Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П



бет3/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
Қымбатты білім алушылар! Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттерінің қатарына қосылған қадамдарыңыз құтты болсын!

Сіздер мәңгілік есте қаларлық студенттік өмірге, жаңа кезеңге қадам бастыңыздар. Біз сіздермен бірге өмір сүруге, жұмыс істеуге және өте күрделі, бірақ жауапты кезеңде - отандық білім беру жүйесін сапалы жаңарту кезеңінде оқитын боламыз.

Қымбатты білім алушылар, алда сіздерді көптеген ғылыми зерттеулер мен жаңалықтар күтуде. Алда білімнің үлкен кеңістігі тұр, ондағы оқытушының міндеті - дұрыс бағыт-бағдар беру. Бірақ барлығы өздеріңізге байланысты. «Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт» - деп Әбу Насыр әл-Фараби бекер айтпаса керек. Батыл қадам жасап, өздеріңді сынап көріңдер. Тәуекелсіз жетістікке жете алмаймыз.

Сіздердің университет талаптарына жылдам бейімделулеріңіз үшін біздің университеттің оқытушылары анықтама-жолсілтемені жарыққа шығарды. Жолсілтеме білім алу барысында туындаған, өзіңізді толғандырған сұрақтарға жауап беру мақсатында құрылған. Анықтама-жолсілтемеде оқуға байланысты барлық ақпараттар, яғни студенттік құқық, кітапхана жұмысының тәртібі, академиялық күнтізбе, оқу ғимараттарының орналасу тәртібі, тәртіп ережесі және т.б. мәліметтер қамтылған.

Сіздердің университет ұжымына тез үйреніп, алғашқы дәрістен бастап алға қойған мақсатқа жетулеріңіз үшін, яғни сапалы жоғары кәсіби білім алу жолында жігерлі болуларыңызды тілеймін. Сәттілік!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет