыз балалармен біріккен іс-әрекет және қарым-қатынастың күрделі формасы болуы мүмкін емес. Баланың ойлеу елестері эмоционалды сипатқа ие, оның барлық іс-әрекеттері эмоционалды қанық.
Мотив. Осы кезде қалыптасатын ең маңызды тұлғалық механизм мотивтердің бағыныштылығы ол мектепке дейінгі жастың басында пайда болады және ары қарай дамиды. Баланың тұлғасының қалыптасуын мотивациялық сферасының өзгерісімен байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың мотиві түрлі күшке және мәнге ие. Осы жаста бала көп заттың ішінен таңдау жағдайында дұрыс шешім қабылдай алады. Ол өзінің талабын басу мүмкіндігіне ие болады. Бұл күшті мотивтің арқасында жүзеге асады, мысалы тартымды ойыншыққа назар аудармау. Осы кезеңде жаңа мотивтер пайда болады. Бала қарым-қатынастың жаңа жүйесіне , іс-әрекеттің жаңа түріне енеді. Бұл мотивтер өзіндік бағалаудың қалыптасуымен байланысты, өзін сүю-жетістіке жету мотиві, жарысу, бақталасу; моральды норманы меңгерумен байланысты мотивтер.
Осы кезеңде баланың индивидуалды мотивациялық сферасы қалыптасады. Баладағы түрлі мотивтер тұрақтылыққа ие болады. Тұрақты мотивтердің ортасында басым мотивтер болады.
Мектеп жасына дейінгі бала этикалық қоғамда қалыптасқан норманы игере бастайды, ол қылықтарды мораль нормасы бойынша бағалауды, өзінің мінез-құлқын осы нормаларға бағындыруды үйрене бастайды. Алғашқыда бала басқа балалар немесе әдебиет кейіпкерлерін бағалауды үйренеді, кейін өзінің әрекеттерін бағалауды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет