Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет7/8
Дата26.08.2017
өлшемі1,97 Mb.
#28416
1   2   3   4   5   6   7   8

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Ойыншықтар жайлы түсініктері бар;

Үйрену керек: Ойыншықтардың аты мен сипаттамасы;

Істей алады: Жасырынған ойыншықты табады;
* * *

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Оң жақ,сол жақ

Мақсаты:Қарапайым матаматикалық ұғым қалыптастыру;

Білімділік: Балаларда оң жақ және сол жақ деген ұғымды дұрыс қалыптастыру;

Дамытушылық:Ойлау,сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік:Жақсы қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Геометриялық лото

Билингвальды компонент: Оң жақ-правая сторона, сол жақ-левая сторона

Сөздік жұмыс:Оң қол ,оң аяқ. Сол қол,сол аяқ.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, әңгімелеу,сұрақ –жауап,


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Амандасу рәсімі.

Балалар, келіңдер, шаттық шеңберін құрайық.

Қане, балалар, шеңберге тұрып, бір-бірімізбен амандасайық
Қане, балалар, келіңдер бүгін біз өзгеше бір ойын ойнаймыз.

Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.

Ашық болсын ,күніміз

Биік болсын туымыз.

Тату болып бар халық

Аман болсын ,балалар!,-деп жылы лебіздерін білдіреді.




Іздену -ұйымдастырушылық

Тәрбиеші балаларды жанына шақырып алып оларға қай бала байқампаз екен деген сұрақпен келесі ойынды ойнатады.

Қимыл-қозғалыс ойыны:«Кім тығылды?»

Тәрбиеші балаларға жандарында тұрған балалардың не кигенін,қандай киіммен тұрғанын жақсылап қарап,естеріңде ұстаңдар деп түсіндіреді.

Музыка қосылып балалар шеңбермен қозғала бастайды.Сол кезде тәрбиеші бір баланы жасырып қояды.

Қай бала жоқ?-деп сұрайды.Ернардың үстінде қандай киім болды?Киімінің түсі қандай?

Тәрбиеші Ернарды ортаға шақырып аяқ киімін шешкізеді және теріс қойғызады,сосын:

Ернар бірінші оң аяғыңды ки!,- деп бұйырады.Екінші сол аяғыңды ки деп бұйырады!.Өзі баланы аяқ киімді дұрыс кигенін қадағалайды.

Осыдан кейін тәрбиеші балаларға оң және сол ұғымына байланысты сұрақтар қояды.

Оң қолымыз қайда,сол қолымыз қайда?

Оң жағыңда кім ,сол жағыңда кім тұр?

Сергіту сәті:

Отырамыз тұрамыз,

Мойнымызды оңға ,солға бұрамыз.

Қолымызды жаямыз,

Қарлығаш боп ұшамыз.

Қ\о «Оң ,солыңды бағдарла»

Мақсат:балаларда оң және сол жақ деген ұғымды дұрыс түсіндіру.Көліктер жүретін жолдан ,бағдаршам жоқ бірақ жаяу жүргіншілер жүретін ақ жолақша жолдан балаларға қалай өтуге болатындығын түсіндіру.



Билингвалды компонент:

Оң жақ-правая сторона

Сол жақ –левая сторона

Сөздік жұмыс.:

Жолдан өтерде оң жағымызға,сосын сол жағымызға қараймыз.



Балалар ойынның шартын тыңдайды.

Балалар шеңберге тұрады,тәрбиеші Ернарды музықа қосылған кезде жасырып қояды.Ернар жасырынып тұрады.


Ернар жоқ,үстінде жейдеболды.Түсі сары.


Ернар ортаға шығып аяқ киімін шешеді,тәрбиешінің айтуымен оң солын айырып аяқ киімін қайта киеді.Басқа балалар мұқият қарап бағдарлап тұрады.

Балалар қолдарын көтеріп көрсереді.

Әр бала оң жағында кім,сол жағында кім тұрғанын атап айтады.

Қимылмен балалар жаттығуды жасайды.


Тәрбиеші екі жағына екі бала алып жаяу жүргіншілер жүретін ала жолдан балаларды жүргізіп үйретеді.


Сөздерді екі тілде қайталап айтады.

Сөздік жұмыс жасайды.


Рефлексивті түзетуші

Балалар оң қолдарыңды көтеріңдерші?

Енді сол қолдарыңды көтеріңдер?

Рахмет балалар.



Балалар оң қолдарын көтереді.

Сол қолдарын көтереді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Оң және сол деген сөзді дұрыс айыра білуі керек;

Қалыптасқан әдет:Тыңдайды,әңгімелейді, сұраққа жауап береді;

Істей біледі :Оң және сол қолдарын дұрыс көтере біледі;

Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық карталары

Құрастырғандар:


Кусайынова А.М.



Қызметті: тәрбиеші

Білімі: Арнаулы орта

Еңбек өтілі: 2 жыл

Төлахметова А.М.



Қызметті: тәрбиеші

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 1,5 жыл

Білім беру салалары:«Қатынас»

Бөлімдері:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:«Біз көп ұлтты елміз»

Мақсаты:Қазақстан Республикасы туралы білімін арттыру.

Білімділік:Қазақстан- көпұлтты мемелекет жайында түсінік беру;

Дамытушылық: Әр халықтың ұлттық киімдері мен салт дәстүрлерін, таныстырып,мәдениеттілік тіл кеңістігінде балалардың тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың бір біріне деген достық қарым қатынастарын арттырып,татулыққа сыйластыққа адамгершілікке тәрбиелеу;

Билингвальды компонент:ұлт – нация, мемлекет – государство

Сөздік жұмыс:көп ұлтты

Қолданылатын көрнекіліктер:Астана қаласының суреті ,ұлттардың суреттері


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.


Ұйымдастыру кезеңі

Достық тілекке шақыру. Шаттық шеңбер: балалар бір біріне гүл сыйлап бір біріне тілек тілейді.




Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Достығымыз жарасқан,

Ақпыз қарамыз,сарымыз

Қара жер мен көк аспан

Ортақ жарық күніміз


Іздену –ұйымдастырушылық


  • Балалар мына өлең жолдарында не туралы айтылған?

  • Балалар сендер қай мемлектте тұрасыңдар?

  • Сендер қай қалада өмір сүресіңдер?

  • Біздің Астанамыз қай қала?

  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері өмір сүреді?

  • Балалар кәне кім достық туралы өлең мақалдар біледі?

Қазақстанда әр ұлттың өкілдері өмір сүреді,олардың өз тілдері өздерінің ұлттық киімдері,тағамдары, мейрамдар мен қолөнер туындылары бар олар бір бірімен достық қарым қатынасты өмір сүреді.

д\о«Ұлт өкілдерін ата»

мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту



Билингвальды компонент: ұлт – нация, мемлекет - государство

Сөздік жұмыс: көп ұлтты

Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Жер ырғалып шайқалған


Балалар шаттық шеңберге тұрып бір біріне гүл сыйлай отырып бір біріне тілек тілейді

Балалр сұрақтарға жауап береді

Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды

Балалар сергіту жаттығуларын жасайды


Балалар ойын желісіне қатысады
Балалар сөздің мағынасымен танысады

Рефлексивті-

түзету

қортындылау

  • Балалар сендер қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

  • Семей қаласында қандай ұлттар өмір сүреді?

Жақсы жауап берген балаларды мақтап мадақтау.

Балалар берілген сұраққа жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі хабардар болуы: Ұлттар жайлы біледі;

Қалыптасқан әдет:Ұлттардың достықтары жайлы түсініктері бар;

Қалыптасқан әдет: Сұрақтарға жауап бере алады;
* * *

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Ұлттық киімдермен таныстыру»

Мақсаты: Балалардыұлттық киімдерді тани білуге үйрету.

Білімділік: Балаларға ұлттық киімдер, мереке туралы түсініктер;

Дамытушылық: Ой-қиялын дамыту, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Салт-дәстүрді құрметтеу білуге тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс: камзол, сәукеле.

Қолданылатын көрнекіліктер:Ұлттық киімдердіңсуреттері

Билингвальды компанент: ұлт – нация.



Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушы.

Төрбиеші балаларды ұйыдастырып дөңгелетіп отырғызып қайырлы таңға өлең шумағын оқып береді


Балалар тәрбишінің өлең шумақтарын қайталап отрады.

Іздену- ұйымдастырушы-лық

Көптен күткен наурыз тойы арайлы, нұрға бөлеп міне жатыр, жер шуағы

Балалар, бұл өлең жолдарында жылдың қай мезгілі, қай мереке туралы айтылған?

Дұрыс айтасыңдар, наурыз айындағы наурыз мерекесі. Наурыз мерекесінің қандай ерекшелігі бар? Адамдар қалай киінеді?

Суретке назар аудару, қазақтың жаңа жыл мерекесі ол наурыз, ол кезде адамдар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, мерекеге барады. Әжелер қалай киінген? Бастарына не киген? Ағаларымыз, ұлдарымыз қалай киініп алыпты?



Д/о: "Ұлттық киімдерді ата"

Мақсаты: ұлттық киімдердің атауларын атай білуге үйрету, есте сақтау қабілетін үйрету.

Сергіту сәтін орындату



Балалар өлеңнің шумақтарын тыңдайды

-Көктем мезгілі

-Наурыз мерекесі туралы

-Ұлттық қазақ киімін киеді


-балалар суретке назар аударады.

-Наурыз мерекесі туралы балалар толықтай әңгімелеп береді.

Балалар ойын желісіне қатысады.

Балалар сергіту жаттығуларын жасайды.

Біз өнерлі баламыз

Биік болып өсеміз,

Егіндідей жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз


Рефлексивті қортындылау.

Балалар, қандай ұлттық киімдер білесіңдер? Олардың қандай ерекшеліктері бар? Жақсы жауап берген балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар берілген сұраққа жауап береді.


Күтілетін нәтиже.

Білуі, хабардар болуы:Ұлттық киімдер, олардың түрлері туралы біледі;

Қалыптасқан әдет: Ұлттық киімдер жайлы түсінктері бар;

Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере алады;
* * *

Білім оқу салалары: «Таным»

Бөлімдері:ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Заттарды салыстыру»

Мақсаты:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,заттарды салыстыру тәсілдерін меңгерту;Білімділік:Балаларға заттардың көлемі жайлы түсінік беру . Дамытушылық: Ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту. Тәрбиелік:Алғырлыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар,суреттер.

Билингвальды компонент:үлкен – большой, кішкентай – маленький,красный – қызыл, сары – желтый, жасыл – зеленый,көк – синий.

Сөздік жұмыс:салыстыру, түстер.Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.


Әрекет

Кезеңдері



Тәрбиеніңіс-әрекеті

Балалардың

ісәрекеті



Мотивациялыққозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиешібалалардышаттықшеңберінетұрғызады.

Жылмезгілі, ай, аптакүндеріжайлыәңгімежүгізу.


Балаларқимыләрекетпенкөрсетеотырыпамандасты.АлдымызданкезіккенКөптаныстыкөреміз. Бәріне де ізетпенБіздерсәлембереміз.

Сәлемдеймінкүнге мен, Сәлемдеймін мен саған, СәлемдеймінапайғаҚонақтарға, құстарға.






  • Бүгінаптаныңқайкүні?

  • Нешіншікүн?

  • Кеше сендерүйлеріңебарғанда не істедіңдер?.

  • Балабақшағакележатқандажолда не көрдіңдер?

  • Өтежақсы, балалар, меніңмынақолымдағы не?

  • Ойыншықтанешетүстісақинабейнеленген?

  • Дұрысайтасыңдар, мен қазірбұлтаяқшадансақиналардышығарамын, ал енді айтыңдаршы сақиналардың көлемі бірдейме

Менің қолымдағы сақиналардың көлемі қандай?

  • Қызыл үлкен бе?

  • Жасыл үлкен бе?

  • Өте жақсы, балалар, енді аздап сергіту жаттығуын жасап алайық

  • Сәрсенбі

  • Үшіншікүн

  • Балалардыңжауаптары.



  • Сақинасалынғантаяқша.




  • 5 түсті.



  • Жоқ, әртүрлі.

  • Үлкенжәнекіші.

Іздену – ұйымдастырушылық

Сергіту жаттығуы.

Жетіұлы бар бірүйдің

Сәлдемалып

Тыным ал,

Тақпақтыңдап,

Ұғып ал.


Аптадегенағайдың,

Жетібірдейұлы бар.

Д/ойын: «Ретіменорналастыр».

Берілгенойыншыққасақиналардыретіменорналастырукерек.



Билингвальді компонент:: үлкен – большой, кішкентай – маленький,красный – қызыл, сары – желтый, жасыл – зеленый,көк – синий.

Сөздікжұмыс:салыстыру – екізаттысалыстыру, айырмашылықтарын табу.

Түстер – негізгі 6 түс бар, ал қалғантүстерсолтүстердіңқосындыларынаншығады.






  • Қызылүлкен

Сергіту жаттығуын жасау.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.


-Үлкен

-Кіші


-Бірдей.
Сөздік жұмыстымұқияттыңдады.



Релексивтітүзетуші

  • Біз не құрастырдық?

  • Сақиналардыңпішініқандайекен?

  • Олардыңтүсіқандайекен?

Мақтау, мадақтауарқылықорытындылау.

  • Әртүрлісақиналардыретіменорналастырдық.

  • Кызыл, жасыл, сары, көк.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Салыстыруды.

Үйрену керек: Әр заттың көлемін айыра алуды.

Істей алуы:Таяқшаға сақиналарды ретімен салады.
* * *

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдер: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:«Біздің балабақша»

Мақсаты:Бала-бақшаға деген сүйіспеншіліктерін артыру;

Білімділік: балабақша ауласына бақылау жасап, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: сөздік қорын, ойын, тілін дамыту;

Тәрбиелік: балабақшаның ішіне саяхат жүргізу (топтарға), ондағы басқа қызметкерлердің жұмыстарымен таныстыру;

Билингвальды компонент: балабақша- детсад, топ-группа

Сөздік жұмыс: балабақша, топ.

Көрнекіліктер: суреттер


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Балалар менҰОІӘ бастамас бұрын сендерге біздің балабақша туралы сұрақ қойғым келіп тұр.

Балалар шеңберде тұрып,қимыл қозғалысын жасады.

Арайлар таң атты,

Алтын күн сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң,балалар!

Кәне бір бірімізге жылы жүзбен қарап, жылы лебіз айтайық.


Ұйымдастыру кезеңдері

  • Біздің балабақша қай қалада орналасқан?.

  • Біздің балабақша аты қалай аталады?.

  • Сендер қандай топқа барасындар?.

Балалар жақсы жауап бердіңдер.

Тәрбиеші:



  • Мен сендермен балабақшаның ішінде саяхат жасаймыз. Бәріміз басқа бөлмелерді аралайық, әр бөлменің аттарын сендер атап отырасыңдар, келістік пе?

  • Бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің әңгімелері бойынша олардың мамандықтарымен танысамыз.

  • Бұл жерлерде қандай маман иелері қызмет етеді?Ендеше сендерге Н. Жанаевтың «Балабақшада» өлеңін оқып берейін сендер мұқият.

Осыдан соң тәрбиеші балаларды балабақша ауласына алып шығып, өсіп тұрған ағаштарды, қардан жасалған мүсіндерді әңгімелейді.
Сергіту сәті

Балалар сұраққа жауап беруге дайындалады.
Семей қаласында орналасқан.

  • «Ажар» ясли-балабақшасы.

  • «Аяла» тобына барамыз.

Балалар саяхатқа өте қуанып . Әр түрлі сұрақтар қойып жүреді.




  • Бұл бөлмелер спорт, ән залы, асхана, дәрігер бөлмесі, кір жуатын орын т.б деп аталды




  • Тәрбиеші




  • Аспазшы




  • Дәрігер




  • Кір жуушы

Өлеңді тәрбиешімен біге қайталайды.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтер қолғаптан.

Сергіту сәтін қимылмен жасады.



Рефлексивті -қортындылау


«Балабақша үйіміз» өлеңдерін оқып беру.

Сурет бойынша әңгіме, балабақша қызметкерлері атау.


Дид/қ ойын: «Бұтақтағы балалар».
-Біздің балабақша қалай аталады?

  • - Бүгін қайда саяхат жасадық?

  • - Қандай топтар және бөлмелермен таныстық?

- Аулада не көрдік?

Балалар балабақшада көргендерің әңгімелеп береді.

Сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Білу , хабардар болу: Қандай балабақшаға баратының білу керек;

Қалыптасқан әрекет : Балабақша туралы түсініктері болуы керек;

Орындай алады: Тапсырмаларды орындай алады;
* * *

Білім беру салалары: «Қатынас»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Құстарбіздің досымыз».

Мақсаты:Балалардын құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.

Білімділік: Дала құстары туралы түсінік беру, сурет бойынша сипаттай білуге үйрету;

Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын жетілдіру,ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Құстарға қамқор болуға оларды қорғауға тәрбиелеу;

Сөздік жұмыс: Қамқор, Шағала, Тоты, Бүркіт.

Билингвальды компанент: Құстар-птицы, шағала – чайка, бүркіт - орел

Көрнекіліктер: Құстар суреті, кедергілер, қайшы, қағаз, желі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы



Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып,

Кәне бір бірімізге жылы жүзбен қарап, жылы лебіз айтайық.



  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар шеңберде тұрып,қимыл қозғалысын жасады.

Бір-біріне жылы лебіздерін айтты.

Арайлар таң атты,

Алтын күн сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балалар!

-Қыс


Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

Дұрыс, жарайсыңдар. Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

Дұрыс балалар.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын

Жазда сай салаға қашады,

Қыста жердің бетін басады.


Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып.

Суретпен жұмыс.

Құстарға ұя жасап қамқор болу туралы әңгіме жүргізу.


-Ал балалар бізде қыстап қалатын қандай құстардыбілесіңдер?

-Суреттен сол құстарды табайықшы, кім табады?



Дид/ойын: «Ненің дыбысы»

Мақсаты:Үнтаспаданқойылғанқұстардың дыбысын ажырата білуге үйрету.

Сергіту сәті.




Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Балалар жұмбақтын шешімін табуға тырсады.



  • қыс



  • тырна

Балалар суретке қарай отырып құстардың аттарын айтады.

Шағала, Тоты, Тырна, Торғай,Сауысқан т.б.

Ала қарға, торғай, сауысқан, қарға.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды

Балалар қарлығаштын, қарғанын, сауысқанын т.б дыбысы екенін табады.


Балалар тәрбиешінің айтқандарын қайталайды.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаным саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ,

Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп.

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.



Рефлекция – түзету жұмыстары


«Кім көп біледі» ойыны.

Мақсаты: Сұрақ қоя отырып құстар туралы білімдерін тиянақтау.

-Қыстайтын құстарды ата?

-Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?

Ұстар- біздің досымыз,

Бау-бақшаны қорғайды,

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Тәрбиеші ҰОІӘ жақсы қатысқан балаларды мадақтап, топқа қайтуды ұсынады.

Балалар қыстайтын құстар торғай, сауысқан, қарға, сары шымшық т.б құстар екенін және құстарға жем, нан қоқымдарын беріп, ұя жасайтындарын айтады.





Күтілетін нәтиже:

Біледі хабардар болу:

Құстардың түрлерін, олардың аттарын айта біледі;



Қалыптасқан әдет:

Құстардың пайдасы туралы түсініктері бар;



Істей біледі:

Сурет бойынша сипатап әңгімелейді, құстардың дыбыстарын ажыратады;


* * *

Каталог: uploads -> doc -> 0ff6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ff6 -> Жас жеткіншектерге ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық дәстүрлерін дәріптеп, қазақ би –өнерінің шеберлігін,денсаулыққа пайдасын білуге дағдыландыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет