Мектептің педагогикалық психологының мақсаттары мен міндеттері



бет4/5
Дата29.03.2022
өлшемі20,68 Kb.
#137074
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектептің педагогикалық психологының мақсаттары мен міндеттері
osh sor algebra 9-klass kaz, УПП Гулнур, елтану 2 БӨЖ, SULTAN курсовой (3) (копия), Дневник (копия) 2, биостат рк 2 (1)
Оның ішінде;

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;

  • оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-үйренуге;

  • оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге семинарлар,тренингтар өткізуге белсенді қатысуға;

  • педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;

  • тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;

  • әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;

  • мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;

  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;

  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;

  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;

  • Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;

  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;

  • Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;

  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;

  • Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауғам і н д е т т і.

Ал қазір біз мектеп психологының ж а у а п к е р ш і -л і г і н е тоқталайық.
— Психолог психологиялық көрсеткіштердің сауаттылығына, қолданылынатын болжам жасау және түзету әдістердің тиімді екеніне, ұсынылатын пікір-ұсыныстардың ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.
— Психолог психологиялық зерттеулер хаттамаларының сақталуына, құжаттардың жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады.
Осыдан, келесі практик-психолог жұмысының дәстүрлі қалыптасқан қағидалары. Психологтың ұстаным әдебі туындайды:

  1. Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!

  2. Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!

  3. Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.

  4. Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.

  5. Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.

  6. Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама!

  7. Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!

  8. Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.

  9. Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.

  10. Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.

  11. Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.

  12. Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.

  13. Ө­зіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет