Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П


«ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ



бет6/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
«ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
«Дулати университеті» КЕ АҚ 18 оқу ғимаратында орналасқан. Ғимараттар төмендегідей түрде топтасқан және нөмірленген:

1 . «Бірінші кешен» (оның алдында М.Х.Дулати ескерткіші орнатылған) – Сүлеймен көшесі 7 – мұнда 4 корпус бар – 1.1., 1.2, 1.3. және 1.4.

1.1-корпусында ректордың қабылдау бөлмесі, персоналды басқару қызметі, «Университет тынысы» газетінің редакциясы, Ақпарат және медиакоммуникация орталығы, оқу аудиториялары, «Дулати университеті» КЕ АҚ мұражайы, асхана, кәсіподақ комитеті, акт залы орналасқан.

1.2; 1.3 оқу корпусында гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, кафедралар, компьютерлік сыныптар, оқу аудиториялары, университеттің қаржы-экономикалық қызметі (есеп бөлімі), құқықтық қамту және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, заңгер орналасқан.

А талған корпустарға №12, 44, 32, 7, 23, 20, 18 автобустары мен шағын автобустары арқылы баруға болады.

2. «Технологиялық кешен» (екінші кешен) Төле би көшесі, 60 мекен-жайы бойынша орналасқан. Кешен бірнеше корпустарға бөлінген, оның 5-уі өзара байланысқан.

2.1-корпуста «Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасы, сондай-ақ кітапхананың абонементі және оқу залы, комьютерлік кластар, технологиялық факультеттің деканаты және оқу аудиториялары орналасқан.

2.2-корпуста жаңа ақпараттық технологиялар орталығы директорының кабинеті, ақпараттық технологиялар факультетінің деканаты және оқу аудиториялары орналасқан.

2.3-корпусында академиялық саясат жөніндегі департамент директорының, оқу-әдістемелік бөлім бастығының кабинеттері, Тіркеу офисі, оқу аудиториялары орналасқан.

2.4-корпуста спорт залдары, зертханалар, қашықтықтан оқыту бөлімі, оқу аудиториялары, комьютерлік кластар орналасқан.

2 .5-корпуста оқу аудиториялары, компьютерлік кластар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, мұрағат, қабылдау комиссиясы, оқу аудиториялары орналасқан.

2.6-корпуста Экономика және құқық факультеті, емтихан өткізуге арналған компьютерлік кластар орналасқан.

Технологиялық кешенге №12, 48, 44, 40, 41, 25, 38, 19, 16 және басқа да автобустар мен шағын автобустар арқылы баруға болады.

3. Үшінші кешеннің (3.1, 3.2, 3.3) (Төле би көшесі, 62 мекен-жайы бойынша орналасқан) – 3.1-корпусында бірінші проректордың, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың бөлмелері, ғылым және технологияларды коммерцияландыру басқармасы, «Дулатитану», «Бауыржантану» ҒЗО, «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы, студенттерді есепке алу бөлімі, білім алушыларға қызмет көрсету орталығы, 3.2-корпусында әскери кафедра және 3.3-корпусында «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының зертханалық кешені орналасқан.

4. Төртінші кешенде (4.1, 4.2) (Төле би көшесі, 68 мекен-жайы бойынша орналасқан) – «Ұстаз» институтының бірнеше кафедрасы, қашықтықтан оқыту деканаты орналасқан. Мұнда № 12, 40, 16 және т. б. автобустармен және шағын автобустармен жетуге болады.

5. Бесінші кешенде (Жамбыл даңғылы, 16 «А» мекен-жайы бойынша орналасқан ) (5.1, 5.2 және 5.3) «Ұстаз» институтының қалған кафедралары орналасқан.

6. Гидрокешен корпустарында (алтыншы кешен) (Сәтпаев, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан) – «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты және «Экономика және құқық» факультетінің бірнеше кафедрасы орналасқан.

6.1 және 6.2-корпустарында (Сәтпаев, 28) Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың кабинеті, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бөлімі, сондай-ақ «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты, Экономика және құқық факультетінің үш кафедрасы («Мемлекеттік және әкімшілік құқық», «Қылмыстық құқық және процесс», «Азаматтық құқық және процесс»), оқу аудиториялары, оқу залы, кітапхана абонементі орналасқан.

6.3-корпуста (Сәтпаев, 18) студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы, «Сұңқар» спорт клубы, шахмат клубы, тігін шеберханасы және хореография залы орналасқан.

«Гидрокешенге» сонымен қатар, спорт кешені, студенттік қалашықты салдырған бұрынғы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты ректорының құрметіне аталған М.Ф.Үркімбаев атындағы Жастар Сарайы кіреді.

Гидрокешенге №12, 41, 11, 18, 47 автобустар мен шағын автобустар арқылы баруға болады.

Университетте корпустар мен аудиторияларды ажыратудың мынадай түрі қалыптасқан: кешен нөмірі және (дефис арқылы) аудитория не кабинет нөмірі көрсетіледі. Мысалы, 2.4-206 (аудиторияның бірінші цифры корпус қабатының нөмірін білдіреді).

Университеттің барлық кешендерінде тамақтану орындары бар. Барлық асханалар мен буфеттерде ыстық тамақ ұйымдастырылған, студенттерге төмен бағамен кешенді түскі ас ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет