Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет27/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспары:



  1. Мотив туралы жалпы түсінік

  2. Мінез құлық мотивтеріні жалпы сипаты

  3. Ойын процесіндегі мотивтері

  4. Мектепке дейінгі балалық шақта намыс,өзін тану мотивтері

  5. Танымдық және жарыс мотиві

  6. Мінез-құлықтың адамгершілік мотивтері

Әдебиеттер:

  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad

1.Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.

Түрткілер — қажеттіліктің нақты көрінуі.


Түрткілер (мотивтер) — бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.


Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктердің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.


Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.


2.Мектепке дейінгі шақ ішіндегі баланың мінез-құлық мотивтері айтарлықтай өзгереді. Мектепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы тәрізді тым әр-түрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен тілектің ықпалы пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге қандай да бір қалдықты жасауға мәжбүр екендігі жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды. Мектепке дейінгі ересектердің қылықтары едауір саналырақ бола бастайды. Көптеген жағдайларда ол қазіргі сәтте неліктен басқаша емес, осылайша істегенін бүтіндей ақылға қонарлық түрде түсіндіріп бере алады.


Әр түрлі жастағы балалар көрсеткен бірдей қылықтың түрткі себептері мүлде түрліше болуы мүмкін. Үш жасар бала тауықтарға қиқымды олардың жүгіріп келіп шоқығанын қарау үшін шашса, алты жасар бала үй шаруашылығындағы анасына болысу үшін істейді.


Сонымен бірге мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән, олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың үлкендер дүниесіне қызығуымен, олардың үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болатын мотивтер жатады. Рөлді ойында үлкендерге ұқсағысы келген тілек жетелейді. Мұндай тілек көбінесе күнделікті мінез-құлықта қандайда бір талапты балаға орындаттыратын тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін. «Сен үлкенсің ғой, ал үлкендер өздері киінеді»,- дейді балаға оның дербестігіне түрткі сала отырып. «Үлкендер жыламайды»,-деу баланың көз жасын тыйдыруға мәжбүр ететін күшті дәлел.


3.Балалардың мінез-құлқына үнемі байқалатын мотивтердің екінші маңызды тобы ойын процесінің өзіне деген ықыласпен байланысты ойын мотивтері. Бұл мотивтер ойын іс-әрекетін меңгеру барысында пайда болады және үлкендерше көрінуге тырысумен ұштасып жатады. Ойын іс-әрекетінің шегінен шыққан соң олар баланың бүкіл мінез-құлқын әрлендіріп,мектепке дейінгі балалық шақтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін жасайды. Бала кез келген істі ойынға айналдыра алады. Кей уақытта және өте жиі үлкендерге бала бір маңызды еңбекпен шұғылданған немесе бір нәрсені ден қойып үйреніп жатқан сияқты болып көрінеді, ал шыдығында бір жағдайды елестетіп ойнап отырады. Мысалы, психологиялық зерттеудің бірінде балаларға төрт заттың - адамның, арыстанның, аттың және арбаның - бейнелеулерінен «артық» затты алып тастау ұсынылды. Бұл жағдайларда балалар арыстанды артық деп санады және өздерінің таңдауын былайша түсіндірді. «Ағай атты арбаға жекті де жүріп кетті, арыстанның оған керегі не? Арыстан оның өзін де, атын да жеп қоюы мүмкін, сонықтан оны хайуанаттар бақшасына жіберу керек»


Мектепке дейінгі баланың мінез-құлқына үлкендермен және өзге балалармен жақсы өзара қарым-қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға


төңірегіндегілердің жақсы қарым-қатынасы қажет. Үлкендердің еркелетуіне,құптауына,мақтануына лайық болу тілегі баланың мінез-құлқының негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Балалардың көптеген іс-әрекетін осы тілек арқылы түсіндіруге болады. Үлкендермен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу баланы олардың пікірімен және бағасымен санасуға, олар орнатқан мінез-құлық ережелерін орындауға итермелейді.


4.Мектепке дейінгі балалық шақта намыс,өзін тану мотивтері дамиды. Олардың шығар жолы ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтың шегінде пайда болатын өзін өзге адамдардан бөлу, үлкендерге мінез-құлық үлгісі ретінде қарау. Үлкендер баланың қөзімен қарағанда, жұмыстың құрметті түрімен ғана шұғылданып қоймай, өзара түрлі қарым-қатынастарға да түседі. Олар бұған қоса баланы тәрбиелейді, оған талап қояды және оны орындаттырады. Сөйтіп,бала өзгелердің өзін сыйлауын және тыңдауын оған назар аударуды, оның тілектерін орындауды талап ете бастайды.


Өзін тануға тырысу белгілерінің бірі - ойындарда басты рөлдерді орындауға балалардың дәмеленуі. Әдетте, балалар ойында өздеріне балалардың рөлін алуды ұнатпайтындығы,белгілі. Құрмет пен беделге ие болған үлкен адамның рөлі әрдайым анағұрлым тартымдырық. Мектепке дейінгі кішкентайлар мен естиярлардың өзін танытуы олардың өздеріне белгілі барлық жақсы қасиеттерді өз бастарына таяп, олардың шындыққа тура келетіні-келмейтінінде жұмысы болмайды, өзінің батылдығын, күшін т.б. әсерлерлеп бағалайды. Күштісің бе деген сұраққа ол, әрине күштімін деп жауап қатады, оның күштілігі сонша бәрін, тіпті пілді де «көтере» алады.


5.Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты мотивтердің жаңа түрлері қалыптасады. Оған танымдық және жарыс мотиві жатады. Тіпті үш-төрт жастағы баланың өз төңірегіндегілерге: «Мынау не?», «Бұл қалай?», «Не үшін?» тағы сол сияқты сұрақтарды үсті-үстіне жаудырады. Кейінірек «Неліктен?» деген сұрақ басымырақ бола бастайды. Көбіне олардың тек сұрақ беріп қана қоймай, түсініксіз құбылыстарды түсіндіру үшін шағын тәжірибесін пайдалану, кейде тіпті «эксперимент» жүргізу арқылы жауапты өздері табуға тырысады. Балалар «ішінде не бар екенін» білу үшін ойыншықтардың «ішек–қарнын ақтаруды» ұнататыны жақсы белгілі.


6.Мінез-құлықтың адамгершілік мотивтеріне өзге адамдар үшін бірдеңе істеу, оларға пайда тигізу ниеті сияқты қоғамдық мотивтер барған сайын көбірек орын ала бастайды. Мектепке дейінгі кішкентайлардың көбі басқа адамдарды сүйіндіруге бола жеңіл-желпі тапсырмаларды орындай алады: тәрбиешінің жетекшілігімен болғандарға сыйлық ретінде жалауша, анасына тарту жасау үшін майлық қағаздар дайындап бере алады. Бірақ бұл үшін өздері тартуға дайындап жатқан адамдардың қандай екендігі жөнінде түсінігі, оларға жан жылылығы, ниет білдіру сезімі болу керек. Мысалы, мектепке дейінгі кішкентайлар жолаушылар дайындау жұмысын аяғына дейін жеткізу үшін балалар яслиінде тәрбиелеп жатқан, әлі өздері ештеңе істей білмейтін кішкене бөбектер жөнінде айқын, бейнелі түрде әңгімелеп бере келіп, дайындаған жазушылар оларды қалай қуантатынын да айта кетуі керек. Өзгелер үшін бастамасы бойынша жұмыс орындауды едәуір кейінірек- төрт-бес жаста бастайды. Бұл кезеңде балалар өз қылықтары төңірегіндегілерге пайда келтіруі мүмкін екенін түсініп те болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардан үлкендердің тапсырмасын неліктен орындап жатырсың деп сұрағанда, олардың әдетте беретін жауабы: « Маған ұнайды», «Апам айтқан». Мектепке дейінгі ересектердің бұл сұраққа беретін жауабы мүлде басқа сипатта болады: «Әжем мен апамның өздеріне қиын болғандықтан жәрдем беруім керек», «Мен апамды жақсы көремін», «Апама жәрдем беру және бәрін істей білу үшін». Мектепке дейінгі балалық шақ ішінде мінез-құлық мотивтерінің өзгеруі олардың тек мазмұнының ауысқандығында ғана емес, мотивтердің жаңа түрлерінің пайда болуында. Мотивтердің әр түрлерінің арасында мотивтердің қатар бағынуы, сатылы бағынуы жасалады, бала үшін бұлардың біреуінің мәні өзгелерге қарағанда, басымырақ болады.


37 Сезімдердің дамуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет